Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шылау қой (ғой), қана (ғана),- ақ шылаулары

17 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Шылау қой (ғой), қана (ғана),- ақ шылаулары
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділігі: Шылау туралы түсініктерін нығайту, қой (ғой), қана (ғана) – ақ шылауларының қызметі, жазылуы жайында түсіндіру.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және іздемпаздыққа, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.
Көрнектілігі: Үлестірме карточкалар, суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Өткен сабақты пысықтау. 30 - жаттығуды оқытып тексеру/ребусты шеш. Шыққан сөзге әңгіме құра.
- Біз қандай сөз табымен танысып жатырмыз?
- Шылау дегеніміз не?
- Біз қандай шылауларды білеміз?
- Олардың бір - бірімен қандай өзгешілігі бар?

3. Жаңа сабақ.
31 - жаттығу. Сөйлемді оқып, шылауды тап. Бұрын танысқан шылаулардан өзгешілігі бар ма?
Шылаулар туралы түсінігін меңгерту, ереже қорытып шығару.
Қой (ғой), қана (ғана) - ақ шылаулары шектеу мағынасын өтіну, даралау мағынасын білдіреді.
Қой (ғой) шылауы өзі тіркескен сөзбен бірге сөйлемде баяндауыш болады. Мысалы: Сен барып келе ғой.
- ақ шылауы өзі тіркескен сөзден дефис арқылы бөлек жазылады. Мысалы: Бұның жөн - ақ.
Оқулықпен жұмыс.
32 - жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Шығармашылық жұмыс.
Ребусты шеш. Шешуінен шыққан сөзді шылау ретінде сөйлем құра.
34 - жаттығу Шылауларды өзара салыстырып, әрқайсысының ерекшелігін анықта.
Мен, бен, пен, және - сөзбен сөзді байланыстырады.
Да, де, та, те - Күшейту, анықтау мағынасын береді.(білдіреді)
Ма, ме, бе, пе, па - Сұраулық мағына береді.
Үшін, туралы, дейін - Үстеме мағына береді.
Қой, ғой, қана, ғана,- ақ - Өтіну, шектеу, даралау мағынасын береді.
35 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Шылауларды тауып мағынасын түсіндір.

Сөздік жұмыс.
Морс - жидек шырынынан жасалған сусын.
Өзіндік жұмыс. Үлестірме парақшалармен жұмыс. Сөйлемнен шылауларды тап. Мағынасын анықта.
1. Бекболат, мені көп күттің бе?
2. Еркебұлан бүгін қалаға бара ма?
3. Айнұрдың әкесі телевизор әкеліп пе?
4. Оның анасы дәрігер ғой
5. Тек бір дәптер ғана қалды.
6. Ернардың жалғыз - ақ арманы бар.
7. Дана мен Әйгерім қалаға кетті.
8. Қыран қалам, қарындаш және дәптер әкелді.
9. Пойыз Алматыға дейін екі - үш күн жүреді.
10. Кітапханада қызықты кітап көп - ақ екен.
11. Оқушылар кешке шейін дайындалды.
12. Мен ана туралы көркем сөз жаттадым.
13. Кітапта өлең де, ертегі де бар екен.
14. Нұржан да, Гүлнұр да бір үйдің балалары.
Сабақты қорыту. Бағалау.
Үйге тапсырма
18 218
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі. Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.
Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары
Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары
Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларының өздері қатысты сөзге сұраулық мағына үстейтіндігі туралы түсінік беру, олардың емілесін меңгерту.
Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары
Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанова Cара
Қой (ғой ), қана (ғана), - ақ шылаулары
Қой (ғой ), қана (ғана), - ақ шылаулары
Бастауыш сынып мұғалімі Тәжібаева Гүлмира
Шылау
Шылау
ШҚО Аягөз қаласы КММ «К. Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі» бастауыш сынып мұғалімі Слямгазина Нургуль Муратовна
Шылау
Шылау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Үстірт орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Зәуреш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×