Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балапан мен мысық

09 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 2 - класс
Мазмұндама
Тақырыбы: Балапан мен мысық
Мақсаты: Оқушыларды дайын мәтін бойынша тілдік объектілерді сақтай отырып мазмұндама жазуға үйрету.
Міндеттері: 1. Жазбаша байланыстырып сөйлеуін және жазба тілінің қалай қалыптасқанын тексеру. Өз ойларын жүйелі, мазмұнды етіп жеткізе білуге дағдыландыру.
2. Ойлау қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын дамыту. Сөздік қорларын, тіл байлығын арттыру, сауаттылыққа баулу.
3. Табиғатқа, құстарға қамқор болуға, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Көктем мезгілі, балапан, мысық, құстардың суреттері.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, өз бетімен жұмыс
Түрі: жазба жұмыс
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
1. Тыныштық сәті
2. Сабақтың мақсатын хабарлау
ІІ. Негізгі бөлім.
Жазба жұмысына дайындық жұмыстарын жүргізу
1. Суретпен жұмыс. Берілген сурет бойынша көктем мезгілі жайлы әңгіме жүргізу.
- Бұл қай жыл мезгілі? Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Құстар қалай, қайдан ұшып келеді?
- Жыл құстары деп қандай құстарды айтамыз?
- Отырықшы құстар деген ше?
- Көктемде ең алғаш қандай құс ұшып келеді?
- Мынау қандай құс? (қараторғай) т. б. сұрақтар арқылы әңгімелесу.
Бүгінгі жазба жұмысымыз осы қараторғай туралы болады. Қараторғайды сипаттау.
2. Мазмұндаманы екі рет мәнерлеп оқу, мазмұнын талдау.
Балапан мен мысық
Наурыз айы келді. Балалар қараторғайға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады. Бір күні ұяда үш балапан пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде аш балапандардың біреуі жерге құлап түсті. Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті. Қараторғайлар балапанын айнала шырылдай ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Ол қолына шыбық ала салып мысықты біраз жерге дейін қуып тастады. Жерде жатқан балапанды апарып ұясына салды. Қараторғайлар шат - шадыман болып әсем әуенге басты.
3. Мәтін мазмұнын 2 - 3 оқушыға айтқызу. Сөздік жұмысын жүргізу.
4. Сұрақтар қою, әңгімедегі негізгі ойды тапқызу.
- Көктемнің қай айы туды? Балалар не жасады?
- Кім құстарға ұя дайындады?
- Ұяда неше балапан пайда болды? Аш балапан қайтті?
- Не балапанға жақындай түсті?
- Қараторғайлар қайтті? Олар кімнен көмек сұрағандай болды?
- Асан не істеді?
5. Мәтінге жоспар құру
Жоспар:
1. Ұя жасау
2. Балапанға төнген қауіп
3. Араша түскен Асан
Тіректі сөздер мен сөз тіркестерін жазу: аш балапан, шыбық, шат - шадыман, әсем әуенге.
6. Мазмұндаманы жазу.
ІІІ. Сабақты бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру: мәтін мазмұны бойынша сурет салу
V. Бағалау
15 808
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстардың ұясы (қағазбен жұмыс)
Құстардың ұясы (қағазбен жұмыс)
Құстар туралы түсінік пен олардың адамға деген пайдасы туралы жетілдіру. Іскерліктерін дамыту. Құстардың тіршілігін ажырата отыра, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу
Құстар
Құстар
Өлі табиғат өзгерісіне байланысты құстар тіршілігінің өзгеруі, құстардың келуі, ұя салуы туралы оқып білу.
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Құмдағы құпия
Құмдағы құпия
Оқушыларды мәтін мазмұнын түсіне білуге, мазмұнын ашу арқылы олардың сөздік қорларын толықтыру. Еңбек етуге, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғатта болатын өзгерістер жайлы түсіндіре отырып балалардың ой - өрісін, қиялын,
Құстардың ұя салуы
Құстардың ұя салуы
Мәтінді түсініп оқып, құстардың тіршілігі туралы білімдерін одан әрә жетілдіру. Еліміздің байлығын, табиғатын бағалай білуге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Үй құстары
Үй құстары
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі Аймуханова Нурбике Сагынжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×