Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


0 саны мен цифры

26 қыркүйек 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
0 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: * 0 саны мен цифрымен таныстыру
* 0 санының пайда болуы, орны туралы мәлімет беру
* Қосу, азайту таңбаларын қолданып, есептер құрастыру
*Ойлау қабілеттерін жетілдіру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру бөлімі.
Балалар, сабағымызды бастамас бұрын, орнымыздан тұрып айналамызға, бір - бірімізге жылылық сезімін білдіріп амандасып алайық.

Қуан, шаттан алақай
Қуанатын кез келді
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін де күн.
- Жақсы, балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Ай аттарын айтамыз.
- Қыркүйек, қазан, қараша.
- Күз мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
- Күн суытады, салқын жел тұрады.
- Тағы да қандай ерекшеліктер болатынын байқау үшін ауыл саябағына саяхат жасаймыз.

Cонымен, балалар саябақта қандай өзгерістерді байқап тұрмыз?

- Ағаштардың жапырақтары сарғайып, сары, қызыл түске боялған. Қурап, желмен жерге түсіп жатыр.

Ойын: «Кім білімді?»
Шарты: Жапырақтарды түстеріне қарай топтастырып, өткен сандарды еске түсіру.
- Қандай түсті жапырақтарды көріп тұрмыз?
- Қызыл, сары түсті.

- Ендеше, балалар жапырақтарды түстеріне қарай топтастырып жинаймыз. Қызыл түсті жапырақ қанша, сары түсті жапырақ қанша?
- Cары түсті бір. Қызыл түсті екі.

- Сонда біз өткен сабақта қандай сандармен таныстық?
- 1 және 2 сандарымен.
- 2 санының алдында қандай сан тұрады?
- 1
- 1 санынан кейін қандай сан тұрады?
- 2
Ойын: «Не өзгерді?»

Шарты: Жаңа сабақпен таныстыру. О ұғымын қалыптастыру.
- Балалар, ағаш бұтағында неше жапырақ бар?
- Екеу.
- Бұтақтың екі жапырағының біреуі ұшып түсті. Неше жапырақ қалды?
- Біреу.
- Қалған бір жапырақ жерге түсті. Бұтақта жапырақ бар ма, жоқ па?
- Жоқ. Бұтақ жапырақсыз қалды.
- Яғни, балалар ештеңе жоқ деген сөз ноль мағынаны білдіреді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

- Мынау ноль санының жазылу таңбасы, цифры 0
0 саны жоқ, бос деген мағынаны білдіреді.
- 0 саны допқа, жұмыртқаға ұқсайды.

0 саны 1 - ден кем, яғни 1 - дің алдында болады.
1
Дәптермен жұмыс: Үлгіге қарап ағаш құртының денесіндегі, қыздың денесіндегі жасырынған 0 - ді қарындашпен бояу. Тор көздегі 0 - ді бастырып жазу.

Ойын:«Кім жылдам.»
Шарты: Күзгі саябақтағы саңырауқұлақты, ағаш бүрлерін қолданып есептер құрастыру.

Ойын: «Қандай таңба»
Шарты: Жаңа сабақты бекіту.
- Бүгін қандай санмен таныстық?
- Ноль деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
- 0 саны неге ұқсайды?
- 0 саны қандай санның алдында тұрады?

- Балалар, осымен сабақ аяқталды. Қойылған сұраққа жауап беріп, сабаққа қатысқан балаларды мадақтау.

Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы, Таушық ауылы
Шахта орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Аханова Назгул Жанбырбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 553
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
10 саны және цифры
10 саны және цифры
10 санының құрамымен таныстыру. 10 көлеміндегі қосу, азайту амалдарын орындату, қатесіз, тез, ауызша есептеуге үйрету.
Күз сыйы
Күз сыйы
Залдың іші күз мезгіліне қарай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің мектепалды дайындық тобының жетекшісі Абилова Лиза Әменқызы
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Күзгі ағаштарды бақылау
Күзгі ағаштарды бақылау
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №5 "Балғын" балабақшасы Әлменова Ботакөз Ақылбекқызы
6 саны мен цифры
6 саны мен цифры
ШҚО, Аягөз қаласы Қалалық көп салалы қазақ мектеп - гимназиясы Бастауыш класс мұғалімі Садуақасова Гүлназ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×