Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құмырсқаның қанағаты

27 маусым 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Құмырсқаның қанағаты.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Ертегіні түсініп оқу арқылы мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, негізгі идеясын ашуға көмектесу.
2. Дамытушылық: Кейіпкерлердің іс - әрекетін дәлелдеуде өз көзқарасын көркем тілмен жеткізе алуға дағдыландыру. Оқушылардың шығармашылық жұмыстар арқылы өз бетімен жұмыс жасауға, қиялдауға, шешен сөйлеуге жағдай туғызу.
3. Тәрбиелік: Құмырсқаның қанағатымен, талпынысы мен табандылығын үлгі ету. Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Ақпараттық құрал: Интербелсенді тақта.
Көрнекілігі: Құмырсқаның суреті, ғұламаның суреті, құмырсқа илеуінің суреті, семантикалық карта
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың формасы: жеке, топтық жұмыс.
Сабақтың технологиясы: СТО
Әдістері: энциклопедиялық әдіс, баяндау, сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, проблемалық оқыту, салыстыру, талдау, жинақтау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Орнымыздан тұрамыз,
Сабақ сырын ұғамыз.
Әрбір жаңа сабақтан,
Білімді боп шығамыз.
Қызығушылықты ояту:
Видео - ролик көрсету: Құмырсқаның ұйымшылдығы туралы:
- Слайд №1. Сұрақ жауап.
Сабақ тақырыбы: Құмырсқаның қанағаты
2. Оқулықпен жұмыс
* Тізбектей оқу,
* Түртіп алу.
. Сөздікпен жұмыс.
Оқымысты - ғұлама, білімді, данышпан, көзі ашық.
Қанағат - барға риза болу, місе тұту.
Ертегіні талдау:
а) Ертегіні тізбектеп оқу арқылы бөлімдерге бөлу. Тізбектей оқыған топтар ретімен бір - біріне сұрақ қояды. жауап беру арқылы оқушы түсіндіреді.
7. Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа
Допты алып қолыма
Қойдым оның жолына
Оң жағына қарады

Сол жағына қарады
Тау екен деп ойлады
3. Қосымша мағлұмат..
Сіз білесіз бе? Жер бетіндегі ең ежелгі жәндік (жасы жағынан) құмырсқа болып табылады. Осындай бір қызықты деректер тастардың арқасында анықталып, көпшілікті таңқалдырды. Сонымен ежелгі құмырсқалардың жасы жүз миллион жылдың кемерінен бір - ақ асып шықты.
Құмырсқалардың жер бетінде 6000 түрі болады екен.
Илеу құмырсқалардың күмбезделген ұясы. Ірі илеудегі құмырсқалардың саны бірнеше миллионға жетеді. Илеудің жер астындағы бөлігі болады. Оны жас құмырсқалар дамып жетілетін жолдар торлап жатады. Құмырсқалар тек қана топ - топ болып қана емес, аналық, аталық және жұмысшы құмырсқалардан құралған семьялармен ұзақ жылдар тіршілік етеді. Жұмысшы құмырсқалар өзара еңбек бөліседі, Солдат құмырсқалар әрбір кіре беріс жолында іннің аузын басымен жауып тұрады. Илеуге оралған жұмысшы құмырсқа кіре берістегі жолды жауып тұрған солдаттың басын мұртшасымен тықылдатып қаққаннан кейін ғана илеуге ене алады. Негізгі қорегі насекомдар, өсімдік дәндері. Олар ортаны тазартып табиғатқа көп пайда келтіреді. Кейбіреуі ауыл шаруашылыққа зиянын келтіреді. Оның шаққаны улы. Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды!
. Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден - ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “БыңЦауГаңМу” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70 - тен астам микроэлемент, 20 - дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. [2] Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Құмырсқалардың 5000 - дай түрі бар. Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ – үй құмырсқалары (шымылдар), орманда көбірек кездесетін - жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т. б. Құмырсқалар пайдалы, орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды жыртқыштар деуге болады. Ол зиянды жұлдызқұрттармен, жауынқұрттармен және жалаңаш шырыштармен қоректенеді. Ағаштардағы зиянды жәндіктерді құртып, пайда келтіреді.

Топпен жұмыс. Шығармашылық тапсырмалар
І топ: Құмырсқа туралы не білеміз?
ІІ - топ «Құмырсқа» сөзінен бірнеше сөз шығар
ІІІ - топ Құмырсқаға немесе ғалымға хат жаз.
ІҮ - топ Бес жолды өлең
Не? құмырсқа
Қандай? еңбекқор, үнемшіл
Не істейді? Еңбектенеді, жүреді, шағады
Сөйлем Құмырсқа азығын жазда жинайды.
Мәндес сөздер: Жәндік
Ү топ: Әртүрлі кітаптардан бүгінгі сабақ тақырыбына қатысты мақал - мәтелдерді тауып жазады.
Бекіту: Топтар өз жұмыстарын қорғайды
10. Ой толғаныс:. Негізгі идея - құмырсқа өзінің қанағатымен адамды таңдандырды.
Қанағат қарын тойғызар, Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар /хормен/
. Барлығымыз қанағатшыл болуымыз керек.
Үйге тапсырма: Ертегіні оқып мазмұндау, келесі сабақта сахналап көрсетеміз.
Бағалау.
31 686
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құмырсқаның қанағаты (Ертегі)
Құмырсқаның қанағаты (Ертегі)
Ертеде бір данышпан кісі болыпты. Ол кісі жан - жануарлардың, құрт - құмырсқаның тілін біледі екен.
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ертегі жайлы толық мағлұмат беру, ертегі түрлеріне тоқталу. ”Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”ертегісінің негізгі идеясын ашу;
Кембридж тәсілі бойынша сабақ жоспары
Кембридж тәсілі бойынша сабақ жоспары
ШҚО, Аякөз қаласы, №4 аралас жалпы орта білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімі Мусабаева Багдат Мухтаровна
Құмырсқаның қанағаты
Құмырсқаның қанағаты
Атырау қаласы, Жұлдыз ықшам ауданы , Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі нің бастауыш сынып мұғалімі Бисешева Талапты Құсайынқызы
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Оқушыларға ертегі жайлы толық мағлұмат беру, ертегі түрлеріне тоқталу. ”Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”ертегісінің негізгі идеясын ашу;
Құмырсқаның қанағаты
Құмырсқаның қанағаты
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл орта мектебіінің бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×