Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қуыршақ театры

08 наурыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Қуыршақ театры» 3 класс.
Мақсаты: оқушылардың джаз жанры туралы түсініктерін кеңейту және алғашқы қуыршақ театры жөніндегі мәліметтермен таныстыру.
Міндеттері: балардың ой - өрісін байыту бағытында өнер ордалары төңірегінде мағлұматтармен толықтыру. Театр жанрларын білу және ажырату, оқып танысу күнделікті өмірмен байланыстыру ақпарат құралдарын пайдалана білуге машықтандыру.
Оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын ояту.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілі: баяндау, ойын, шығармашылық жұмыс, ән айту, т. б.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылар класқа «Көңілді ырғақ»джаз әуенімен кіреді.
ә) Сәлемдесу.
Психологиялық дайындық:
Армысың, шапағатты күніміз,
Армысың, мейірімді жеріміз!
Жүрегіміз саз әуенмен жырлайды,
Асыл өнер жанашыры біздерміз

- Балалар үнтаспадан тыңдаған әуен таныс па? (Джаз)
- Музыканың сипаты қандай? (жүрдек, көңілді)

Үй тапсырмасы:
Джаз музыкасы туралы не білдік сұрақтар қою.
1. Джаз музыкасы қай елде пайда болды?
2. Джаз музыкасында қандай стилдер бар
3. Джаз оркестрі туралы айтып бер.
4. Қазақстанда ұйымдастырылған джаз тобы қалай аталады?

Негізгі ұғым:
Джаз - музыкалык, үрмелі, ұрмалы және шуылды аспаптарынан құралған оркестрге арналған еуропалық және африкалық музыканың тоғысуынан пайда болған музыка жанры

Жаңа тақырып: «Қуыршақ театры»
Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады.
Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т. б.
11 - ғасырда “Діни жазба” тақырыбына ойын көрсететін қуыршақ театрының ерекше түрі пайда болды. Театр ойынындағы басты бейне Марияның атымен марионетка қуыршағы дүниеге келді.
Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан “Ортеке” ойыны осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған. Тартылған күй ырғағына қарай “Ортеке” ойын көрсеткен
Музыка тыңдау: Бейнекөрініс. «Ортеке»
Әнүйрену: Ортеке.
ӨлеңінжазғанШ. Смаханұлы
Әнін жазған Ә. Еспаев.
Қорыту: күлтешелердегі сұрақтарға жауап беру.
1. Қуыршақ театры дегеніміз не?
2. Қуыршақпен өнер көрсетудің қанда түрлері бар?
3. 11 ғасырда пайда болған қуыршақ қалай аталады?
4. Қазақ жеріндегі қуыршақ театры неден бастау алады?

Қуыршақ театры. жүктеу
3 326
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Балаларды ертегілер әлеміне саяхатқа апарып, театр түрлерін ажыратуға, театрға барғанда қалай отыру, өзін – өзі көпшілік ортада ұстай білуге үйрету. Ертегіні тындай білуге, ертегіні баяндауға дағдыландыру.
Бағдарлама «Сиқырлы театр»
Бағдарлама «Сиқырлы театр»
Театр - бұл сиқырлы өмір, онда бала қуана біледі, ойнайды, ойнай отырып қоршаған ортаны таниды. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуын, ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімдерін жетілдіруін қамтамасыз етеді.
Түлкі мен тырна
Түлкі мен тырна
Қуыршақ театры жəне оған қолданылатын қажетті құралдарды қалай пайдалануын үйрету, сөздегі дыбыстарды анық, дұрыс айтуға, диалогпен сөйлесе білуге дағдыландыру, адамгершілікке, достық қарым - қатынасты бағалай білуге, шығармашылыққа тəрбиелеу.
Театр əлемінде
Театр əлемінде
Балаларға театр туралы түсінік беру, қуыршақ театрының түрлерімен таныстыру; балалардың өз ойын айта білуге үйрету, театрландырылған ойындарға оң көзқарастарын, басқалардың пікірін тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру; - театр өнеріне құрметпен
Филармония - өнер шаңырағы
Филармония - өнер шаңырағы
Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы №19 орта мектеп музыка пәні мұғалімі Қапизова Райхан Ғазизқызы
Еуропаның атақты опера театры «Ла Скала»
Еуропаның атақты опера театры «Ла Скала»
Казталов ауданы, Жанажол ауылы. Музыка жетекші: Капезова Гулдана Нурболатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×