Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Жаз" Абай Құнанбаев, "Шілде" Міржақып Дулатов

21 тамыз 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Байқоңыр қаласы № 14 бастауыш мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Балжанова Салтанат Ерназаровна

Сабақтың тақырыбы: «Жаз. А.Құнанбаев, Шілде. М.Дулатов»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға өлеңдегі, мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру.
Авторлар туралы түсінік беру. Жыл мезгілінің ерекше қасиетін білу арқылы үлкендердің қоғамға пайдалы еңбектің қандай түрлерімен шұғылданатыны туралы түсінікті етіп жеткізу;
б) дамытушылық: алған білімін іс жүзінде қолдана білу арқылы ой-өрісін дамытып, өз ойын толық жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
в) тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға жетелеу, еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың формасы: сыныптағы жүйелі сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, интерактивті әдістер, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, «сиқырлы қорапша», ойын құралдары, т.б.
ТСО: мультимедиялық құрал, үнтаспа.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру 2 мин.
II. Үй тапсырмасын тексеру 8 мин.
III. Жаңа білімді үйренуге дайындық 2 мин.
IV. Жаңа білімді түсіндіру, қабылдау 15 мин.
V. Жаңа білімді түсінгенін тексеру 10 мин.
VI. Жаңа білімді бекіту, қорыту 5 мин.
VII. Оқушылар білімін бағалау 2 мин.
VIII. Үй тапсырмасын хабарлау, нұсқау айту 1 мин.

I. Ұйымдастыру.
а) Шаттық шеңбері: қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шаттық шеңберін құрайық. Шеңберіміз көктегі жылу беретін Күн сияқты дөңгелек. Бір-бірімізге қарап, жақсы көңіл-күй сыйлап, жақсы тілектер айтайық (жақсы, әдемі сөздер айту).
ә) Бүгінгі сабақта ұстаздың сөзін мұқият тыңдап, өз біліміңді ортаға салу, өзіңді және өзгені сыйлау, жаңа білімді меңгеруге құштарлық таныту өте қажет.
б) Және де әрбір дұрыс толық жауапқа бүтін «Күн», толық емес жауапқа «бұлтты Күн» алып отырамыз, сабақ соңында сол бойынша бағалаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
а) «Көктем» тақырыбына өлең, эссе жазу;
ә) «Сарқылмас қазына» тарауын қайталап келу.
«Сиқырлы қорапша» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың «Сарқылмас қазына» тарауы бойынша білімдерін тексеру.
Шарты: сынып оқушылары шеңбер бойымен отырады. Әуеннің ырғағымен «сиқырлы қорапша» шеңбер бойымен жүреді. Әуен тоқтағанда «сиқырлы қорапша» кімнің алдына келсе, сол қорапшадан өзінің қалаған затын (бұл жерде сұрақ) алып, тапсырманы орындайды.
Тапсырма:
1. «Сарқылмас қазынаға» нелер жатады?
2. Айтыс дегеніміз не?
3. Сыныптастарыңмен «Біржан мен қыз» айтысын сахналап беріңдер.
4. Қандай аңыздармен таныстық?
5. «Әке мен бала» аңызы бізді неге үйретеді?
6. Білетін жұмбағыңды жасыр.
7. Жаттаған мақал-мәтеліңді айтып, мағынасын түсіндір.
8. «Шешендік сөздер» бойынша қандай тақырыптармен таныстық?
9. «ӘКІМ» дегеніміз не?
10. Қобыланды батыр кіммен күш сынасты?
11. «Алтын балта» ертегісіндегі кедейге мінездеме беріп көр.
12. «Бесік жырын» кім және кімге айтады?
Мұғалімнің қорытынды сөзі.

III. Жаңа білімді үйренуге дайындық.
ТСО арқылы сурет көрсету: «Жаз» мезгілі.
а) Топтық жұмыс: «Жаз».
Мақсаты: оқушылардың жаз мезгілі туралы ойларын анықтау.
Шарты: оқушылар 4-4-тен топтарға бөлінеді. Әр топқа жаз мезгіліне байланысты түрлі тапсырмалар беріледі.
Тапсырма:
1. Жаз айлары:
2. Жазда ауа райы қандай болады?
3. Жазда балалар не істейді?
4. Жазда адамдар қандай еңбекпен шұғылданады?
5. Жаздағы жануарлардың тіршілігі.

Мұғалім: бүгін біз жаңа тарау бастаймыз. Ол тараудың аты «Жаздыгүн шілде болғанда» (ТСО-дан тақырыбы бар суретті көрсету).
ә) «Тұлғаны таны» ойыны (жеке жұмыс).
(ТСО-дан суреттерді көрсету).

Мақсаты: оқушылардың қаншалықты ақын-жазушыларды танитындары анықталады.
Шарты: оқушыларға түрлі ақын-жазушылардың суреттері көрсетіледі. Суреттегі тұлғаны танып, аты-жөнін жазып беруі тиіс.
Тапсырма:
1. Абай Құнанбаев
2. Ыбырай Алтынсарин
3. Міржақып Дулатов
(ТСО -дан есімдері жазылған суреттерді көрсету).
Осы суреттерде бір кісінің артықшылығы бар. Ол кім?
(ТСО -да екі автордың суреті қалады).
Абай мен Міржақып туралы оқушы ойы, мұғалімнің толықтыруы.

IV. Жаңа білімді түсіндіру, қабылдау.
а) Мұғалім: бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Жаз» өлеңімен және Міржақып Дулатовтың «Шілде» атты мәтінімен танысамыз.
ә) Дәптерімізді ашып бүгінгі күннің ретін және тақырыптарды жазып аламыз.
б) Мұғалімнің «Жаз» өлеңін мәнерлеп оқуы.
в) Мағынаны ашу.
г) Сөздік жұмысы:
көгорай шалғын – көк шөп
күркіреп – жаңғыра гүрсілдеп
шұрқырап – оқырына кісінеген
жоны - арқасы
ғ) Оқулықпен жұмыс:
іштей оқу, тізбектеліп оқу, шумақтап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу.
д) Өлеңнің құрылысын талдау: шумақ, тармақ, бунақ, буынды, ұйқас.
е) Сергіту сәті: «Жау, жау, жаңбыр!»
ж) «Бұлттар сөйлейді» ойыны (жұптық жұмыс).

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: оқушылар жұптасады. Таратылған үлестірмелі бұлттардан мақалды құрастыруы шарт.
Тапсырма: «Егін ексең тыңға ек, Тыңнан өнер өнім көп».
Егінді әлі игерілмеген жерге ек. Сонда мол өнім аласың дейді. Көп өнім алу үшін тағы не керек? – Күннің жылуы (ыстығы).
з) Мәтінмен жұмыс: тізбектеліп оқу, азат жолдармен оқу, тұтас оқу.
и) Сөздік жұмысын жүргізу:
желідегі – құлынды байлайтын жіп
бозбала – 15-18 ұл бала
бел орақ – шалғы

V. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.
Мәтіннен сан есімдерді таптыру, түрін айтқызу.
200-150 айырмасы 50 саны нені білдіреді?
а) «Ғарышқа саяхат» ойыны.
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Шарты: оқушылар шеңбер бойымен мәтіннің мазмұнын бірізділік сақтап, толық сөйлемдермен баяндап шығуы тиіс.
Тапсырма: «Шілде» мәтіні.
ә) «Бес жолды өлең» стратегиясымен жұмыс жасау: жаз, шілде.
б) «Домино» ойыны.
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін анықтау.
Шарты: оқушылар 3-3-тен топтасады. Өлеңді бірнеше қайталап оқып алады. Оқулық жабылады. Домино таратылады. Оқушылар есте сақтаған өлең қатарларын құрастырады. Жауап эталоны арқылы тексереді.
Тапсырмасы: «Жаз» өлеңі.

VI. Жаңа білімді бекіту, қорыту.
а) «Сыңарын тап» ойыны.
Мақсаты: оқушылардың жаңа тақырып бойынша түсінгендерін анықтау.
Шарты: тақтаға түрлі сөздер ілінеді. Оқушылар сөздерді жұптастырып, сыңарын табуы тиіс.

Тапсырмасы: А.Құнанбаев, жаз, М.Дулатов, шілде, жаздыгүн, шілде болғанда, бел, орақ, тас, құм, т.б.
ә) Сұрақ – жауап жүргізу:
1. Қандай тарауды бастадық?
2. Кімнің өлеңімен таныстық?
3. Міржақып Дулатовтың қандай мәтінін оқыдық?
4. Шілде дегеніміз не?
5. Жаз айларын ата, т.б.
б) Мұғалімнің қорытынды сөзі.

VII. Оқушылар білімін бағалау.
Кім қанша «Күн» жинады екен? Сол бойынша бағалау, мадақтау. Ризашылық білдіру.

VIII. Үй тапсырмасын хабарлау.
Үйден А.Құнанбаевтың «Жаз» өлеңін мәнерлеп жаттап, мазмұны бойынша сурет саламыз. М.Дулатовтың «Шілде» мәтінін түсініп оқып, мазмұндап келеміз. Мақалды жаттап аламыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 553
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
Жаңа сабақпен танысу; оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру. Отбасы ата - анаға деген сүйіспеншілік құрметтерін еске түсіндіру.
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру Диалог жүргізе отырып, сөздік қорын дамыту
Міржақып Дулатов «Күз»
Міржақып Дулатов «Күз»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Міржақып Дулатов туралы түсінік беру. «Күз» тақырыбының мазмұны мен идеясын ашу.
Мозаика. Саңырауқұлақ
Мозаика. Саңырауқұлақ
Байқоңыр қаласы Тоқмұхамедов Қ. Х. атындағы № 14 орта мектеп Мұғалім – Балжанова С. Е.
Сөз тіркесі
Сөз тіркесі
Байқоңыр қаласы № 14 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі Балжанова Салтанат Ерназаровна
Мозаика құрастыру «Саңырауқұлақ»
Мозаика құрастыру «Саңырауқұлақ»
Байқоңыр қаласы № 14 бастауыш мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Балжанова Салтанат Ерназаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×