Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


6 саны мен цифры

12 желтоқсан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ШҚО, Аягөз қаласы
Қалалық көп салалы қазақ мектеп - гимназиясы
Бастауыш класс мұғалімі Садуақасова Гүлназ

Тақырыбы: 6 саны мен цифры
Мақсаты:
1. 6 саны, оның цифрымен таныстыру, 6 санының пайда болуы, қосу, азайту таңбаларын қолданып, есептер құрастыру.
2. Ойын түріндегі тапсырмаларды беру арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Түрлі математикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі шапшаңдылыққа тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Кеспе цифрлар, суреттер, ойыншық.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
Сабаққа қажет құрал жабдықтарды дайындау.
ІІ. Кіріспе: - Біз өткен сабақтарда сандармен таныстық. 1-5 дейінгі сандарды қайталау.

1. Дымбілмес пен оның кішкене күшігі әлі сандарды толық білмейді екен? Олар суреттерді салып санмен байланыстырғанда шатастырып қойған екен, сол қателерін түзейік
2 тапсырма: Шеңбердегі санға байланысты күн шуағын салу.

ІІІ. Жаңа сабақ. 6 саны мен цифры. Оқулықпен жұмыс.
а. Есепшоттың тастарын санау.
Бесеуі қызыл, біреуі күлгін түсте
б. Суретте тізілген үшбұрыштың нешеуі боялған және қандай түсте?
- Алтауы боялған, қызыл түсте боялған.
№ 1 тапсырманы орындау.
- Суретте ақ тиіннің неше жаңғағы бар?
- Бесеу
- Енді біреуін қосып еді нешеу болды?
- 6 жаңғақ болды 5+1=6
- 6 торғай отыр еді, оның біреуі ұшып кетті? Нешеуі қалды?
6-1=5
2) Бүгін бізге қонаққа Бағбан ата мен немересі келіп, олар күзде жеміс, көкөністерін жинап болып, сендерге алма ағашын алып келген екен, ондағы алмалар сиқырлы алмалар екен, әр алманы алып оның тапсырмасын орындаңдар.
1. 3 санының алдыңғы көрінісін тап...3
2. 4 саңырауқұлаққа 2 саңырауқұлақты қосса, қанша саңырауқұлақ болады?
3. 3 үйрекке 3 үйректі қосса қанша үйрек болады?
Орындағандарға сыйлық беру.

IV. Сергіту сәті.
V.Оқулықтағы тапсырманы балалардың өздеріне орындату.
Санағыштарының ішінен 6 таяқшаны санап алу керек, кітаптағы пішіндерді құрату
2) Бұлжытпас 5 санын артқа тастап 6 санына келіп тоқтады.
3) Тура, кері сандар
0123456; 6543210.
- Балалар 6 цифры неге ұнайды?
- Ожауға, төңкеріп қойғанда 9 санына ұқсайды?
Таңбасын көрсету
Сабақты бекіту.
Бүгін Қарлығаштың туған күні екен. Бірақ нешеге толғанын білмейміз. Қане, бәріміз Қарлығаш нешеге толды екен, соны табайықшы?
Торт бетіндегі 6 шырақтан біліп, табу керек.
Сабақты аяқтау. Сабаққа қатысқандарға мадақтау.
17 888
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
8 саны және цифры.
8 саны және цифры.
- Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру. - Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
10 саны және цифры
10 саны және цифры
10 санымен цифрымен таныстыру, құрамын анықтау.
8 саны және цифры.
8 саны және цифры.
Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру. Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
5 саны мен цифры
5 саны мен цифры
Оқушыларды 5 санының жазылу жолдарымен, құрамымен таныстыру. 5 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету. Қосу және азайту амалдарының мағынасын танытып, балалардың білім дағдыларын қалыптастыру. Кесінді бөліктері мен жұмыс жүргізу.
0 саны мен цифры
0 саны мен цифры
0 санының пайда болуы, орны туралы мәлімет беру Қосу, азайту таңбаларын қолданып, есептер құрастыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×