Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ас қорыту мүшелері және оның қызметі

30 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелері және оның қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ас қорыту мүшелері және оның қызметімен кеңірек таныстыру. Дамытушылық: Оқушылардың өздерінің ағзасындағы мүшелерінің
Атқаратын қызметі күрделі құбылыс жайлы түсінігін кеңейту. тәрбиелігі:
Оқушыларды тазалыққа, салауатты өмір салтына баулу. рухани байлығын
Қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру, таныстыру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Суреттер, сызбалар, ой қозғау. Сұрақ – жауап түсіндіру.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
- Адамға екі көз не үшін қажет?- Айналамыздағы жақсыны көру үшін.
Екі құлақ не үшін қажет?— Жақсы сөз есту үшін.
- Мұрын не үшін қажет?- Иіс сезу үшін.
- Ауыз не үшін керек?- Айналамыздағы адамдармен сөйлесу үшін, Таза ауа жұту үшін қажет.
Үй тапсырмасын сұрау.
Тыныс алу мүшелерін ата
Өкпе дененің қай бөлігінде орналасқан?
Тыныс алу мен шығарудың қандай маңызы бар?
Адам ауа мен дем алғанда ол қайда барады?

3. Жаңа сабақ
Ой қозғау
Адамға ең қажетті не нәрсе? Ауа
Өзі мөлдір және түссіз бұл не?
- ауа
Тіршіліктің қайнар көзі табиғат байлығы не?
- су
Адам мен өсімдіктер үшін ең қажетті не?
- жарық
Адамға күш - қуат беретін не?
- тамақ
Тамақ сөзін тағы қалай айтуға болады?
- ас, дәм деп айтуға болады.
Кәне кім ас жайында мақал мәтелдер біледі екен?
«Ас адамның арқауы»
«Ас – елдің құты»
«Өзен жағалағанның өзегі талмас!»
«Ет – етке, сорпа – бетке!»
«Таcпен атқанды аспен ат!»
Онда біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз асқорыту мүшелері жайында.
Табиғатта тіршілік етуші тіршілік иелері тамақсыз тіршілік ете алмайды. «Шымырдың сезімі – сергек», ал ас біздің дене мүшелерімізге қалай тарайды?

Ой қозғау: Партаның үстіне қызыл алма, банан қойып балдардың назарын солай аударту керек.
- Алманы, бананды көргенде қандай ой келді?-(жегіміз келді)
- Ауызымыздың қуысында жегіміз келгендіктен сілекей бөлініп жатыр.
(Балалар алманы тістейді және шайнап жейді)
- Қанекей, балалар, шайнап болғасын жұтамыз, саусақтарымызбен тамағымызды ұстайық (жұтынамыз)
- Балалар астың өткені білінді ме?
– (иә)
- Астың өткен жерін «жұтқыншақ» дейміз. (Жұтқыншақтан өңеш арқылы қарынға түседі)
Слайдтан көрсету
Қарынға түскен ас ауыздан бөлінген сілекей, бауырдан бөлінген өт, ұйқы безінен бөлінген сөл арқылы қорытылады. Қорытылу дегеніміз - астың араласқан қоймалжың сұйықтыққа айналуы. Енді қорытылған ас ащы ішекке өтеді. Ащы ішектер арқылы қоректік заттар қанға өтеді де дененің барлық мүшесін қоректендіріп, ал қорытылмаған ас тоқ ішекке өтеді де одан тік ішек арқалы сыртқа шығады.

Сергіту сәті:
Ойын түрінде (допты лақтыра отырып сұрақ тастау )
- Ас қорыту мүшесін ата?
- ауыз қуысы – жұтқыншақ – өңеш – қарын – ас ішек – тоқ ішек – тік ішек.
Тамақтану гигиенасы. Тамақтанудың да белгілі тәртіптері бар.
Тамақтануға қатысты түрлі тазалық ережелері:
1. Тамақтанар алдында қолды сабындап жуу.
2. Жеміс - жидекті жуып жеу.
Тамақтану гигиенасы туралы мәтінді оқу сөздік жұмыс.

Дәптермен жұмыс: Ас қорыту Мүшелеріне: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек. Тамақтанудың белгілі тәртіптері. Тамақтанудың ережелері жайында жазып алу.
Үй тапсырмасы: Ас қорыту мүшелері қызметін, тісті күту, тамақтану ережесін әңгімелеу.
Қорытынды:«түртіп алу»әдісі.
Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?
Оқушыларды бағалау.
7 981
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Орта мерзімді жоспарлауы. Қазақ тілі
Орта мерзімді жоспарлауы. Қазақ тілі
Тыныс алу мүшелері және қызметі туралы білу, тыныс алу гигиенасының маңызын түсіну, өзгенің пікірін сыйлауға дағдылану.
Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері). Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі
Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері). Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі
Салауатты өмір салтын сақтауынан, өз - өзіне қызмет етуінен, өз организмін күтуінен; Жүйелі - әрекеттік нәтижелер: танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен көрініс табуы қажет.
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа, көмекей, кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі. Өкпенің құрылысы мен қызметі. Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу.
Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі мүшесінің құрылысы
Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі мүшесінің құрылысы
Атырау облысы, Истатай ауданы, Х. Ерғалиев ауылы, Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің биология пәні мұғалімі Елубаева Алмажай
Жүрек – қан айналым мүшесі
Жүрек – қан айналым мүшесі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 мектеп – гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Тоғымбаева Айнұр Әбдімүнәпқызы
Ас қорыту мүшелері және олардың қасиеттері
Ас қорыту мүшелері және олардың қасиеттері
Ақтөбе қаласы, Ойыл ауданы, Сарбие селосы, Сапақкөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сүйесинова Айнамкөз Қаршығақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×