Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем. Сырбай Мәуленов "Жырау"

18 қаңтар 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Сөйлем. С. Мәуленов. Жырау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жыр, жырау, жыршы туралы түсінік беру, ұғымдарды ажырату, қиын сөздердің мағынасымен таныстыру. Бұқар жырау туралы ақпарат беру, оның елін сүйген, халқының қамын ойлаған, ұлы данышпан тұлға ретіндегі бейнесін үлгі ету, тәрбиелеу. Қазіргі кездегі жыраулар жайлы ақпарат беру, толғау тыңдау.
Сабақтың міндеттері:
білімдік: Сөйлем туралы түсінігін кеңейту, сұрақтар қоя білуге үйрету.
дамытушылық: оқушылардың оқу әрекетімен шұғылдану арқылы теориялық ойлау, сөйлеу, қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа жетелеу.
тәрбиелік: Оқушыларды сөздердің қолдану ерекшеліктерін байқау арқылы сөз құдіретін түсіне білуге тәрбиелеу.
Оқытудың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру, дәлелдеу, ізденушілік.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн, достым!
Қайырлы күн болсын.
Бейсенбінің күні
Сәттілікке толсын
Бүгін алар бағамыз
Кілең «бестік» болсын.

Үй жұмысын тексеру: сұрақ - жауап әдісі бойынша өтілген материалды қайталау.
1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
2. Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
3. Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер тауып атаңдар.
4. Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер тауып атаңдар.

«Үндемес» ойыны
Цифрларды көрсету
1, 5, 7, 9, 10

Жаңа сабақ: Мақсатын хабарлау, сөйлем туралы білетіндеріңді ортаға салыңдар.
Ой қозғау: әріптер, сөздер, сөйлемдер жазылған.
к, п, а, і, т
оқушы, оқыды, кітап.
Проблемалық сұрақтар қою:
- Балалар, бірінші қатарда нелер жазылған?
- Әріп деген не?
- Жоғарыдағы әріптерден қандай сөз құрауға болады?
- Ал екінші қатарда ше?
- Сөз дегеніміз не?
1 - тапсырма: Ендеше, екінші қатардағы сөздерден сөйлем құрастырып көрейік.
Сөйлемнің ережесі қайталанады.
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді, бас әріптен басталып жазылады, сөздер бір - бірінен бөлек жазылады, айтылу мақсатына қарай тыныс белгісі қойылады.
2 - тапсырма: Ой сергіту жаттығуы: «Мұқият бол!» (сигналдық карточкамен жұмыс).
Шарты: сөздер оқылғанда көк, сөйлемдер оқылғанда қызыл, буындар оқылғанда сары карточкаларды көтеру.
Дыбыс –– буын — сөз — сөйлем.

Оқулықпен жұмыс:
148 - жаттығу. 1. Әр сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар.
2. Әр сөйлемде неше сөз бар екенін анықтаңдар. Сөйлемдегі сөздердің бір - бірінен бөлек жазылатынын аңғарыңдар.
149 - жаттығу. Ізденушілік деңгейдегі тапсырма.
1. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазыңдар.
Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазыңдар.
(Алғашқы үш сөйлемін жазу.)

Сергіту сәті:
Өнер қуған баламыз,
Кілең бестік аламыз
Әнші ертең боламыз
Күйші ертең болармыз,
Мүмкін жыршы болармыз,
Әлде биші болармыз,
Кім болсақ та әйтеуір
Аман - есен болайық.

Шығармашылық тапсырма:
Оқылатын сөздердің ішінен кім? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді атайық. Әнші, биші, жыршы, күйші.
Бұл сөздерді бір сөзбен қалай атауға болады? Өнер адамдары.

Сөздік жұмыс: Әр сөздің мағынасына тоқталу, оқушылардың ойын тыңдау.
Әнші - ән айтатын адам.
Биші - бидің қыр - сырын танитын, жақсы билейтін адам.
Күйші - домбырада күй тартатын адам.
Қазір біз жыр, жыршы, жырау сөздерінің мағынасының талдап түсініп көрейік. Сонымен жыршы сөзінің түбірі жыр, ендеше жыр дегеніміз не екен? соған тоқталайық.
Жыршы дегеніміз - жыр айтушы, таратушы, жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақалмен, әнмен айтады.
Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі.
Жырауларды атап айтатын болсақ Асан қайғы, Қазтуған жырау, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Шал ақын.

Оқулықпен жұмыс: С. Мәуленовтің «Жырау» өлеңін мәнерлеп оқып, мағынасына мән беру.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Қисса - әңгіме, аңыз, ауыз әдебиетіне тән эпикалық жанр, дастан.
Абыз - ел басқару ісіне араласып отырған саяси тұлға болған ғұлама, көріпкел.
Мына шешендік сөздерге назар аударайық.
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас. ( Бұқар жырау)

Бұқар жырау
Өз заманында Бұқар жырау білімдар адам болған. Бұқар Қалқаманұлы - қазақтың аса көрнекті жырауы, мемлекеттік қайраткері. Ұзақ ғұмыр сүрген ол көптеген тарихи оқиғалардың куәгері. Тәуке хан тұсында беделді билердің бірі болған.
Өз туындыларында өзекті мәселелерді көтерген абыз ақын халықты бірлікке, достыққа және батылдыққа үндейді. Абылайдың кейбір іс - әрекеттерін қатты сынаған ол айбарлы ханның ақылшысы ғана емес, мемлекеттік саясат істеріне ықпал етіп отырған қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналды.
Қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы, Далба тауының баурайында қайтыс болған.
Балалар, қазіргі кезде де жыраулар бар, олар да жыр, толғаулар айтады. Жаңағы аталған жыраулар қалдырған асыл мұраларды қазір бізге жеткізіп жүрген аға - әпке жырауларымыз жеткілікті. Қазір сол жырау ағаларыңның бірі Бекболат Тілеуханның орындауында Қазтуған жыраудың «Қайран Еділ» атты толғауын тыңдайық. Толғауды тыңдау.

Қазтуған жырау.
Бұл толғауда халықтың туған мекені – Еділін тастап басқа жаққа қоныс тебуін меңзейді. Жыраудың бұл толғауы атамекен, туған жерге деген ыстық сезім, зор махаббатын танытады.
Қорытындылау
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем неден құралады?
- Қандай жыраулармен таныстық?

Үйге тапсырма: 151 - жаттығу, ережені қайталау. С. Мәуленов. «Жырау»
5 432
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыраулар поэзиясы. Бұқар жырау
Жыраулар поэзиясы. Бұқар жырау
Бұқар жыраудың өмірі мен толғаулары мағлұмат беру. ХҮ – ХҮІІІ ғ жыраулар поэзиясы туралы түсіндіру. Дәлелді пікір айтуға баулу, шешен сөйлеуге, өз ойын нақты жеткізуге дағдыландыру, тіл дамыту.
Сөйлем
Сөйлем
Бастауыш сынып мұғалімі: Самбетова Айнұр
Тест "Жыраулық дәстүр"
Тест "Жыраулық дәстүр"
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, №5 орта мектеп музыка мұғалімі Есмуханова Самал Жанатлековна
Ақтамберді жырау
Ақтамберді жырау
Астана қаласы, №36 орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Тұрсынхан Г. Т
"Бұқар жырау" Сөйлем
"Бұқар жырау" Сөйлем
Атырау қаласы, Дамбы селосы, Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дюсегалиева Бақтылы Айғалиқызы
Сыр сүлейі - Нұртуған
Сыр сүлейі - Нұртуған
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×