Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өткенді қайталау

19 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика. 1 - сынып

Математика. 1 - сынып
Тақырыбы: Өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: Өткен материалды пысықтауға арналған жаттығу жұмыстарын жүргізу
Сабақтың міндеті:
1. Мысалдарды тез есептеуді, кері есептер шығаруды ұқтыру
2. Есептер шығара алу дағдыларын дамыту, логикалық ой өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;
3. Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: интерактивті тақта
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндірме, талдау
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру:
- Балалар, бүгін математика сабағына көп қонақтар келіп отыр. Олар Астана қаласының айтулы ұстаздары, мектеп басшылары. Қане, бәріміз қонақтарға бұрылып қарап, сәлем берейік! Енді бері қарап, бір - бірімізге сәттілік тілеп, отырып, сабақты бастайық. (Слайд) Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау
Ал, қанекей, балалар!
Не оқыдық, не білдік?
Өткізген әрбір сабақты
Ойымызға алайық,
Білімді ортаға салайық! Теңіз шуы
Сабақтың мақсатын хабарлау
- Біз «Отан қорғаушылар» күніне арналған байқауға дайындалған кезде топты қалай деп атадық? Хормен: «Теңізшілер». Ұранымыз: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәрі үшін!»
- Иә, балалар, біз теңізшілердің өмірі туралы көп білмейміз.
Сондықтан мен бүгінгі сабақта теңізге саяхатқа шығуды ұсынамын.
- Саяхат барысында біз теңізшілер өмірінің қызығы мен қиыншылығын басымыздан өткізе отыра, өткен сабақтарда алған білімдерімізді қайталап, пысықтаймыз. Теңізшілер өміріне байланысты жаңа сөздер үйренеміз.
- Ал, саяхат қызықты да, пайдалы болу үшін сендер сабаққа белсенді қатысып, білімдерінді көрсетулерін керек. Кім саяхатта шапшаң, алғыр, тапқыр және тәртіпті болса, ол балаға жәкір беріп отырамын, саяхат соңында жиналған жәкірлердің санына байланысты баға қойылады.
- Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?
- «Жел оңынан болсын!» деп саяхатқа аттанайық!
- Ендеше, теңізшілер, бүгін сендердің дәптерлерін борт журналына айналады. Ал, борт журналында әдемі, әрі ұқыпты жазулар болу керек. Біз қазір борт журналына алғашқы жазуларымызды жазайық. Саяхатқа аттанған күнімізді, және жұмыстың түрін жазып қояйық.

Көркем жазу
- Қандай сан жазамыз деп ойлайсыңдар?
Жеті бірдей өренбіз
Жеті бірдей шумақпыз
Жеті түрлі бояумыз
Жеті түрлі әуенбіз
Мейлі, бізді мақтама,
Бірақ бекер даттама
(Слайд)
- Ал, неге 7 санын жазуды ұйғардық? Қалай ойлайсыңдар!(киелі сан)
Неге 7 саны киелі? (Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, не жаман түс көрсе, жеті шелпек пісіріп, таратады. Алушы адам «Қабыл болсын!», таратушы адам «Әумин» деп айтады. Одан кейін әруақтарға арнап аят оқып, бата қылады. Сонда әруақтардың мұрнына нанның иісі барады. Сосын жеті нан әрқашанда әруақ болып желеп - жебеп, бәле - жаладан қорғап жүреді деп айтады. Бұл 7 санының киелі қасиеті болса керек.
7 санын жазуды көрсету. Оқушылар дәптерлеріне жазады.
7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 77 7 7 7 7 7 7 7 77 7
Ауызша есептеу
Теңізге шығу үшін теңізшілер тобын жинайық, теңізшілер тобын – «Экипаж» деп атайды. Оларға 1 - 10 дейінгі сандарды таратып беремін. Теңізге шығуға дайын екенін білу үшін мен бұйрық беремін.
- Теңізшілер, сандарды өсу ретімен қатарға қой!
- Теңізшілер, сандарды кему ретімен қой! (141 б, №5)
- Жарайсыңдар! (Кеме суреті) Біз мына кемемен саяхатқа шығамыз. Кеме ұнай ма? Кемені бояймыз ба?

9 - сары 7 - қызыл 5 - қоңыр 3 - көгілдір
6 - 3 8+2 10 - 5 8 - 8 7+2
9 - 5 4+3 2+4 5+0 10 - 3
(Оқушылар есептеп, тақтада бояйды.)
- Жарайсыңдар! Кеме дайын! Жәкірді көтер! (Слайд) Біздің кеме ашық мұхитқа шықты. Кім біледі, жер шарында неше мұхит бар? Кім атап бере алады? Слайдпен бекіту
Дәптермен жұмыс
- (Слайд) Ой, мынау не? Бұл мұнда қайдан келген?. Кәне ашып қарайық! (Слайд) Ары қарай қайда бағыт алу керектігі туралы карта бар екен. Картаны оқу үшін мысалдарды есептеп шығару керек.
- (Слайд) Қағазы қалай ескіріп кеткен.!
Шөлмектегі қағаз сарғайып ескірген, ішіндегі жазуға су тиіп, өшіріліп қалыпты. Сондықтан біраз таңбалар көрінбейді. Біз өзіміз есептеп, борт журналына өрнектерді әдемілеп жазайық
8+*=9
6 -*=3
*- 5=2
10 -*=4
*+3=7
2+*=8

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 181
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару жолдарын меңгерту. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешуді үйрету. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Сөз құрамы
Сөз құрамы
2 - сыныпта өткенді қайталау, жүйелеу; сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін пысықтау; сөзді талдау қабілеттерін дамыту; сөз мағынасын ұғыну қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін дамыту;
Есеп * + 2, * - 2
Есеп * + 2, * - 2
Оқушылардың есептер шығару, теңдіктер құрастыру, өрнектерді салыстыру, сандар құрамын анықтай білу дағдыларын бекіту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту.
Өткенді пысықтау (математика)
Өткенді пысықтау (математика)
Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, № 4 Булаево орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Габдулина Зәмзәгүл Берлинқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×