Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ж дыбысы мен әрпі

17 маусым 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Ж дыбысы және әрпімен таныстыру. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу. Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
2. Әдептілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытып, тіл байлығын арттыра отырып сөздерді байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
Әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, топтастыру жұмысы.
Көрнекі құралдар: кеспе әріптер мен буындар үлестірмелі суреттер, әліппе дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу назарларын сабаққа аударып, оқу - құралдарын дайындату.
1. Өтілген әріпті еске түсіру.
«Бір айналым сөйлеу» ойынын ойнату арқылы ішіңде Ы дыбысы бар сөздерді ойлап табу.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Күз мезгілі.
- Дұрыс.
Олай болса табиғатта қандай өзгерістер болады? Жапырақтар сарғаяды т. б.
Қоңыздар қалай дыбыстайды?

Жапырақ сөзінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
- Қоңыздар қалай дыбыстайды?
- Олай болса бүгінгі өтетін қандай дыбыс деп ойласыңдар? - Ж
- Ж Ж Ж жеп бәріміз қайталайық қалай айтылып тұр?
- Сонда ол қандай дыбыс? Оқулықта қандай түспен боялған?
- Баспа және жазбаша түрімен таныстыру, ауада жазу. Дауысты және дауыссыз екенін өздері ажыратады.

IV. Оқулықпен жұмыс.
1. Бір буынды, екі буынды сөздерді оқыту.
жа, жу, жо. Жа - ға, жа - лау, жу - ас.
Ж дыбысы сөздің басында, ортасында көздеседі.
2. Бағандағы сөздерді оқыту. Мағынасын түсіндіру.

V Дәптермен жұмыс.
1. Жазу жолындағы әріптерді жазу.
2. Буындық диктант.
VI Сөздік диктант.

VII Сабақты қорытындылау, бекіту.
- Біз не үйрендік?
- Г дыбысы мен әрпі.
Балалардың білімдерін бағалау.
VІІІ Үйге тапсырма.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 328
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Л дыбысы мен әрпі
Л дыбысы мен әрпі
Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі ш дыбысының ерекшелігін меңгерту, ш дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру. Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру.
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жоламанова Райса Жоламанқызы
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды елді мекені, № 60 Ж. Түменбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Изкенова Мәншүк Боранбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×