Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төрт түлік мал

03 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: 1. Балалардың төрт түлік мал туралы түсініктерін кеңейту.
Олардың төлдерін ажырата білуге үйрету.
Малдың пайдасы жайлы айтып үйрету.
Тәрбиелік: Үй жануарларына деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын дамыту.
Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Көрнекіліктер: Жайлау макеті, қоржын, жануарлар муляждары, слайдтан төрт түлік мал.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ.
Әдіс - тәсілдері: Жұмбақ шешу, ойын ойнау, өлең оқу, әңгімелету, дидактикалық ойын.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Психо жаттығу.
1 - бала: Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Бәрі: Сәлеметсіздер ме.
Шаттық шеңбері: Қайырлы таң, көк аспан!
Қайырлы таң, жер ана!

Тәрбиеші: Айтыңдаршы балалар, жайлауға жұрт қай уақытта шығады?
Балалар: Көктемде шығады.
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жайлауға саяхатқа шығуды ұсынамын. Бұрында ата - бабамыз жайлауға атпен, арбамен шығатын. Бүгін біз де атпен
жайлауға шығамыз.
(Қабырғада сүйеулі тұрған аттарға қарап:)
- Міне, біздің арғымақтарымыз да әзір тұр. Аттарыңа мініңдер.
(Балалар бір - бір ойыншық аттарды алып, мініп, бірінің артынан бірі тұрып, дайындала бастайды)
«Адай»күйі орындалып тұрады, балалар жайлауға келеді.
Тәрбиеші: - Ал, біз жайлауға да келіп жеттік. Бәріміз көзімізді жұмып таза ауамен дем алайықшы.
- Біз саяхатқа қайда келдік?

Балалар: Жайлауға келдік.
(Алдарынан Шопан ата шығады)
Тәрбиеші: Дұрыс, жайлауға келдік. Шопан ата да осында екен ғой, сәлеметсіз бе?
Шопан ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біздің жайлауға келгендеріңе қуаныштымын.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші: Балалар Шопан ата қойдың иесі.
Шопан ата: Балалар төрт түлік малға не жататынын білесіңдер ме?
Балалар: Түйе, жылқы, сиыр, қой жатады.
Шопан ата: Дұрыс айтасыңдар. Ал енді осы жануарларға байланысты жұмбақ шешіп көріңдерші
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.(Қой)
Тәрбиеші: Ал осы жерден қойды кім тауып көрсетеді?
(Жұмбақ шешкен кезде балалар жануарлардың макетін көрсетеді)
Шопан ата: 2. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.(Түйе)
3. Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Бірақ тағы сақалы бар.(Ешкі)
4. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.(Сиыр)
5. Екеу елеңдеп келеді,
Төртеу төбелесіп келеді.(Жылқы)
Тәрбиеші: Бұл төрт түлік малдың адамға пайдасы бар ма?
Балалар: Бар.
Тәрбиеші: Қандай пайдасы бар, бізге не береді?
Балалар: Сүт, ет. жүн береді.
Тәрбиеші: Түйенің сүтінен не жасайды?
Балалар: Шұбат.
Тәрбиеші: Ал, жылқының сүтінен не жасайды?
Балалар: Қымыз.
Тәрбиеші: Сиыр, қой, ешкінің сүтінен не жасайды?
Балалар: Май, құрт, айран, ірімшік жасайды.
Тәрбиеші: Қойдың, ешкінің, түйенің жүнінен не жасайды?
Балалар: Жіп, киім тоқиды, көрпе жасайды.
Шопан ата: Апай мына балаларыңызға риза болып тұрмын, төрт түлік туралы көп біледі екен.
Дидактикалық ойын: «Кім қалай дыбыстайды?»
Тәрбиеші: Мен қазір қандай жануарды көрсетсем, сол жануардың қалай дыбыстайтынын айтасыңдар.

Сиыр - Мө - мө
Қой - Мә - мә
Түйе - Бө - бө
Жылқы - Е - е - е
Ешкі - Мәә - мәә
Тәрбиеші: Өте жақсы, дұрыс айттыңдар. енді мені тыңдаңдар, малдың дыбыстағанын былай деп айтады.
Жылқы - кісінейді.
Сиыр - мөңірейді
Қой, ешкі - маңырайды
Түйе - боздайды.
- Бәріміз осы сөздерді қайталап ұғып жаттап алайық.(Балалар қайталайды)
Сергіту сәті: «Қимылмен көрсет»
Балалар дөңгеленіп тұрады.
Тәрбиеші: Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Томпиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
(Балалар Шопан атамен қоштасып, атқа мініп топқа келеді.)
Тәрбиеші: Балалар осы төрт түлік мал туралы мақал білесіңдер ме?
1. Жылқы малдың - патшасы,
Түйе малдың - қасқасы.
2. Мал өсірсең, қой өсір,
Өнімі оның көл - көсір.
3. Түйе малдың үлкені,
Жылқы малдың үркегі.
4. Малды баға біл,
Бабын таба біл.
Дидактикалық ойын: «Төлін тап»
Ережесі: Тәрбиеші екі макеттің немесе суреттің бір сыңарын көрсетеді, ал сыңарын шақырған бала тауып, қатарына қояды.
Түйенің төлі - бота
Жылқының төлі - құлын
Сиырдың төлі - бұзау
Қойдың төлі - қозы
Ешкінің төлі - лақ.

Қорытынды сұрақтар қойылады.
Тәрбиеші: Төрт түлік малға не жатады екен?
Балалар: Қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе жатады.
Тәрбиеші: Қандай жаңа сөздермен таныстық?
Балалар: Жылқы кісінейді, сиыр мөңірейді, түйе боздайды, қой маңырайды.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Бүгін бәріңде сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сендерге
Шопан ата да риза болды.
54 283
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балалардың төрт түлік мал туралы, олардың төлдерін ажырата білуге және пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.
Үй жануарлары мен төлдері
Үй жануарлары мен төлдері
Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға, айқынды зейін қойып тыңдауға үйрету Төрт түлік малдың пайдасын айта отырып, оларды қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Жайлау
Жайлау
Балаларға үй жануарлары туралы мағлұмат беру, түсініктерін кеңейту, олардың адамдарға тигізетін пайдасын түсіндіру. Балалардың үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуін дамыту, өлең жолдары арқылы тілін дамыту.
Төлін тап
Төлін тап
Жайлау қандай тамаша, Көзді тартар қараса. Қызыл, жасыл төңірек, Бейне жайған алаша.
Жайлауда
Жайлауда
Атырау облысы, Сағыз селосы, №9 орта мектеп МАД сынып жетекшісі Әлиева Айгерім
Егемендік ел - мұраты
Егемендік ел - мұраты
Ақтөбе қаласы, №30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымы Тәрбиеші Досанова А. Қ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×