Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жасыл шырша қасында

30 желтоқсан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Айнала тып - тыныш. Безендірілген әдемі шырша. Шырша түбінде аю ұйықтап жатады. Залға Аққала әндетіп кіреді.

Аққала:
Қар жауғанда топ бала,
Соқты келіп аққала.
Мұрным – сәбіз, үп - үшкір.
Көзім – көмір, қап - қара.
Көне шелек басымда,
Сыпырғышым қолымда.
Мен осындай аққала.
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Қандай әдемісіңдер? Қандай сүйкімдісіңдер? Балалар, жаңа жыл мерекесіне дайынсыңдар ма? Ендеше барлығымыз орнымыздан тұрып, шеңбер құрып «Ақшақар» әнін айтайық!
Ән «Ақшақар»

- Шыршамыз қандай әсем? (аққала шыршаны айналып жүріп, шалынып қалады) Ал, мынау жатқан не? (жатқан аюды таяқпен түртеді).
Аю: - Бұл кім менің мазамды алған? Мені неге ояттыңдар? Қыста күн суытқанда мен ұйықтағанды жақсы көрем. Сендер неге жиналып алғансыңдар? Неге әдемі киініп алғансыңдар? Бүгін қандай мейрам?

Аққала:
Даламызға, қаламызға,
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға, балаңызға,
Жалынды сәлем береді.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір - бәрі әзір.
Кел, аюжан, біздерге,
Мерекені тойлатып,
Би билейік, ән салып.

Аю:
Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алайын.
Ұйқымды ашып сергідім,
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық,
Би билеп, ән салайық.
Аққала: - Балалар, ендеше аюға «Қонжық» әнін айтып берейік.
Ән «Қонжық»
Ортаға Қызыл телпек жүгіріп кіреді.
Қызыл телпек: - Көмектесіңдерші? Құтқарыңдаршы?
Аққала: - Қызыл телпек, саған не болды?
Қызыл телпек: - Мен сендерді жаңа жыл мерекесімен құттықтауға келе жатыр едім, қасқыр жолығып, содан қашып келемін. Көмектесесіңдер ме, маған?
Аққала: - Балалар, Қызыл телпекке көмектесеміз бе?
(залға алқынып қасқыр кіреді)
Аққала: - Ау, сәлеметсің бе, серім, қайдан жүрсің, алқынып? Жаңа жылын құтты болсын!
Қасқыр: - Құтты болса, құтты болсын, әйтеуір етті болсын.
Аққала: - Қасеке, бірдемеден айырылғандай көзіңіз алақ - жұлақ етеді ғой?
Қасқыр: - Әлгінде ғана Қызыл телпектен айырылып қалдым.
Аю: - Қызыл телпек сенен қорыққан ғой.
Аққала: - Қасеке, бүгін мейрам, бүгін той.
Қулық - сұмдықты қой.
Оданда мерекені бізбен бірге тойла.
Қасқыр: - Онда менің көңіл - күйімді көтеріңдер.
Аққала: - Балалар, біз Қызыл телпекке көмектесіп би билеп берейік.
Би «Қуанамыз біз қалай?»
Қасқыр: - Балалар, не деген әсем әуен, көңілді би, тіпті менде билеп кетіппін. Бірақ, мен сендермен ойнағым келеді. Жеңсеңдер Қызыл телпекті босатамын, жеңілсеңдер, орманға алып кетемін.
Аққала: - Балалар, қасқырмен бірге ойнаймыз ба?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 707
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл
Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға көңілді әуенмен тәрбиеші кіреді.
Кел, кел Жаңа жыл!
Кел, кел Жаңа жыл!
Жаңа жыл, жаңа жыл жаңа жылда жаңа жыр. Жасыл шырша жанында, Жадырап бар бала жүр.
Жаңа жыл!
Жаңа жыл!
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай әсем безендірілген. Әдемі киінген балалар әуенмен залға кіріп, шыршаны айнала тұрады. Арамыздағы құрметті қонақтар, ата – аналар, балалар сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Жаңа жыл, жаңа жыр Жаңа жылда жаңа жыр Жасыл шырша жанында Жадырап барлық бала жүр.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жүргізуші - сайқымазақ, аққала, Ақшақар, Аяз Ата, Қаршақыз, Жалмауыз кемпір, көжектер.
Қош, келдің жаңа жыл!
Қош, келдің жаңа жыл!
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, МКҚК №18 балабақша тәрбиешісі Рустемханова Айгерим Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×