Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сыныпқа сабақ топтамасы

10 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Шеше мен бала Ы.Алтынсарин
2. 100 санымен таныстыру
3. Асқар Тоқмағанбетов Түлік туралы
4. Жылы және суық түстер жайлы не білесің?

Сабақтың тақырыбы: Шеше мен бала Ы. Алтынсарин
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Шығарма арқылы ана мен бала бейнесіне талдау жасау, терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу.
2. Дамытушылығы: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірлерін қорғауға дағдыландыру, көркем сөйлеуге және өзгенің пікірін сыйлауға үйрету.
3. Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейіл болуға және әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау, пікір айту, ой белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, көрме, суреттер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Өткенді пысықтау.
1. Өлеңді жатқа сұрау.
2. Деңгейлік тапсырмалар.
I - топ. Тест орындау – 5 балаға.
II - топ. Тыйым сөз – 4 балаға.
III - топ. Карточка – 4 балаға.

III. Жаңа сабақ.
1. Оқулықпен жұмыс. Жаңылтпашты жаңылмай айтуға жаттықтыру. Мәнін түсіндіріп көрсету.
2. Автор туралы қысқаны түсінік беріп кету.
1) ұстаз жазушы ағартушы
Ақын Ы. Алтынсарин аудармашы
Мектеп ашқан хрестоматия жазған
2) Ы. Алтынсарин атында көшелер, мектептер бар. Алматыда Ы. Алтынсарин атында Ғылым академиясы бар, медаль бар.
3. Анасын жырламаған адам жоқ. Енді оқушылар мына сұраққа жауап беріңдер
1) Ақ сүт беріп аялаған,
Менен бәрін аямаған.
Жанашырым саялаған,
Ол кім? – ( Аяулы анам)
Сендерді дүниеге әкелген кім?
2) Ана – біздің күніміз. Не айтасыңдар?
АНА

Ақылды сұлу, ардақты, құрметті, дос

3) Ана бізге жарық дүние сыйлады,
Ол түн ұйқысын төрт бөліп өсірді.
Барлық жақсыны бізге арнады,
Барлық жақсы сөздерді бізге айтады.
4. Мәтінді балаларға оқып беру, түсіндіру.
5. Сөздік жұмыс жүргізу.
Тентек - бұзақы
Сауап - жақсылық жасағанды
Уәде - ант, серт
Кемге - арзанға, азға
Кемтарлықпен - жоқшылықтан
Үнемді - үнемдеу
Сіңлі - сіңлісі (туыстықты білдіреді)

6. Сұрақ - жауап беру.
1 ) Әңгімеге кімдер қатысады?
2) Сіңлісінің сөзін тауып оқы.
3) Әңгімедегі кейіпкердің қайсысы ұнады?
4) Осы екеуінің ісі қамқорлыққа жата ма?
5) Қамқорлық сөзіне жуық, жақын сөздерді табайық.

Әлпештеу ҚАМҚОРЛЫҚ аяушылық
Көмектесу жаны ашу жақсылық

7. Пікірталас ойы? Оқушылардың ойы. Тақырыппен келісеміз бе?
8. Сергіту сәті: Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.

9. Диалогты түсіндіру. Шығармадағы екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі диалог деп аталады.
10. Балаларға оқыту, диалогпен.
11. Шығармашылық жұмыс:
1) Ана деген сөзді естігенде есіңізге не түседі?
2) Ана туралы шығарма жаздыру.
12. Сабақты бекіту.
1. Мәтіннің қай түрі?
2. Авторы кім?
3. Кейіпкерлерін ата?
4. Диалог деген не?
5. Сөздік ( тентек)
6. Қорытынды ой.
13. Ғажайып қоржын.
1) Ана туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
2) Әдептілік туралы мақал - мәтелдер айту.
3) Ана туралы білетін тақпақтар болса...
4) Анаңа қандай тілек айтар едіңдер?
5) Қандай сыйлық сыйлар едің?
6) Анаңды суреттеп, мінездеме.
Қорытынды: Мадақтау, бағалау.
Үйге оқып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 154
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гүлбаршын Қырықбаевна
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы
Бастауыш сынып сабақтар топтамасы
Бастауыш сынып сабақтар топтамасы
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нұраталды ауылы, Нұраталды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асанова Куляш Булкенкызы
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 3 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Туреева Майсагүл Ашықбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×