Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мемлекеттік тіл. Буын.

23 қазан 2016, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
1 сынып
Тақырыбы: Мемлекеттік тіл. Буын.
Мақсаты: Оқушылардың түсініп, дұрыс оқу және көркем жазу дағдыларын жетілдіру:
1. Буын жайлы түсініктерін тереңдету
2. Сөздік қорын байыту
3. Кішіпейілдікке, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Мәтінді оқи отырып, сабаққа деген қызығушылығы артады.
Мәнерлі сөйлеуге дағдыланады.
Шығармашылық ізденісі дамиды.
Сабақтың әдісі Топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, сәйкестендіру.
Керекті жабдықтар Суреттер, сәйкестендіру қағазы, қағаздан жасалған гүлдер

Ұйымдастыру кезеңі 5 минут
Шаттық шеңберін ұйымдастырамын
Топқа бөлу
Үй тапсырмасын тексеру 10 минут
«Миға шабуыл»
Үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қоямын.
«Біздің елтаңба» өлеңін мәнерлеп оқытамын.

Жаңа сабақ 20 минут

Мәтінді оқимын.
Мәтін бойынша сұрақтар:
- Мәтін не туралы?
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл?
- Қазақстанда қандай халықтар мекендейді?
- Еліміздің Қазақ елі деп аталуы неліктен?
- Тіл туралы қандай өлең білесің?

Дәптермен жұмыс
83 - жаттығу
Өлеңді көп нүктенің орнына тиісті буынды қойып көшіріп жаз.
Ортақ мекен - жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы.
Достығымыз жарасқан.
Сергіту жаттығуы
Бір буынды сөздер ----------- Екі буынды сөз
Жер, күн, ай, нан, ------------- халық, парта,
тас, ұя, көл, бал, --------------- ойын, мектеп,
бақ, тіл, тіс ---------------------- есік, қалам,
-------------------------------------- дәптер, кітап

84 - жаттығу
Суреттегілердің мекен - жайын тап.
Сәйкестендіру.

Қорытынды 10 минут
Ой толғаныс
Буыннан сөз ойлап табу (са, жа, ба)
Үй тапсырма беру 3 минут
Тіл туралы бір шумақ өлең жазып келу
Бағалау 2 минут
Бағдаршамның көздері арқылы өздеріне бағалату.

Бастауыш сынып мұғалімі Салықбаева Маржан Нұржанқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 478
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Оқушылар күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздердің анықтамасын білу керек.
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету;
Мәтін (пайымдау)
Мәтін (пайымдау)
Мәтіннің пайымдау түрін толық меңгерту, суреттер арқылы мәтін құрастырып, пайымдай білуге баулу Баланың тілін бейнелі сөзбен байыту, сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты көркем жазу дағдыларын жетілдіру
Тымақ
Тымақ
Манғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алдабергенова Жаннат Алдабергеновна
Қазақстан Республикасы (4-сынып)
Қазақстан Республикасы (4-сынып)
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сембаева Асель Сериковна
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Атамекен, туған жер, ел рәміздерін құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×