Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы берекесі

13 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Отбасы берекесі
Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кенейту және өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
Модуль: 1. Сыни тұрғыдан ойлау.
2. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану.
Әдіс - тәсілдері: диалогты оқыту, ментальді карта, ой шақыру, түртіп алу.

Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылармен жылы амандасамын. Сыныпты шағын үш топқа бөлемін.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Сабақтан бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Шағын үш топқа алдында өтілген бөлімнен сұрақ қою.

I - топ «Жануарлар әлемін қорғау» мәтіні бойынша мазмұнын айту.

II - топ - Өсімдіктер мен жануарлардың азайып бара жатқаны неліктен?
- Біздің халқымыз ежелден жануарлар мен өсімдіктерді қалай қорғаған? «Қызыл кітап» туралы не білесің?

III - топ - Қазақ халқы қандай жануарлар мен құстарды қасиетті санаған?
Сонымен балалар, туған жер табиғаты - халқымыздың ұлттық мақтанышы. Сондықтан оны аялап қорғауға, оның байлығын еселеп арттыруға үлес қосқанымыз жөн.

Жұмбақ шешу
Маған да, саған да
Жақын туыс бес адам
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы
Өзгермейді еш одан
Бәрі де өз жұртың
Айтады, кәне кім атын?

- Осы кісілерді басқа сөзбен қалай айтуға болады?
«Отбасы» деп айтуға болады.
«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Әр баланың алғашқы қадамы. Отбасы - ол да бір шағын мемлекет.
15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы бекітілген.
- Отбасын кімдер құрайды?
Ана, әке, ата, әже, аға, қарындас, әпке, іні
Өте жақсы.
- Ендеше, балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Отбасының берекесі».
- Осы кезде есік қағылады.
- Балалар, бізге ата мен әже келіп қалған екен төрлетіңіздер!
- Ата мен әже. Қырықтың бірі қыдыр – деген.
- Кәне, балалар әженің әкелген «Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық.
1. Не тәтті? Не жұмсақ? Не қатты?
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды?
3. Отбасының ұйытқысы кім?
А) Мұғалімнің оқуы, түсіндіруі.
Б) оқушыларға тізбектей оқыту.
В) Қазыбек бидің жауабын түсіндіру.

Топтық жұмыс.
Үш топқа оқулықтағы мақал - мәтелдерді оқып мағынасын ашу.
1. Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені.
2. Сыйласаң, сыйлы боларсың.
3. Өнер алды - бірлік,
Ырыс алды – тірлік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 105
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасының берекесі
Отбасының берекесі
Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кенейту. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
Міржақып Дулатов «Қыс»
Міржақып Дулатов «Қыс»
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Альмусина Жанар Сайлауовна
Отбасының берекесі
Отбасының берекесі
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Келешова Гульсун Махаммедовна
Ғабит Мүсірепов «Көлде»
Ғабит Мүсірепов «Көлде»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тураева Гульнара
Қызыл кітап құпиясы
Қызыл кітап құпиясы
№7 Қалалық балабақшаның тәрбиешісі Халматова Райхан Нуртазаевна
Отбасының берекесі
Отбасының берекесі
Шотыбасова Анар Асановна Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы № 19 орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×