Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біздің отбасымыз

11 мам 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тілдесім қабілеттерін және тақырып бойынша сөздік қорларын молайту. Өз отбасы туралы айта білуге дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сұрақ – жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктер: Слайд тақталар, киіз үй, сандық, суреттер, ойындар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сәлеметсің бе, алтын күн!
Сәлеметсің бе, көк аспан!
Сәлеметсің бе, жер – ана!
Сәлеметсіңдер ме, достарым!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Кім жылдам?» ойыны
ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатын жариялау, таныстыру.
Ауылдан Алмас есімді бала келіпті, бізді киіз үйдің құрылысымен таныстырады. Ол үшін өзінің бірнеше тапсырмалары бар екен, соны орындайық.
1. Сөздікпен жұмыс
көзілдірік – очки
кімдікі? – чей? чья?
- Сөздерді оқу, қайталау;
- Дұрыс айтуға дағдыландыру;
- Сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру. Бұл тапсырманы орындағаннан кейін, «керегенің» суреті шығып, таныстырылады.
2. Кітаппен жұмыс. Мәтінді оқу, аудару. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап
беру. Бұл тапсырма орындалғаннан кейін, «сықырлауық» таныстырылады.
3. Суретпен жұмыс. Сурет бойынша сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.
Тірек сөздер: аула, тату, атамдікі, бәріміз. «Уық» таныстырылады.
4. Сергіту сәті.
5. Дәптермен жұмыс. Кітаптағы бес сөйлемді оқып, ұқсас сөйлемдер
құрастырады. 1. Көйлек. 2. Көйлек анамдікі. 3. Қызыл көйлек анамдікі. 4. Мына қызыл көйлек анамдікі. 5. Мына әдемі қызыл көйлек анамдікі.
Осы тапсырмадан кейін, «шаңырақ» таныстырылады.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ – жауап.
2. «Сөздер шынжыры» ойыны.
Киіз үйдің құрылысы көрсетіледі.
VІ. Сабақты қорытындылау.
Алмас өзінің киіз үйіне шақырады. Сендерге әкелген сыйы бар.
V. Білімдерін бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 665
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М дыбысы
М дыбысы
М м дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Тостаған
Тостаған
Балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету, олардың пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру. Сөздік жұмыс: Тостаған. Әдіс тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ - жауаптар, ғажайып сәт, дидактикалық ойын, слайд.
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Жаңа сөздерді меңгеру. Ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту. Ойын арқылы есте сақтау қабілеті, қарым қатынас дағдыларын дамыту.
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қалалық "№1 бөбекжай балабақшасы" КМҚК Балауса тобының тәрбиешісі: Умирбаева Жанар Шаймуратовна
Балабақшаға арналған сабақ топтамасы
Балабақшаға арналған сабақ топтамасы
Павлодар қаласы, №126 сәбилер балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Айман Айтмухаммедовна Тукенова
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×