Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


4 санын қосу және азайту

05 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 1 класс
Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту (презентация)
Сабақтың мақсаты:
1) 4 санын қосу және азайтуды үйрету.
2) Оқушылардың ойлау, есте сақтау және танымдық қабілеттерін дамыту.
3) Оқушыларды әдемілікке, реттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу..
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: аралас.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, салыстыру, талдау, қосу және жинақтау, ББҮ.
Сабақтың көрнекілігі: сандар, суреттер, интерактивті тақта, жетондар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық сәт.
Бүгін біздер баламыз,
Өсіп алға барамыз.
2050 жылдары
Біз де азамат боламыз.
Терең білім аламыз
Тәрбиелі боламыз.
Көркейтетін Отанын
Біз азамат боламыз.

ІІ. Өткенді қайталау.
№ 4 110 - бет. Салыстыру. (2+4 > 6 - 1)
Ой қозғау жаттығулары.
1. Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
2. Аулада 5 үйрек,
Қорада 3 үйрек
Барлығы неше үйрек?
1 үйрек тығылды.
1 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек?
3. Алты балапан тұрып жүр.
Қауызға көзін бұрып жүр.
Ұядағы күркедеЖатыр екі жұмыртқа.
Барлығы неше балапан
Болар екен тауықта.

ІІІ. Жаңа сабақ.
4 санын қосу және азайту
Кел, ойнайық!
А) «Балықтарды аквариумге орналастыр»
ә) Кім жылдам?
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу сәті.
10 10 10 10

№2 Қоян мен тиіннің тапсырмасын орындау.
Сергіту сәті. «Бұғы»
Бұғының үлкен үйі бар.
Терезеден қарайды ол.
Қоян жүгіріп келеді.
Бұғының үйі көреді.
Тук - тук досым, есікті аш.
Ана орманда аңшы қаш.
Қоян, қоян келе қойшы.
Қолыңды маған бере қойшы.
6+4
2+4
9 - 4
7 - 4
8 - 4
9 - 4
3+4

№ 2 есеп кеспе сандардың көмегімен ауызша орындалады.
4+4=8
8 - 4=4
4+4=
8 - 4=

3. Үш сан аттай отырып сана және сандарды ата? өсу ретімен 4 - тен бастап;
Кему ретімен 10 - нан бастап.
№ 5
Өрік - 3
Шие - 4
Барлығы -?
Шешуі: 3+4=7
Жауабы: 7 ағаш.
Жұптық тапсырма. «Ойлан тап!»
Әр партаға кеспе фигуралар таратылады. Оқушылар содан сурет құрастырады.
Ойын: Айырмашылығын тап. (8 айырмашылық)

IV. Бекіту: ББҮ әдісі.
Бүгін біздер қандай санды қосып, азайттық?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Саған қандай тапсырма ұнады?
V. Бағалау: Енді сабақ барысында жинаған сыйлықтарымызды санаймыз. Кім көп сыйлық жинады екен? Сол бойынша оқушылардың білімдері бағаланады.
Үйге: Кесінділердің ұзындықтарын салыстырып келу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 941
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Кестелік қосу мен азайтуды орындауға машықтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, ойын арқылы логикалық ой - өрісін дамыту.
9 саны және цифры
9 саны және цифры
Ақтау қаласы №21 орта мектеп. бастауыш сынып мұғалімі Жұмасатова Ғайни
2 санын қосу кестесі
2 санын қосу кестесі
Сарқан ауданы, М. Жұмабаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Оразбаева К.Н.
7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Л. Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тукупова Кульпан Кобландиевна
2 санын қосу және азайту
2 санын қосу және азайту
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш калсс мұғалімі Сембі Кенжегүл Бақытқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×