Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ол ақын болар ма еді?

29 қыркүйек 2012, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қарағанды облысы,
Осакаров ауданы, № 1 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Байхазан Алмагүл

Тақырып: Ол ақын болар ма еді?
Сабақтың мақсаты.
Білімділігі: Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен, қазақтың қайсар ұлы Қайраттың халқымыздың ұлттық батыры ретінде естен шығармауға дәріптей білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттер дамыту, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелігі: Өз елін, жерін Отанын сүюге тәрбиелеу. Өтілетін сабақ. Мультимедия кабинеті.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау мен жазудың әдістерінің элементтері.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, даярлау, сабаққа назар аудару.
2. Үй жұмысын тексеру. «Музейдегі зеңбірек» мәтінінің мазмұны 2 - 3 оқушыға айттыру, бөлімдерге бөлу арқылы сұрау.
3. Үй жұмысын бекіту сұрақтарын экраннан оқу арқылы жауап беру.
а) М. Қайырбаев жауды қалай қарсы алды?
б) М. Қайырбаевтың батареясы жау қоршауынан қалай шықты?
в) Не үшін М. Қайырбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді?
г) Зеңбірек қай қаланың музейінде сақталған?
4. Ал енді балалар келесі тапсырма топтық жұмыс. Топпен мақал сайысы.
1 - топ. Батыр туса - ел ырысы.
Жаңбыр жауса жер ырысы
Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Ердің сыншысы ер
Ер есімі ел есінде

5. Балалар сендер осы мақалдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?
«Ер есімі – ел есінде» деп халқымыз тегін айтпаған, біздің өткен өмірдегі адамдарымыздың істеген ерлік істері мәңгі халық есінде сақталады. Біздің өткен сабағымызда ел есіндегі ер есімі кім? М. Қайырбаев батылдығымен ел есінде қалса, тек ел есінде ел қорғаған батырлар ғана қала бермейді.
- Тағы кімдер ерлігімен ел есінде қалады?
- Сонымен бірге осы бейбітшілік заманында егемендік елімізді әперіп жеке тәуелсіз ел үшін жанын қиған кімдер еді?
Экраннан суреттер шығады. Сабира, Ләззат, Ербол, Қайрат бұл жастар ел үшін желтоқсан көтерілісіне шығып, егемендік ел үшін жандарын қиған.

6. Желтоқсан көтерілісі туралы ойымызды тұжырымдайық.
Студент 1986 жылы
Алматы
жастар
Желтоқсан
16 жыл
көтерілісі
Желтоқсан қаһарманы
Егеменді ел болуға

7. Кіріспе сөз: Осы бейбітшілікті сендерге өз жанын аямай паш етіп қуанышты күннің шуағына куә болып ортақтаса алмай кеткен апаларымыз бен ағаларымыздың есімі мәңгі ел есінде сақталады.
Қазіргі заманда ел есінде сақталған желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы Коммунар Табейдің «Ол ақын болар ма еді?» мәтінімен танысамыз.

8.
а) Экраннан Қайраттың мектептегі суретімен танысады
б) Солдат кезеңі
в) Батырдың өскен от басы.
г) Қайраттың әке - шешесі Ноғайбай мен Дәметкен суреттерімен танысады.

9. Балалар сендер Қ. Рысқұлбеков өмірімен таныстыңдар. Сендер теледидардан Қ. Рысқұлбеков туралы киноны көргендерің бар ма?
10. Жаңа сабаққа түсінік. «Ол ақын болар ма еді?»
11. Кітаппен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп тізбектей оқыту.
12. Дәптермен жұмыс.
а) Мәтіннен желтоқсан қаһарманының аттарын теріп жазыңдар.
б) Сөздік жұмыс пешене - жазмыш, тағдыр.

13. Шығармашылық тапсырма.
Қайрат Рысқұлбековтың қандай өлеңдерін жатқа білесің?
14. Экран «Өкініш» Қ. Рысқұлбековтың өлеңін мәнерлеп оқу. Оқыған өлең шумақтарына өз сөзімін әңгімелету.
15. Қайрат Рысқұлбеков туралы бірнеше өлеңдермен таныстық.
Ана тілі
Достарыма
Түрме жыры
Әкеме
Ол ақын болар ма еді?
Бауырлар
Анама
Өкініш

Ол тәуелсіздік алу үшін өз жанын қинап, егемендік ел үшін көтеріліске шығып жанын қиған Қайраттың есімі мәңгі ел есінде сақталады. Осы Қайраттың өткен өмірін зерттеп, «Қайсар рухты қазақ» атты кітап шығарған журналист Коммунар Табейдің суретімен танысады.
16. Үйге тапсырма.
а. Мәтінді оқып мазмұнын тереңірек ізденіп айту.
б. Ер есімі – ел есінде атты әңгіме жазу.
17. Бағалау.
18. Осы бейбіт өмірімізде көк жүзімен астасқан қасиетті көк туымыз желбіреп тұр, сондықтан сабағымызды Сайлау Аяулымның орындауындағы «Қазақстан жалауы» әнімен аяқтайық.
9 966
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әйел - Ана
Әйел - Ана
Әйел - Ананың тапқырлығы, батырлығы жөнінде мағлұмат беру; Тілдік қорларын байыта отырып, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту;
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Ақын Қасым Аманжолов туралы мағлұмат ала отырып «Көктем» өлеңінің мазмұны мен мағынасын түсініп, өлеңдегі негізгі ойды ашады, қорытынды жасай білуге үйренеді
Ол ақын болар ма еді? Коммунар Табей
Ол ақын болар ма еді? Коммунар Табей
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шилісу негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Билибаева Қарлығаш
7 - ге көбейту және бөлу
7 - ге көбейту және бөлу
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы №43 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мухаметжанова Д. Т.
Дина
Дина
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байхазан Алмагүл
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×