Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүзден жүйрік

12 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жүзден жүйрік....

Мақсаты: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
3 - 4 сынып оқушылары 4 - топқа бөліп өткізіледі.
1 - топ «Алғырлар», 2 - топ «Тапқырлар», 3 - топ «Ғалымдар», 4 - топ «Ойшылдар» деп аталады.

Сайыс төмендегіше бөлімнен тұрады:
I бөлім. Топты таныстыру
II бөлім. Мәнерлеп оқу (Топ басшысы)
III бөлім. Сөзжұмбақ шешу
IV бөлім. Суретке қарап мақал - мәтел құрастыру
V бөлім. Алма жеу
VI бөлім. Шарды жарып және сұрақты оқып, жауап беру.

I. Асыл - тастан, өнер - жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі,
Әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған,
Біздің сынып атынан,
Қабылдаңыз шын жүректен,
Сәлем Сізге жалынды!
Сайыстың шарты бойынша, алғашқы кезең таныстыру.
(Әр топ өз топтарын атына сай таныстырып өтеді )

II. Ана тілі - асыл үні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндеи анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен балаңмын.
Топ басшылары өздерінің сүйікті ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқып, сайысады.

III. Сөз кезегін «Сөзжұмбаққа» берелік.
Арамызда тапқыш жастар көп екен,
Солардың енді жауаптарын көрелік.
Топтар өздеріне берілген сөзжұмбақты өз уақыты ішінде шешіп сайысқа түседі. (3 - 4 минут беріледі)
1. Күзде не жауады?
2... жігіт ел үшін туады, ел үшін туады.
3. Қыз есімі?
4. Қаланың аты?
5. Барлығынан да қымбат?
6. Әншінің аты?
7. Уақыт өлшеуші құрал?
8. Сусынның аты?
9. Бір өркешті жануар?
IV. Сырлары көп білімнің,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәрі не - деп, сайыскер топтарды суретке қарап, кез келген тақырыпқа мақал – мәтел құрастыру арқылы тапқырлық танытуға шақырамыз.

V. Алма жеу сайысы (Алманы таусып бірінші болған бала ғана жеңіске жетеді )
VI. Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жана ма?
Біліммен өнер жарыспай,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда.
Шарды жарып сұраққа жауап беру керек. Сұраққа бірінші жауап берген топ жеңіске жетеді.
Қортынды
3 518
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атадан қалған – асыл сөз интеллектуалды ойын
Атадан қалған – асыл сөз интеллектуалды ойын
Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру
Бәрін білгім келеді
Бәрін білгім келеді
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Балғын ару (сайыс сабақ 4 сынып)
Балғын ару (сайыс сабақ 4 сынып)
"Балқаш қаласы №15 жбб орта мектебі"КММ Толеуова Манира Мухаметкалиевна
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі М.О.Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Карлибаева Базаркүл Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы. Тақырыбы: Жүзден жүйрік Мақсаты: Оқушыларды көпшілік алдында еркін
Лагерь аруы
Лагерь аруы
Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар бүгінгі «Айгөлек» жазғы тынығу лагерінде болғалы отырған «Лагерь аруы» конкурсына қош келіпсіздер.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×