Білімділер поралы

Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған

Алтын күз
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Тәрбиеші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз - ырыс, береке, бірлік ала келді.
Алуа: Армысыздар ұстаздар мен ата - аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Мансұр: Сәлем достар! Қайырлы күн! Бүгінгі мерекемізді....
Барлық бала: Бүгінгі мерекемізді бастаймыз.
Тәрбиеші: Мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)
(ендеше, күз мезгіліне арнаған әнімізді айтайық)
1. «Алтын күз»
2. Би «Күз»
3. Тақпақтар
1. Алия: Алуан түрлі азық бар,
Ет - май, құрт, балықтар.
Көкөністер жемістер,
Дәрумендер жидектер.
А - сы қажет көзіне
В - сы жүйке нығайтар
С - дан микроб безінер

2. Азиза: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

3. Мансұр: Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан
Қаздар қайтып барады
Қайтқан елдей жайлаудан
Соңғы шуақ төгіліп
Жалқынданып тұр аймақ
Ақ сәулеге шомылып
Жапырақтар жүр ойнап.
Сап - сары маңай
Сап - сары тоғай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып

4. Алуа: Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Көз тартады атырап.

5. Жан: Келді міне күз
Айнала сары түс
Керемет тамаша
Қандай әсем күз
Жеміс - жидек пісті
Қамбаға астық түсті
Қызу жұмыс басталып
Жинап алды жан салып
(алтын күзге арнаған әнімізді айтайық)
Ән: «Жау жау жаңбыр»
Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты. Ол кім болды екен?

Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.
1. Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. (Жеміс)
2. Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе жыладық. (Пияз)
3. Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
4. Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар. (Мақта)
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар, егін және күз жайлы мақал - мәтелдер біледі.
1. Екпей егін шықпас,
2. Жердің сәні егін
Үйренбей білім жұқпас.
Ердің сәні білім
3. Егіндікті күз суар.
4. Арпа, бидай ас екен
Күз суарсаң, жүз суар
Алтын күміс тас екен
5. Не ексен соны орасың
6. Жері байдың – елі бай.
Мидина: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
2 - бала: Енді, енді не етеміз?! Мидинаға қалай көмектесеміз?
Әлия: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Мидина: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес! Қазір өзім тұрамын тез!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)

Арман: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Мадинаға дәрігерлік көмек керек!
Арман: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Арман:
- А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Мидина: Енді не істеймін?
Арман: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
Ойын: «Жемістер мен көкеністер»
Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына - өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.

Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 180
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 180
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика