Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем

21 мам 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
Жетісай қаласы, "№122 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Самбетова Айнұр

Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Жырау.

Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға сөйлем, жырау туралы түсінік бере отырып, шығармашылыққа баулу.
ә) оқушылардың сөздік қорын арттыру.
б) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, топтық жұмыс.
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: суреттер, ребустер, жұмбақтар.
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер: Семантикалық карта, Венн диаграммасы, кластер әдісі, слайд.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау.
Психологиялық ахуал.
Қайырлы күн достар,
Бүгінгі күн міне,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестіктер болсын.

Топқа бөлу
1 - топ. Зат есім.
2 - топ. Етістік.
3 - топ. Сын есім.
4 - топ. Сан есім.

Топ басшы сайлау.
Топ ережесін айту.
1. Топ басшыға бағыну.
2. Тыныштық сақтау
3. Сабаққа белсене қатысу.
4. Бір - бірін сыйлау.

Әр топтан бір оқушы тұрып өз тобының ережесін айтып, қалған оқушылар сол ережеге байланысты бір - бір мысал келтіреді.
Үй тапсырмасын сұрау. 146 - жаттығу. Әр топтан бір оқушы тұрып екі сөйлемнен оқып, талдап сұрақ жауап арқылы бағаланады.
Мақсат қою кезеңі. Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Сөйлем.

Жаңа сабақ. Сөйлем.
Мұғалімнің түсіндіруі.
1. Сөйлем сөзден құралады.
2. Сөйлемдегі сөздер бір - бірінен бөлек жазылады.
3 Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
4 Сөйлемнен соң нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі қойылады.

Сөйлемнің түрлері: 1 Хабарлы сөйлем.
2 Сұраулы сөйлем.
3 Лепті сөйлем.
Мысалы: Марат мектепке барды. (хабарлы сөйлем)
Самал сабақтан келді ме? (сұраулы сөйлем)
Алақай, ағам келді! (лепті сөйлем)

Оқулықпен жұмыс. 148 - жаттығу. Әр сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыту. Әр сөйлемде неше сөз бар екенін анықтау. Сөйлемдегі сөздердің бір - бірінен бөлек жазылатынын аңғарту.

Қыс келді.
Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Жылғалардан су ақты. Өзендер тасыды. Мал төлдеді. Жылы жақтан құстар ұшып келді.

Сергіту сәтін орындау. Аяқпенен топ - топ - топ.

Дәптермен жұмыс. 149 жаттығу. Оқушыларға орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаздыру.
Ойнады балалар жасырынбақ. Амантай қалды арыққа жата. Тығылды қалқасына Сәуле теректің. Жамал бастады іздей оларды.

Жырау. Жырау туралы түсінік беру. Жырау - өзі ақын, өзі жыр жазатын адамды айтамыз. Жыраулар: Ақтамберді жырау, Шалкиіз жырау, Бұқар жырау, т б. Суреттерін көрсету арқылы таныстыру.

Жырау Өлеңді оқып беріп, мазмұнымен таныстыру. Оқушыларға кезекпен оқытып шығу.

Оқулықпен жұмыс.
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас. Бұқар жырау.

Топтық жұмыс. Осы мақалға сүйене отырып әр топқа тапсырма беру.

Жақсылық пен жамандық туралы тапсырма орындау.
1 - топ. Венн диаграммасы.
2 - топ Мақал - мәтел жазу.
3 - топ Кластер әдісі.
4 - топ. Шығарма жазу.
Әр топтан топ басшы шығып өз тапсырмаларын қорғайды.

Жұмбақ шешу.
1. Өзім сөзден тұрамын,
Біткен ойды құрамын. (Сөйлем)

2. Сөзді құрап доп түземін
Қоя қалсаң бір тары,
Жаңалықты жеткіземін. (Хабарлы сөйлем)

3. Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөзді қалап тұрады. (Сұраулы сөйлем)

4. Ұранды, шаттықты,
Өкініш, аптықты,
Білдіріп ойын талайдың,
Шарға ине қадаймын. (Лепті сөйлем)

Сабақты қорытындылау: Сұрақ - жауап арқылы пысықтау.
1) Сөйлем неден құралады?
2) Сөйлем дегеніміз не?
3) Сөйлемнің түрлері?

Біле бер, қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле - біле. (Ж. Баласағұн)

Сабаққа белсене қатысқан топты және қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
Үйге тапсырма: Жырау жаттап келу.
3 258
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, "№122 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Самбетова Айнұр Спанбекқызы
"Мал атасы" Дауыссыз дыбыстар
"Мал атасы" Дауыссыз дыбыстар
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, № 44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қыстаубай Арайлым Әскербекқызы
Етістік
Етістік
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жалмуханова Балауса Хоныспаевна
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Күншығарова Сәния Капизуллаевна
Сөйлем. Сөз. Аққала
Сөйлем. Сөз. Аққала
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Раушанова Жанаргүл Мақсотқызы
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×