Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жайлау

16 қыркүйек 2016, Жұма
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№33 «Көркемай» балабақшасы
Екінші кіші топ тәрбиешісі
Шаханова Салтанат Айтқалиқызы

Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әркеті: «Қоршаған орта»
Тақырыбы: «Жайлау»
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға үй жануарлары туралы мағлұмат беру, түсініктерін кеңейту, олардың адамдарға тигізетін пайдасын түсіндіру.
Дамытушылығы: Балалардың үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуін дамыту, өлең жолдары арқылы тілін дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларға жануарларды жақсы көруге, оларды баптау күтуге, қамқорлауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекіліктері: АКТ, үй жануарларының суреттері.
Әдіс - тәсілдері: АКТ арқылы жайлауды көрсету, түсіндіру. Жайлау өлеңін оқу, мазмұнын түсіндіру.
Жаңа сөздер: Жайлау, төрт түлік.
Сабақтың жүру барысы:
Балалар біздерде бүгін ерекше күн! Біздерге бүгін көптеген апайлар қонаққа келіп отыр, ендеше бәріміз шаттық шеңберге тұрайық.
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Алдымызда отырған
Көп апайды көреміз,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Тәрбиеші: - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы?
Күн жылынады, мұз еріп сай салаға ағады, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады, жер көгеріп, малдар жайылымға шығады.

Жұмбақ шешу
Кіп-кішкене бойы ба
Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар. (түйе)

Мүйізі айдай иілген
Мұрнын көкке шүйірген
(сиыр)
Қамыс құлақ
Тостаған тұяқ
Мінсең қанат,
Еті тамақ. (жылқы)

Тәрбиеші: - Балалар бір сәт мына бейне жазбаға назар аударайық. (жайлау көрінісі)
- Балалар мына бейне жазбадан не көріп отырсыңдар?
Жайлаудың көрінісін.

Тәрбиеші: Балалар бүгін күн қандай тамаша. Сендер ата мен әженің ауылына қонаққа барғыларың келе ме?
Балалар: Иа.
Тәрбиеші: Балалар жайлауға адамдар машинамен, ертеректе ауылдық жерде ат арбамен барған. Біздің баратын жайлауымыз жақын. Олай болса біз жайлауға таза ауамен серуендеп барайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме, ата - әже!
Ата - әже: Сәлеметсіңдер ме, ботақандарым менің!
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, ата - әже. Бүгін біз сіздердің жағдайларыңызды біліп, көңілдеріңізді көтеріп, жайлау, төрт түлік және олардың төлдері туралы білейік деп келдік.
Әже: - Өте жақсы, ботақандарым. Мына біз отырған жеріміз жайлау деп аталады. Жайлауда көктемнен күзге дейін мал бағып отырамыз, жайлаудың шөбі мол, суы көп болады. Малдың пайдасы көп етін жейміз, сүтін, қымызын, шұбатын ішеміз, малдың жүнінен киім тоқиды.
Тәрбиеші: Балалар атай мен әжейдің жайлауында қандай төрт түлікті көріп тұрсыңдар?
Балалар: Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе.
Тәрбиеші: Осы төрт түліктің төлдері қалай аталады?
Балалар: Бұзау, қозы, лақ, құлын, бота.
Тәрбиеші: Ендеше, балалар атай мен әжейге төрт түлік мал туралы тақпақтарымызды айтып берейік.

Шөре шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секеңдемей деміңді ал
Селпеңдемей құлағың (Мөлдір)

Мө, мө деген әні бар
Үй маңынан табылар
Ойнақтаған бұзауым
Ойқастаған жануар (Бекасыл)

Кіп кішкентай ботақан,
Өзі сондай момақан
Ақ тайлақ деп атайды,
Еркелетіп оны атам. (Айша).

Әй, әй қозым әй қозым,
Ұйқың келсе жат қозым,
Оятамын ақырын,
Ұйқың қанған шақта өзім. (Айбек).

Қошақаным ермегім,
Шақырғанда келмедің,
Енесіне жабысқан
Ерке қозы сенбе едің? (Балауса).

Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың
Бұлтыйып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың? (Нұрислам).
Тәрбиеші: рахмет балалар, енді біздің топқа да қайтатын уақытымызда болып қалыпты.
Балалар жаңа келген қысқа жолмен топқа барады.
Тәрбиеші: - балалар жаңа біздер қайда бардық?
- жайлауға.
Ендеше бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетіміз жайлау туралы болмақ.
Бүгінгі оқу іс - әрекетімізде Нұрхан Жанаевтың «Жайлауда» өлеңімен танысамыз.
Жаздың күні жайлауда
Күнге күйіп шынығып,
Қандай жақсы ойнауға,
Жүресін сен жайраңдап,
Жүйрік желмен жарысып,
Кең даланы сайраңдап,
Қозы, лақпен табысып
Жайлау, жайлау, жасыл бақ,
Көл бойында тынығып,
Мәз боламыз асыр сап.
Тәрбиеші:
- Балалар, өлең шумағында не туралы
айтылған?
- Жайлау туралы.
- Сендер жайлауды қалай түсінесіңдер?
- Жайлауда малдар жайылады.
-
Сергіту сәті:
Ауа қандай тамаша,
Серуенге шықтым таласа,
Жүгіріп ойнап секіріп,
Қозы лақтай шапқылап
Құлын тайдай тебісіп
Серігіп қалдым келісіп.

Қимылды ойын: Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырат.
Мақсаты: Жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажырата білу.
Шарты: Үй жануарларының суретін ұстаған балалар үй жануарларының мекеніне, ал жабайы жануарлардың суретін ұстаған балалар өз мекеніне орналасу.
Қортынды:
Біз бүгін кайда бардық нелерді, кімдерді көрдік?
Балалар: жайлауға.
Тәрбиеші: Жайлаудан кімдерді және нелерді көрдіңдер?
Балалар: ата мен әжені, үй жануарларын көрдік.

Қандай өлең жолдарымен таныстық?
Тәрбиеші: Олай болса бәріміз «Қошақан» әнін орындайық.
Тәрбиеші: Барлығыңыз бүгінгі оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Ата - мен әжеміздің берген сыйлығын топқа барған соң таратып беремін.
5 483
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары мен төлдері
Үй жануарлары мен төлдері
Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға, айқынды зейін қойып тыңдауға үйрету Төрт түлік малдың пайдасын айта отырып, оларды қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Төлін тап
Төлін тап
Жайлау қандай тамаша, Көзді тартар қараса. Қызыл, жасыл төңірек, Бейне жайған алаша.
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Бастауыш сынып мұғалімі: Изатова Замира Өміржанқызы
Жайлауда
Жайлауда
Мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Тілін дамыту
Жайлауда
Жайлауда
Атырау облысы, Сағыз селосы, №9 орта мектеп МАД сынып жетекшісі Әлиева Айгерім
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×