Білімділер поралы

Емхана

Мазмұнды кейіпкерлі ойын: Емхана
Мақсаты: Балалардың дәрігер еңбегіне бақылау жасау арқылы олардың іс - әрекетін рөлдерге бөліп ойнауға үйрету. Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін сезіне білуге дағдыландыру, ойын арқылы баланың білім деңгейін жандандыра отырып, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Жауапкершілікке, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, жеке жұмыс, қорытындылау.
Көрнекілік: Әрбір дәрігерге арналған арнайы бөлме, дәрі-дәрмектер, ақ халат, бас киімдер, дәрігерге қажетті құрал жабдықтар.
Алдын ала жұмыс: Балабақша дәрігері Анар апайдың еңбегімен таныстыру.
Қажетті құралдар: дәрі – дәрмектер, кітапшалар, халаттар, бас киімдер, құрал - жабдықтар.
Балалар келген қонақтармен амандасайық.
Балалар амандасады.
Тәрбиеші:- Балалар есімізге түсірейікші қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
Балалар: - Дәрігер, асхана, құрылысшы, дүкенші, шаштараз
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, жақында біз қандай мамандық иесімен таныстық?
Балалар: - Дәрігер.
Тәрбиеші: - Балаларымыздың дәрігері Дана апайымыздың еңбегімен таныстық.
- Бәрекелді, дәрігер апай бізге не туралы айтты?
Балалар: - Дәрігер құралдарымен таныстырды.
- Таза ауамен жүру керектігін ескертті.
- Дәрумені мол тамақтарды көп жеуіміз керек.
- Спортпен шұғылдану керек.
- Ауырып қалсақ дәрігерге көрінуіміз керек.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, біз дені сау жақсы азамат болып өсуіміз үшін әрдайым үлкендердің айтқанын тыңдап жүру, дәруменді тағамдар жеу, спортпен шұғылдану керек екенін түсіндік, таза жүріп, тамаққа отыратын кезде қолымызды жууымыз керек.
- Дәрігер болып ойнағыларың келеді ме?
- Дәрігер мамандығы ұнайды ма сендерге?
- Балалар ендеше бүгін өздерің көріп тұрғандай мен тобымызды «Емхана»рөліне сәйкес дайындадым. « Бала дәрігері», « Қабылдау бөлмесі», «Егу бөлмесі», «Дәріхана», «Жанұя». Ойынымызды бастамас бұрын мен сендермен санамақ арқылы дәрігерлерді таңдап аламын.
Әрбір дәрігердің өзіне жүктелген міндеті бар.
Қабылдау бөлмесіндегі дәрігер - келген науқасты жылы қабылдап, карточкасын тауып беріп, келген дәрігердің бөлмесін көрсетіп, еміне шипа болуына тілектес білдіреді.
Терапевт дәрігері - келген науқасты жақсы қарсы алып, қай жері ауырғанын сұрап, науқасқа көмек көрсетуі керек.

Бала дәрігері – кішкентай балаға көмек көрсетіп, ішетін дәрісін, алатын емін тағайындау.
Егу бөлмесі – дәрігер тағайындаған еміне сәйкес әкелген дәріні егіп, ем болуына тілек білдіру.
Дәріхана бөлімі - халыққа қызмет етіп дәрілер босатады.
Балалар өз рөлдеріңді түсіндіңдер ме?
Ендеше орындарыңа жайғаса қойыңдар.
(әр балаға өз орнын көрсетеді)
1 - ші үлкен кісі кіреді.
(Мұхаммед) Қабылдау бөлмесі: Сәлеметсіз бе, Қош келдіңіз!
(Қадір)- Көп жаса балам.
(Мұхаммед)- Қай жеріңіз ауырып келдіңіз ата?
(Қадір)- Басым ауырады.
(Мұхаммед)- Қазір карточкаңызды тауып берейін, аты жөніңізді айтыңыз. Көшеңіздің нөмірі, үй телефонын айтыңыз жазып қояйын.
- Міне, карточкаңыз қазір тіркеп алайын. Сіз терапевт дәрігеріне барасыз. Есік сыртында бір саны белгіленген бөлмеде терапевт дәрігері отырады, бара беруіңізге болады. Сау болыңыз!
(Нұрсәт) Терапевт: Сәлеметсіз бе?
(Қадір) - Өркенің өссін балам.
(Нұрсәт)- Қай жеріңіз аурып мазалайды?
(Қадір)- Дәрігер балам 2 - 3 күн болды басым ауыра береді.
(Нұрсәт)- Қане, қан қысымыңызды өлшейін. Ата сіздің қан қысымыңыз көтеріліп тұр екен, қазір егу бөлмесіне жіберейін, сол жерде сіздің қан қысымыңызды түсіретін дәрі егеді, сосын басыңыз ауырғаны қояды. Ата сізге анализге қағаз жазып беремін, сізге әрі қарай ем тағайындаймын. Дәріханадан мына дәріні ала барыңыз жарайды ма ата?! Уайымдамаңыз бәрі жақсы болады.
(Сабина) Дәріхана:
(Сабина)- Сәлеметсіз бе ата! Қандай көмегім қажет?
(Қадір - Амансың ба қызым! Мына дәрілерді жазып беріп еді.
(Сабина)- Иә ата мына дәрілер бар, қазір берейін. 2000 теңге болады.
(Қадір - Рахмет қызым.
(Сабина)- Ем болсын ата!

Атырау қаласы, Бірлік ауылы,
№33 «Көркемай» балабақшасының
дене тәрбиесінің нұсқаушысы
Амантаева Лунара Утегеновна
Емхана жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 156
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 154
Роботтар: 3
sholpan Бірлік
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика