Білімділер поралы

Ғарыш дегеніміз не?

Дүниетану 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғарыш дегеніміз не?
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың оқу қаблеттерін, білім, білік таным ерекшелігін арттыру, оқушының өз жетістіктерін өздеріне талдата отырып, оқушыларға ғарыш және жердің ғарыштағы орны жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: оқушыларға аспан денелері туралы қарапайым түсініктерді түсіндіру, қосымша деректер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байыту, шығармашылық ізденіске бағыт беру.
Тәрбиелілігі: Іздемпаздыққа, табиғатты қорғауға, аялау тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғым беру.
Пән аралық байланыс: Математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу,
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, ғарышкерлердің суреттері, ойындар,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
1. Кезекші жауабы.
2. Сабаққа даярлау: Кел, балалар келіңдер,
Сабағымызды көріңдер.
Кәне қарап шығыңдар,
Білім барда, оқу бар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау.(слайд)
- Тау өсімдіктері мен жануарларын қорғаудың қандай жолдары бар?
- Өсімдіктерін қорғамаса адамзатқа қандай кері әсері болар еді?
- Жануарларын неге қорғап қалу үшін қорықтар құрылған?
Өткен сабақты бекіту: « Қызықты жетілік» ойыны

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе
Жұмбақ:
Қараңғыда жымыңдайды жанады,
Жарық түссе, бірден сөніп қалады. (Жұлыз)
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда ғарыш туралы білетін боламыз.
- Ол үшін «Ғарыш дегеніміз не?» тақырыбын оқиық.

Мәтінмен жұмыс: Мәтінді топқа бөліп оқып түсіндіріп беру.
- Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жапырылған жұлдыздарды көресің. Енді кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді бірі бірде күшейіп, бірде әлсіреген отты елестетеді Шынында да, олардың әр қайсысы Күнге ұқсас жанып тұрған, орасан газ шарлар. Ең ірілері күннен ондаған есе, тіпті жүздеген есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар.
Жай көзбен қарағанда аспан әлемінде 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы ең жаңа құралдармен есепке алғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы сан миллиардтан асып кетеді.
Жерге ең жақын жұлдыз – Күн. Оның төңірегінде ірі аспан денелері планеталар айналып жүреді. Грекше планета – адасушы жұлдыз деген сөз.
Планеталар — өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді. Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі - Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Күн жүйесі – Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады..
Жерді қоршаған бүкіл дүние – ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады.
Адам ерте кезден – ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 - қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. Ол — Ю. А. Гагарин.
Оқулық бойынша қосымша материалмен таныстыру. ( Слайд бойынша түсіндіру)
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс: Күн жүйесін, ғарыштың анықтамасын жазып алу
Қорытындылау: (Ойын «Кім тапқыр»)
Топтық жұмыс:
І топ Шолпан:
- Жұлдыз деген не? Планетаның жұлдыздан қандай айырмасы бар?
ІІ топ Марс:
- Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді?
ІІІ топ Нептун:
- Ғарыштан алынған ақпараттардың шаруашылық үшін қандай маңызы бар?
Үй тапсырмасы: Оқып түсінігін айту.
Бағалау.

Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы, №18 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Илясова А.И.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 101
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 101
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика