Білімділер поралы
загрузка...

Ы дыбысы және әрпі

Ынталандыру
Жылулық шеңбері
Бала - бала баламыз
Тіл алатын данамыз
5 - ке оқып сабақты
Жақсы бала боламыз

Ізденістер. Ұйымдастыру
1. Балалар сауат ашу оқу іс - әрекетінде нелермен танысамыз
Әріпті қалай танимыз?
Дыбысты қалай байқаймыз?
Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
Енді осы дыбыстарға байланысты өткен әріптердің дыбыстарына тіл жаттықтыру, тіл дамыту жаттығуын жүргізу арқылы өткен дыбыстарды «Әріптер қалай дыбыстайды» ойнымен еске түсіреміз
Балалар тіс дәрігеріне барған кезде ауыздарыңызды ашқанда қандай дыбыс шығарасыздар А - а - а
Жел соққанда қандай дыбыс шығарады У - у - у
Жапырақ желмен ұшып жерге түскенде Ш - ш - ш
Ит ызаланғанда Р - р - р
Сиыр қалай дыбыстайды Мө - мө
Қарға қалай дыбыстайды Қақ - қақ
Қаз қалай дыбыстайды Ға - ға - ға
Есік қаққанда тук - тук
Барабан соққанда Дүңк - дүңк
Шар жарылған кезде. Пах
Жылан қалай ысылдайды С - с
Балалар тақтаға сіздер білетін тағы қандай әріптер ілінбей қалды
Л, Н, О, Й осы әріптердің тақпақтарын айтып әріптер тақтаға ілінеді.
Балалар осы әріптердің барлығы қандай түске боялып келіпті
Бізге қонаққа тауық балапандарымен және түлкі келіпті. Ал тауық бүгінгі әріптердің барлығы да көк түске боялғандықтан дайысты дыбысты ажырата алмай тұр екен. Біз тауыққа көмектеспесек түлкі балапандарды жеп қояды. Ендеше дауысты дыбыстарды тауып текшемен белгілеп түлкіге балапандарды жегізбеуге көмектесейік
А, У, Ш, Р, М, Т, Д, Қ, Ғ, П, С, Л, Н, О, Й.

Балалар сіздер өткен әріпті жақсы меңгерген екенсіздер, сіздерге көп рахмет!

II. Жаңа сабақ.
Сабақ Ы дыбысына байланысты суреттерді көрсету арқылы ашылады
Суреттер:
Қасық не үшін керек?
Кесе, шай құман, кастрюл суреттері бөлек - бөлек көрсетіледі
Осының бәрін не дейміз?
Біртұтас ыдыстардың суреті көрсетіледі
Ыдыс деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі
Ы дыбысын айтқызу 2 - 3 рет қайталайды
Міне, мынау - әріп таңбасы, - деп үлкен, кіші Ы ы әрпі көрсетіледі
Айтылуына қарай қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
Жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма
Демек, ы дыбысы - жуан дауысты дыбыс.
Ыдыс сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Ы Д Ы С - текшемен белгіленеді

Алдарында текшелерге қарап, осы сөзде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар екенін кім айтады?
Ыдыс сөзі неше буыннан тұрады?
Кеспе әріппен ыдыс сөзін буынға бөліп жазып, оқыту.
Ы - ДЫС
Ы дыбысына байланысты мынадай сөздермен танысайық.
ЫҚЫЛАС, Ыбырай, ЫДЫС, ЫНТА, ЫРЫС, ЫҚТИЯР - сөздер тақтаға ілінеді
Тіл жаттықтыру
Ы ы, ыс, ыс
Біз жуамыз ы - дыс
Ы дыбысына тақпақ оқу
Ықылас, ынта сезімде
Ынтық бол білім көзіне
Ынтамен ұғын білімді
Ықтия кілті өзіңде
5. Сергіту сәті
Әліппе дәптерімен жұмыс
1. Суретпен жұмыс
Ы Д Ы С
Ы дыбысы сөздің қай жерінде орналасады
2. Ы дыбысын ауада жазу
3. Ы дыбысын дәптерге жазу
4. сөздерді оқу
5. Ребус шешу
- ш - ы
Домбыра муз. аспап
- шы буынын қосқанда домбырашы адамға айналады
Енді топқа бөлініп ойнайық
1 - топ «Әріпке буын қос»
та
А на
па
ға

2 - топ «Буынға буын қос»

3 - топ «Шатыспақ»
Н О А Т Р А Ш С Д Ы Ы
ОТАН ШАР ЫДЫС

6. Сюжетті суретке қарап әңгіме құрау.

7. Үлестірмелі суреттермен жұмыс жүргізу
Оқушыларға балық, қайық, мысық, қайшы, суреттері таратылды.
Балалар әр суреттегі заттың атын атап, сөйлем құрастыруы керек.
Сұрақтар қою.
- Әр сөйлемде неше сөз бар?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ойын-сауық отауы
Үздік жаңалықтар
загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 40
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 39
Роботтар: 3
Орыншат
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • БГК
    Жазған: БГК
  • Венерок
    Жазған: Венерок
  • guizira1983
    Жазған: guizira1983
  • Кеулимжай
    Жазған: Кеулимжай
  • Арнұр
    Жазған: Арнұр
    Мына жаңалықта: Қимылды ойындар
  • ALTUH79
    Жазған: ALTUH79
  • Aiman Bolatbek
    Жазған: Aiman Bolatbek
  • Гүлнар Жолдасова
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика