Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыс қызығы

21 мам 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ересек тобындағы ұйымдастырылатын кешенді оқу іс - әрекетінің технологиялық картасының жобасы.
Білім беру саласы. Әлеуметтік орта, қатынас, шығармашылық.
Тобы: Ересектер
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Қыс қызығы
Құзыреттілікке жеткізетін оқу іс - әрекетінің мақсат - міндеттері
Ақпараттық құзыреттілік
Табиғаттағы маусымдық қыс мезгіліндегі өзгерістер (аяз, қар жауу, өзендер мен су қоймаларына мұз қату, қарлы жер, жапырақсыз ағаштар мен бұталар, жануарлардың қыс мезгіліндегі тіршілігі), адамдар мен қоршаған орта жағдайының арасындағы байланысты анықтау мақсатында түрлі ортадағы жануарлардың тіршілігі жөніндегі түсініктерін қалыптастыру үшін жағдай жасау керектігі туралы білімдерін жинақтау, қыс мезгіліне тән ерекшеліктер туралы белгілі ақпараттарды құрылымдау, қыс мезгілін бейнелеуді (сипаттама беру, тақпақтар айту, әңгімелеу, сурет салу), баланың тірі табиғат нысандарына қатысты оларға қызығушылық пен білуге құштарлық негізінде өзін - өзі дұрыс ұстау жайлы түсініктерін алгоритмдеу арқылы меңгерту.

Ұйымдастырылатын оқу іс - әрекет түрі: Кешенді
Пәнаралық байланыс: Экология, тіл дамыту, көркем әдебиет
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде пайдаланатын технологиялар мен әдіс - тәсілдері АКТ, ойын; ой қозғау, түсіндіру, әңгімелесу, өлеңдер оқу, жұмбақ жасыру; слайд көрсету; компьтермен тапсырма орындау.
Алдын - ала жұмыс: Бейнефильм көру, тақпақтар жаттау, суреттер бойынша әңгіме жүргізу.
Пайдаланатын оқыту құралдары: Компьютерлер, проектор. Үлестірмелі жануарлар бейнеленген суреттер, дидактикалық ойынға арналған карточкалар, смайликтер.
Мотивациялық – қозғаушы
- Ой қозғау
Балалар мен сіздерге өлең оқимын, ал сендер қай жыл мезгілі туралы айтылғанын атау керексіз.
Ендеше барлығымыз көзімізді жұмып қысқы орманда жүргенімізді елестетейік.
Көзімізді ашайық, қандай екен қысқы орман. Кім айтады. Дұрыс.
Мына суреттерге қараңызшы орман қалай бейнеленген?

Өте жақсы.

Іздену – ұйымдастырушы
- Балалар мына суретке зейін қойын қарап назар аударыңызшы. Суретте қыс мезгіліне тән қандай ерекшеліктері бейнеленген?

- Қыс айларын кім атап береді.
- Кім қыс туралы тақпақтар біледі.

Балаларға жұмбақ жасырып, жануарлар туралы мәлімет беремін, қысқы тіршілік ету жағдайларын анықтаймын.
Олардың қыс мезгіліндегі тіршілік етуіне не әсер етеді?
- Дыбыстан қашып,
Қаққан безек.
Қорқақ, жасық,
Бұл не...?
Қысқы азығын жинамайды. Ол бұтақтармен қоректенеді. Қоян маусымға байланысты өз түсін өзгертіп отырады.

- Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлдартып,
Қандай аң ол алдайтын?
Түнде құстарға, қояндарға және кірпі аулауға шығады.

- Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді
Үйде жаңғақ кеміріп.
Жоғары өрлеп кетеді.
Қысқа тиын қорегін дайындайды. Ең жақсы жаңғақтарды өзіне жинайды.
- Сұрғылт тартқан түсі бар,
Ақсиған көп тісі бар.
Тыным таппай жүгіріп.
Сілекейі шұбырған
Қыстау маңын ториды,
Ауылдың өш бар иті.
Қасқыр иісті 1, 5 км жерден сезінеді. Түнде қандай да болса жануарларды ұстап алуда белсенділік білдіреді. Аш болғанда 10 кг ет жи алады. Қасқырлар арнайы шабуыл жасауға дайындалмайды, топша болып жабылады.

Тәрбиеші: Ахметова Самал

Қыс қызығы. жүктеу
2 473
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам, табиғат және денсаулық
Адам, табиғат және денсаулық
Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету, қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылығын көрсету.
Күзгі ағаштар
Күзгі ағаштар
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістер жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту, оның құбылыстарын ажырата білуге үйрету.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатымен сауық, мерекелерді өткізу. Табиғат пен адам денсаулығының өзара байланысы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Қыс – ғажайып мезгіл
Қыс – ғажайып мезгіл
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Шежін орта мектеп - балабақшасы мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Айжарикова Гульбану Талаповна
Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер мен жануарлар)
Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер мен жануарлар)
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Мамыкова Гульмира Балтабаевна
Балабақшаға арналған жоспар топтамасы
Балабақшаға арналған жоспар топтамасы
Атырау қаласы, №6 «Гүлдер» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі Жұмағалиева Ақмарал Сәмиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×