Білімділер поралы

Машаға көмек керек балалар

«Машаға көмек керек балалар»
Білімділік: Балалардың бір жылдық білімдерін қорытындылай отырып бекіту, есте сақтау қабілеттерін, ой – өрістерін жетілдіру. Тіл байлықтарын, сөйлеу мәнерін шыңдау.
Дамытушылық: Бала санасына табиғат аясында өзін – өзі ұстаудың қарапайым жолдарын түсіндіре отырып, осы дағдыларды жүйелі түрде қолдану әрекеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тәрбиешіні зейін қойып тыңдап, оған сауатты түрде жауап беруге, сондай – ақ табиғат әлеміне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Алдын – ала жұмыс: Орыс халқының «Маша мен аю» ертегісін көрсетіліп, түсіндірілді.
Көрнекілігі: Ертегі желісімен дайындалған көрнекіліктер, сюжетті суреттер, дидактикалық ойындар, бағдаршам, ертегі кейіпкерлер.
Сабақ барысы:
- Келген қонақтармен сәлемдесу.
- Шаттық шеңбер.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Ендеше, балалар көктем қандай кәне, өз ойымызды ортаға салып көрейікші?
- Көктем шуақты, жылы, нұрлы, күміс жаңбырлы, әдемі, арайлы.
- Олай болса осы жылы лебіздерімізді қонақтарға сыйлайықшы/сыйқырлы дыбыс бойынша балалар алақанға жиған лебіздерін қонақтарға үрлеу арқылы сыйлайды.
Отыру. Ертегінің үзіндісін көрсету. Сұрақтар қою.
Сол мезетте қоңырау шылдырлап, орманнан Маша өзінің аюдың үйінде қамалып қалғаның және балалардан өзін құтқаруды өтінетінің хабарлайды.
- Балалар Машаны құтқаруға барамыз ба, оны құтқару керек пе қалай ойлайсыңдар? – Ия.
- Әрине, қиын кезде достарға қол ұшын беру керек.
- Олай болса жолға аттанайық, орман жақын ба, алыс па?
- Алыс.
- Алыс жерге немен баруға болады?
- Көлікпен. / Балалар көлік түрлерін айтып шығады /.
- Ендеше біз көппіз ғой, автобуспен барайық.
Зуылдаймыз, зулаймыз
Сапар шегіп алысқа
Достарды біз қолдаймыз
Қиын шақта қорғаймыз. / Әнмен айту /
Сол мезетте жол полициясының ысқырығы естіліп, алдан бағдаршам көрінеді.
- Балалар бағдаршамның қай көзі жанып тұр?
- Қызыл.
- Не істейміз?
- Тоқтаймыз.
- Ал сары жанса не істейміз?
- Дайындаламыз.
- Ал, жасыл жанса ше?
- Жүреміз.
- Олай болса жасыл көзі жанғанша бағдаршам туралы тақпақ есімізге түсірейікші. / Бірнеше бала бағдаршам туралы тақпақтар айтып береді./
- Міне жасыл көзі де жанды. Жолға әрі қарай аттанайық.
Балалардың алдынан әдемі безендірілген орман шығады.
- Міне орманға да келдік. Аюдың үйін қалай тапсақ екен. / Шөптердің арасынан кірпі көрінеді.
- Кірпі сен бізге аюдың үйін көрсетіп жібермейсің бе?
Кірпі: - Балалар маған мына тапсырманы орындап берсеңдер, мен жолды көрсетіп жіберемін. Мына көкөністер мен жемістерді ажыратып берсеңдер мен аюдың үйін көрсетемін.
Д/О «Көкөністер мен жемістерді ажырат»
Мақсаты: Балалардың заттарды сапасына қарай ажырата білу біліктіліктерін бекіту.
Сергіту сәті:
Аяқпенен топ – топ – топ
Ақылменен хлоп – хлоп – хлоп
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел, мұнда / Әнмен орындалады /
Келесі кезекте алдан түлкі кездеседі. Ол жолды айтып жіберу үшін, балалардан өзінің тапсырмасын орындап беруін сұрайды.
Д/ О «Не артық «Сурет бойынша.
Әрі қарай жолда аюдың үйі көрінеді де, аю шығады. Ол да Машаны босату үшін өзі туралы қандай ертегілер, тақпақтар білетінің балалардан айтып беруін өтінеді. Сонда Машаны босатамын – деп уәде береді.
Балалар ертегілерді атай отырып оның ішінде «Үш аю» ертегісіндегі кейіпкерлерді, ыдыстарды, жиһаздарды тауып, жалпы тілмен қалай атайтының айтып беруді сұрайды. Аю уәдесінде тұрып, Машаны босатады.
- Маша: Балалар, сендерге көп – көп рахмет. / Сыйлықтарын таратады. /
Балалар автобусқа мініп топтарына қайтады. Тәрбиеші балалардан қайда және онда кімді құтқару үшін барғандарын сұрап. Келген қонақтармен қоштаса отырып қорытындылау.

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы,
Қарсақбай кенті, «Балдәурен» балабақшасы КМҚК
тәрбиеші Қаражигитова Раушан Аманкуловна
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 169
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 168
Роботтар: 3
Бірлік
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика