Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өтебай Тұрманжанов. Қарлығаш

22 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қ.Пірімов атындағы ауылы,
№103 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Тоқсанбаева Биғанша

Сабақтың тақырыбы: Өтебай Тұрманжанов. Қарлығаш
Сабақтың мақсаты:
1. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, табиғат пен адам баласының арасындағы байланысты меңгеру.
2. Ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, өлеңді мәнерлеп оқуға өз сөздерімен әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге машықтандыру.
3. Табиғаттың адам өміріне, жан жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың түрі: Әңгімелеу, сұрақ жауап, көрнекілікпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, мәнерлеп айту, оқу.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі, математика, технология, ән әуез т.б.
Көрнекілігі: Оқулық, Өтебай Тұрманжанов суреті, үнтаспа, сюжетті суреттер, (құстардың суреті) жұмбақтар.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Үй тапсырмасын бекіту.
• Біз қазір қай тарауды оқып жатырмыз?
• Туған жерім тұғырым, өскен елім өзегім?
• Үйге қандай тапсырма берілді?
• Сансызбай Сарғасқаевтің «Шыбық» әңгімесін түсініп, оқып келу.
А) Әңгіме неге «Шыбық» деп аталған?
ә) Сен Темірдің орнында болсаң не істер едің? Бақыттың орнында болсаң ше? Орманға жалғыз кетер ме едің, әлде бармай ақ, үйіңе қайтып келер ме едің?
Б) Бақыт пен Темірдің қылықтарын салыстыр. Саған олардың қайсысы ұнайды? Бақыт пен Темірге мінездеме бер.
• Олай болса, сендер де осы шыбықтай өсіп, келе жатқан егеменді еліміздің болашағысыздар.
Жақсы әдеттерді үйреніп, жаман қылықтардан аулақ болайық.

ІІІ. Жаңа сабақты: сөзжұмбақ шешу арқылы «қарлығаш» сөзін шығару.
• Олай болса, біз бүгін Өтебай Тұрманжановтың «Қарлығаш» өлеңін оқимыз.
Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында дүниеге келген.
Қазақ мақал мәтелдерінің құрастырған, балаларға арналған «Біздің қарлығаш» әңгімелер жинағы, «Ұршық» өлеңдер жинағы бар.
а) Осы өлеңге байланысты өз ойларын шығармашылық жұмыспен байланыстырады (4 мин).
1 қаңтар ------------------------------------ 2 қаңтар ---------------------------------------3 қаңтар
Құстар туралы ---------------------------- Жұмбақтар ---------------------------------- Құстарға байланысты
әңгіме жазу -------------------------------- Ойлану --------------------------------------- өлең шығар
ә) Тақтадан сюжетті сурет көріп, ойларын ауызша айту (құстар тұр)
ІY. Оқулықпен жұмыс.
А) Мұғалім оқиды.
ә) Өлеңді балалардың оқуы.
б) Балалар құраған әңгімелері мен өлеңінің мазмұнындағы өзгешелік болса тоқталу.
В) жағымды, жағымсыз (кейіпкерлер) жәндіктер туралы айту. Салыстыру.
Y. Өздік жұмыс, өлеңді мәнерлеп оқу.
Дәптермен жұмыс.
А) Осы жерде қыстап қалған құстарды жазыңдар.
ә) Өлеңде түсініксіз сөздердің мағынасын ашу. Қырмызы бел, тоқсан тоғыз, қиянат, тоқ санап.

YІ. Сабақты бекіту, қорыту. Біздің халық ежелден ақ құстарға әуес, халық ұлдарын сұнқарға теңесе, төгілтіп ән шырқыраған әншісін бұлбұлға, батырларын бүркітке, елден асқан сұлуларын аққуға теңеген. Ата-бабаларымыз құстардың атымен қыздардың есімдерін қойған. Мысалы: Сандуғаш, Ұлар, Қарлығаш. Құстардың қанатына қарап, ою өрнектер де салған. Ән де шырқаған.
А) Ахмет Жұбатқановтың әні «Қарлығашты» тыңдау (үнтаспадан).
ә) Құстар ауа райын да болжайды екен.
1. Шағала келсе, сең бұзылады.
2. Көкек қатты, әрі жие шақырса, күн жылынады.
3. Қарлығаш өрлеп ұшса, күн жылы, құрғақ болады. Ал жер барлап ұшса, жаңбыр жауады.
Б) «Ұшты- ұшты» ойыны.
Ұшты - ұшты сұңқар ұшты.
Ұшты - ұшты тұлпар ұшты.
Ұшты - ұшты сандуғаш ұшты.
Ұшты - ұшты қарлығаш ұшты.
( Ішінен зат есімді тауып, белгіле).
В) Мына өрнектердің мәнін тауып, орнына қойсақ, құстар туралы сөз шығады «Құстар біздің досымыз» деген.
Г) Ермексаздан құстың суретін салу.
Д) Мультфильм қою.

YІІ. Бағалау. Үйге тапсырмалар беру.
«Құстар біздің досымыз» тақырыбына әңгіме құрап, альбом жасау.
өлеңді мәнерлеп оқу, түсінік айту.
Сабаққа жақсы араласып, жақсы жауап берген оқушыларға (7-8 оқушыларға)
баға қоямын.
23 557
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінің мағынасын түсіндіру және туған өлке, туған жер, атамекен туралы түсінік беру.
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Табиғаттың адам өміріне, жан - жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.
Қарлығаш
Қарлығаш
Біздің халық ежелден ақ құстарға әуес, халық ұлдарын сұнқарға теңесе, төгілтіп ән шырқыраған әншісін бұлбұлға, батырларын бүркітке, елден асқан сұлуларын аққуға теңеген. Ата - бабаларымыз құстардың атымен қыздардың есімдерін қойған. Мысалы:
Ө. Тұрманжанов Қарлығаш
Ө. Тұрманжанов Қарлығаш
ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, өлеңді мәнерлеп оқуға өз сөздерімен әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге машықтандыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Табиғаттың адам өміріне, жан -жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×