Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пайдалы қазбалар және олардың түрлері

21 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар және олардың түрлері
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылар пайдалы қазбалар түрлерін топқа бөле отырып, олар туралы білім - түсініктерін кеңейтеді;
2. Пайдалы қазбаларды қолдану аясына негіздеме дайындайды:
3. Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс,
сұрақ – жауап, ойын, кесте толтыру, зерттеу.
Сабақтың көрнекілігі: Пайдалы қазбалардың түрлері, кесте, слайд, тест, сөзжұмбақ
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, сурет.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру
- Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
- Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Тау жыныстары. Тығыз және бос тау жыныстары.
Әр топқа арналған тапсырмалар:
І топ: тест жұмысы
1. Ненің түйіршіктері сусып, бір – бірімен байланыспайды?
А) саздың
Ә) құмның (+)
2. Таза құмнан не дайындайды?
А) әйнек (+)
Ә) цемент
3. Өте майда тау жынысын тап:
А) гранит
Ә) саз (+)
4. Құмнан не түзіледі?
А) әктас
Ә) құмтас (+)

ІІ топ: Сөзжұмбақ
1. Құм түйіршіктерінің бірігіп қатуынан пайда болған тау жынысы; (құмтас)
2. Жер қыртысының терең қойнауында орналасқан қатты, тығыз тау жынысы; (гранит)
3. Гранит қазақша қалай аталады? (түйіршікті)
4. Бидайды ұн қылып тартатын құралды қалай атаймыз? (диірмен)

ІІІ топ: «Ұяшық таңдау» ойыны
Бұл ойын арқылы дұрыс жауап беру арқылы ұпай жинай отырып, өз білімімізді көрсетеміз:
10 - Тау жыныстары дегеніміз не?
10 - Тығыз тау жынысына нелер жатады?
10 - Тау жыныстары қалай пайда болады?
20 - Бос тау жыныстарына нелер жатады?
20 - Табиғатта тау жыныстары неше күйде кездеседі?
20 - «Гранит» сөзі қазақшаға аударғанда қалай аталады?
30 - Гранит Қазақстанның қай жерлерінде көбірек кездеседі?
30 - Құмтас қалай пайда болады? Құм түйіршіктері бірігіп қатуы үшін нелердің ерітіндісін араластыру керек?
Қорытынды: Сонымен жер қыртысын толтырып жатқан денелер тау жыныстары деп аталады екен. Бұларды қалай алады?

ІІІ Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Белсенді тақтадан топтастыру жұмысын жүргізеді. Яғни берілген сөздерді өз тобына қос:
Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика, зауыт, электр станциялары жұмыс істеу үшін жұмсалатын отын түрлері: (тас көмір, мұнай, газ)
Үй жиһаздары, түрлі машиналар, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салуға қажетті қазбалар:
(мыс, темір, қорғасын, алюминий)
Құрылыс материалдарына қажетті қазбалар: (құм, саз, тас, әк)
Осының бәрі қосылып, пайдалы қазбаларды құрайды.
(Пайдалы қазбаларға анықтама беріп өтіледі)

Есте сақта!
«Пайдалы қазбалар – жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтары адамның қажетіне жаратылады»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 938
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құм, саз және әктас.
Құм, саз және әктас.
Оқушылардың бос тау жыныстары - құм мен саз, қатты тау жыныстары - әктас пен мәрмәр туралы, олардың айырмашылықтары мен қасиеттері және пайдаланылатын салалары туралы түсінігін қалыптастыру.
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Пайдалы қазбаларға не жататынын және олардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Өте кең тараған және көп пайдаланылатын пайдалы қазбалар туралы түсінік.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сарсенгалиева Сауле Садуакасовна
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 13 орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×