Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқырларға тапсырма

20 тамыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың тақырыбы: «Тапқырларға тапсырма» (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Балаларға көрсетілген заттарды сан, көлем кеңістікті уақытты бағдарлау геометриялық пішінді бір - бірінен ажыратуға, сөзбен айтуға дағдыландыру.
ә) Тәрбиелігі: Балаларды ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Балалардың ой-өрісін бейімділігін дамыту. Тапсырманы тиянақты орындауға дағдыландыру.
б) Дамытушылығы: Логикалық ойлау дағдысын дамыту. Сөйлеу қабілетін мәдениетін дамыту.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс, ой қозғау
Сабақтың көрнекілігі: Сабақта ойындарға арналған түрлі түсті суреттер, шарлар, 5-ке дейін санау, әртүрлі пішіндер, логикалық тапсырмалар, дидактикалық ойындар.

Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Балалар біз қол ұстаса дөңгеленіп, шеңбер құрып тұрайық. Енді бір – бірімізге алақан арқылы жылылық танытып жылы лебіз білдірейік.
- Армысыз, қайырымды, Аспан ата
- Армысыз мейірімді, Жер - ана
- Армысыз, шұғылалы Алтын - күн
- Қуан, шаттан алақай
- Қуанатын келді күн.
- Тату болайық, дос болайық
- Амансыз ба? Есенсіз бе? Сәлеметсіздер ме?
- Рахмет балалар, бүгінгі есеп сабағы басқа сабақтан ерекше болмақ.
- Балалар мен сіздерге жұмбақ - тақпақ айтайын.
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып.
Гүл бәйшешек басады.
Мал маңырап,
Төл жамырап.
Жайлау малға толады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Көктем)

- Ия, қазір жылдың көктем мезгілі.
- Бүгін аптаның қай күні?
- Сейсенбі күні.
- Ия дұрыс, балалар
- Кеше аптаның қай күні?
- Дүйсенбі күні.
- Ертең аптаның қай күні?
- Сәрсенбі күні.
Музыка ойналады
Тәрбиеші: Балалар, міне керемет. Сендер не байқап тұрсыңдар. Мынау не?
Қызыл, сары, көк түсті
Шарларымыз көп тіпті.
Қане, қайсысын таңдайсың.
Түсін біліп алғайсың
- Балалар шарлардың түсі қандай?
- Қызыл, сары, жасыл, көк, ақ
- Жарайсыңдар, байқадыңдар ма бұл шарлар сиқырлы шарлар. Балалар шарлар қай
жерде тұр?
- Жоғарыда
- Біз оны қалай алсақ болады екен?
- Білмейміз
- Балалар, маған бір ой келіп тұр. Мүмкін сиқырлы шарларға бір тақпақ айтып көрсек
қайтеді.
Бір дегенім бесік, шықтық одан өсіп.
Екі дегенім елім, далам туым көгім.
Үш дегенім үміт, Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім төзім, төзе білем өзім.
Бес дегенім бақыт, Бағалайтын уақыт.
Музыка әуенімен шарлар төмен түседі.
- Бізге сиқырлы шарларымызбен бірге ғажайып тапсырмалар келген екен. Қане ішін ашып көрейік. Не бар екен?
- Ой балалар, тапсырмалар геометриялық пішіндер арқылы келіпті.
- Мынау қандай пішін білесіңдер ме?
- Үшбұрыш
- Үшбұрыштың тапсырмасы

Ойын «Адасқан сандар»
Мақсаты: 5 - ке дейін санау, санның емлесін тану, зейінін дамыту. Шапшаңдыққа тәрбиелеу, 1 – 5-ке дейін адасқан сандарды рет - ретімен қойып шығу.
- Жарайсыңдар, рахмет.
- Қане, ғажайып тапсырманың келесі тапсырмасы қандай екен?
- Дөңгелек
- Мұнда да қызықты тапсырма бар екен?

«Кім тез ойлап табады екен?»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді айыра білуге үйрету
а) Тақтада суреттер ілінген. Суреттердің ішінен дөңгелек және үшбұрыш пішінді заттарды іріктеп көрсетуі қажет.
б) суретте сопақша және квадрат пішінді заттарды іріктеп көрсетуі қажет.
- Жарайсыңдар, рахмет.
- Қане ғажайып тапсырманың келесі тапсырмасы қандай екен?
- ал балалар мынау қандай пішін?
- Төртбұрыш
- Төртбұрыштың тапсырмасы бәрінен де қиындау көрінеді. Барлығымыз мұқият зер салайық.

«Кім тапқыр»
Мақсаты: а) Балалардың сенсорлық эталондарын дамыту, заттың көлемін, пішінін айыра білуге үйрету. тақтада сәбіздер суреті берілген, сәбіздердің қайсысы ұзынын, қайсысы қысқасы екенін айтып беру.
ә) алмұрттың жалпағы мен жіңішкесін ажыратып айтып беру
б) Доптың үлкені мен кішісін ажыратып айтып беру
- Жарайсыңдар, балалар рахмет.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Бойды сілкіп алайық.
Оң қолымды жаныма
Сол қолымды жаныма
Қос қанатты жаямыз,
Құсша қанат қағамыз
Оң аяқты алдыма.
Сол аяқты артына
Қос қанатты жаямыз
Ұшақ болып ұшамыз
Өз орнымызды табамыз.
- Қане балалар ғажайып тапсырманың келесі тапсырмасы қандай екен? Ой балалар мына пішін бізге таныспа?
- Сопақша
- Мұнда да қызықты тапсырма бар екен.

«Кім қанша заттарды біледі»
Мақсаты: Көзбен көріп есте сақтау қабілетін дамыту, заттардың түр - түсін айыра білуге үйрету. Тақтаға әртүрлі заттардың суреттері берілген

1. Нұрға толы бар аймақ
Күн шығады арайлап
Ұйқымыздан тұрамыз
Беті - қолды жуамыз.
Ата - анаға ереміз.
Мектепке біз келеміз,
Айта қойшы бүлдіршін
Бұл қай мезгіл? (таңертең)

2. Тамақтанып аламыз
Біз тәртіпті баламыз
Ойнаймыз ән - саламыз
Серуенге шығамыз
Қыдырамыз далада
Айта қойшы бүлдіршін
Бұл қай мезгіл? (түс)

3. Үйлерде шам жанады
Маңай тастай қараңғы
Дем алады бар әлем
Айта қойшы бүлдіршін
Бұл қай мезгіл? (түн)

4. Көлеңкелер ұзарып
күн батады қызарып (кешкілік)

Логикалық ойлау
Мақсаты: Балалардың ойлау қаблетін дамыту.
1. Аспанда неше күн бар?
2. Жапалақтың неше көзі бар?
3. Бүркіттің неше қанаты бар?
4. Қолда неше саусақ бар?
5. Қойда неше аяқ бар?

Қорытынды:
Тәрбиеші: - Балалар бізге сиқырлы шарлар қызықты тапсырмаларды үйретті.
а) бірінші - сиқырлы тапсырмалардан үшбұрыш пішінінен «Адасқан сандарды» рет - ретімен қойдық, санадық.
ә) Екінші сиқырлы тапсырмадан дөңгелек пішінінен «Кім тез ойлап табады?» геометриялық пішінді болып келген заттарды айыра білдік.
б) Үшінші сиқырлы тапсырмадан төртбұрыш пішінінен «Кім тапқыр» ұзын - қысқа, үлкен - кіші, жалпақ - жіңішкені айыра білдік.
в) Төртінші сиқырлы тапсырмадан сопақша пішінінен «Кім қанша заттарды біледі» көзбен көріп, есте сақтау, заттарды айыра білдік.
- Дұрыс, балалар сендер бүгін өздеріңнің тапқырлықтарыңды қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер.

Тату өскен баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бір шаңырақ астында,
Бірге білім аламыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
30 786
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты математика
Қызықты математика
Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту.
Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Атырау қаласы, Жалпы білім беретін №6 ора мектеп шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Айжан Базарбайқызы
Ертөстік бізде қонақта
Ертөстік бізде қонақта
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жеткергенова Құралай Жұмабекқызы
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Біз бесеуміз, бесеуміз
Біз бесеуміз, бесеуміз
Математиканың мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу бағдарламасында белгіленіп берілген бес тармағын негізге ала отырып, пәндердің байланысқан көмегі арқылы (құрастыру, тіл дамыту, дидактикалық ойындар) логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Ертөстік бізде қонақта (математикадан қорытынды сабақ)
Ертөстік бізде қонақта (математикадан қорытынды сабақ)
Сан және санау, геометриялық пішіндер, көлем, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×