Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түбір және қосымша

12 қыркүйек 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Семей қаласы, Қ.Рысқұлбеков
атындағы №33 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Байжуманова Калимаш Жагыпаровна

Сабақтың тақырыбы: «Түбір және қосымша»
Сабақтың мақсаты: Түбiр мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын қайталау. Түбiр сөзден қосымшаны айыра отырып, байланыстырып сөйлеуiн жеңілдету, белсендiлiктерiн арттыру.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, өз ойын жеткiзе бiлу, шығармашылық қабілетін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін көркем жазу дағдыларын жетiлдiру.
Тәрбиелік: Жаңа технологияға сүйенiп оқушылардың жаңа сабақтан және өткен сабақтан алған бiлiмдерiн тиянақтау. Сауаттылыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.

Сабақтағы көрнектіліктер: «Бiлiм елiне саяхаттың» сызбасы, куб, карточкалар, жұмбак, мақал-
мәтел, семантикалық карта.
Сабақтың типi: Өткендi қайталау.
Сабақтың турі: Дәстүрлі емес саяхат сабақ.
Сабақтың әдiсi: Топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, «кубизм» стратегиясы, семантикалық карта,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сабаққа дайындығын тексеру.
2. Психологиялық дайындық:

- Балалар, бүгiнгi сабағымызға қонақтар келiп отыр. Конақтарға көрсететін өзiмiздiң бiлiмiмiздi жинақтап алайық, олардың алдында ұятқa қалмайық. Бар бiлiмiмiздi, өнерiмiмiздi аянбай көрсетейік.
- Кел, балалар ойлайық,
Жазайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Таппай оны қоймайық.
Сабақты қазақ тiлi туралы тақпақпен бастау.
-Қазақ тiлi-өз тiлiм, ана тiлiм,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тiлiм.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дана тiлiм,- дей келiп, балалар ендi қазақ тiлi сабағымызды бастаймыз.
Бәріңде сабаққа ынтамен, белсендi қатысып отырыңдар.

3. Ой козғау.
-Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгiлi екенін көремiз? (Қыс)
Жұмбақ жасыру.
Қыста жер бетiн жабады, ал көктемде су болып ағады. (Қар)
Ендi дәптеріңді ашып, бүгiнгi күндi, сынып жұмысын жазып койыңдар.
«Қар» сөзiн бiр жолға көркем етiп жазып қояды.
-Балалар, бүгiнгi сабақта бiз бәріміз «Бiлiм елiне саяхат» жасаймыз. Саяхатымыздың қызықты
болары анық.

4. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге не берiлiп едi? (Түбір мен қосымша туралы ережесiн қайталап айту) олай болса, саяхатымыздың басы «Мектеп аялдамасынан» басталмақ. «Мектеп аялдамасы» сендердің бiлiмдерiңдi және үй тапсырмасын калай орындағандарыңды тексеру мақсатында әр топқа сиқырлы куб дайындапты. Кубта уш сұрақ берiлген.

1- топқа
1) Қосымша дегенiмiз не? Мысал келтiр.
2) Сөз құpaмына не жатады?
3) Қосымша мен түбiр сөздi салыстыр.
2- топка
1) Түбiр сөз дегенiмiз не?
2) Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
3) Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?

5. Негiзгi сабақ
- Бүгiн сабақта бiз өткендi қайталаймыз. «Бiлгiрлер» аялдамасына да жетіппіз. Әр топқа мынандай тапсырмамен карточка берiледi.
1- топқа: Түбiр сөздi тауып, тақтаға шығып, жазады. (Қыста, ағаштар, шанамен, қардан, терезеге)

2 -топқа: Түбiр сөзге жалғанатын қосымшаны жазады. (-мен,-та,-ге,-тар,-дан)
Шығармашылықпен жұмыс.
Осы сөздер бойынша әр топ қыс туралы өз беттерімен қысқа мәтін құрастырып, дәптерге жазады.

Сергimу сәті (Музыканы таңдау)
Сонымен міне бiз балалар «Бiлгiрлер» аялдамасына да жетiппiз.
-Кiтап туралы мақал-мәтелдерді кім бередi?

М/п «Кiтапты жастан оқы»
«Оқымай бiлiм жұқпас,
Бiлiмсiзден өнер шықпас».
-Сондықтан оқулықпен орындаймыз ба, балалар? (Иә) Ендеше оқулықтарыңдағы 95 беттi ашыңдар. Мұндагы 255 жаттығуды 1 топ орындайды, ал 2 топ 25б-жаттығуды орындайды. 2 оқушы тақтаға шығып жазады.

Жақсы балалар, келесi аялдамаға да жетiп калдыңдар, Бұл «Мергендер» аялдамасы екен. Ендi оның да тапсырмасын орындап, өзiмiздiң мақсатымызға жетейік. «Мергендер аялдамасы» бiзге арнап мынандай тапсырма дайындапты:
«Семантикалық карта» толтыру.

6. Қорытынды.
Балалар бiз белгiлi бiлiм еліне саяхат жасап, бiлiм көрсетіп, енді өзіміздің сүйiктi сыныбымызға оралайық.
Сонымен балалар, бүгiнгi сабақта не iстедiк? (Бiлiм еліне саяхат жасадық, жаттығулар орындап, семантикалық карта толтырдық).

Қандай тақырыпты қайталадық? (Түбiр мен қосымша)
Бiз кiмбiз балалар? (Оқушылармыз)
Қандай уәде беремiз?
«5» болсын алар бағамыз,
Бiлiмнен бақыт табамыз,
Өнер бiлiм көп оқып,
Өсе берсiн санамыз.
7. Бағалау. Мадақтау.
8. Үйге тапсырма беру: 259 жаттау. Ауызша.
33 806
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы алған білімдерін одан әрі жалғастыру, жинақтап, пысықтау.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбірлес сөздер.
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша туралы білімдерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Тілін, сөздік қорларын дамыту.
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,№26 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Макенова Гүлмира Уахитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×