Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


9 санының құрамы

20 мам 2017, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы.
Математика 1 сынып (қазақ мектебі)
Оқулық: 1 - сынып. Оспанов Т. Қ. Өтеева Қ. Ә. Қайыңбаева Ж. Т. Ерешева Қ. Ә. Маркина. Алматы: Атамұра 2012ж
Жалпы мақсатым: Оқушылардылардың математикалық ойлауын дамыту. 9 санының құрамы туралы оқушылардың білімін қалыптастыру, сәйкес теңдіктерді жазуға және оқуға оқушыларды үйрету, 9 санының құрамы туралы білімді есептеулер жүргізуде қолдану білімін тиянақтау.

1. Ұйымдастыру:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Психологиялық дайындық.
Саламатсыздар ма, оқушылар? Бүгін сабаққа түгелдей келдік пе? Сабаққа дайынсыңдар ма? Сабағымызды бастамастан бұрын сендерге алдарыңа алдын ала гүл таратып бердім. Барлығымыз тақтаға шығып шеңбер құрып қолымыздағы гүлді бір - бірімізге жақсы сөздер айтып гүлдерімізді сыйлап, бүгінгі ашық сабағымызды бастайық.
Бірінші мен сендерге бастап өзімнің ақ тілегімді айтайын.
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылықпен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Математика сырына
Қадамдарың оң болсын! – деп сендерге бүгінгі ашық сабаққа сәт - сапар тілеймін.

2. Үй жұмысын тексеру
Оқулықтағы № 4 есеп. Теңдіктер құр. Оларды оқы: Оқушылардың дәптерлерінен
№ 4 есепте берілген тапсырма бойынша құрған теңдіктерін
Тексеріп әр теңдікті жеке - жеке оқыту арқылы үй тапсырмасын бекіту.

3. Жаңа сабақ
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Біз екі топқа бөлініп « Бәйге» жарысына қатысамыз. Алдымен екі түрлі - түсті 9 санын алып екі топқа бөлінеміз. Алдарыңда тұрған тұлпарды мініп әр тапсырманы мұқият орындай Мәреге жетуіміз керек. Мәреге жетпес бұрын әр айналымдағы 6 тапсырманы дұрыс орындау арқылы тұлпарымызды алға жылжытамыз.

А) Білімді еске түсіру
5, 6, 7, 8 сандарының құрамын жаз.
Білімді еске түсіріп тапсырманы орындаған топ аттарын бір жол алға жылжытып отыратындарын естеріне түсіре жеке - жеке жылжытуларын қадағалап отыру.

Ә) Шешілуі тиіс мәселе
Оқушыларға сурет бойынша теңдік құрғызу. Біз сурет бойынша теңдік құрып үйренгенбіз сол бойынша топтың ішінде жұппен жұмыс жасай суретке теңдік құрайсыңдар.

Б) Білімді жаңалық ретінде өздерінің ашуы.
Оқушыларға сұрақ қойып бүгінгі сабағымыздың тақырыбын аштыру. Сонымен 9 саны қандай сандардан құралады? Жеке - жеке топты тыңдай бүгінгі сабағымыздың тақырыбын толықтыру.
Естеріне 9 санының құрамын жатқа білу керек екенін еске салу.

В) Оқулықпен жұмыс
Оқушыларға оқулықпен жұмыс жасайтындарын ескерте алдарындағы оқулықтарын аштыру. Тұлпарымыз мәреге жетсін десек оқулық тапсырманы мұқият орындап алға жылжуымыз керек екенін естеріне салу.

№ 1 Оқушыларға Сурет бойынша жоқ санды тауып 9 санының құрамын шығарту.

Әр суретке қосу, алу теңдігін құрғызу.

№ 2. Түстеріне қарай кесінділерді өлшеп салыстыру.
Оқушылардан 2 – ші есептегі суреттің қандай фигураға жататынын сұрай сол бойынша сызғыштың көмегін пайдаланып тапсырманы орындатуды

№ 3. Өрнектерді салыстыру.
Алдымен оқушыларға орындау барысын түсіндіру Бұнда бірінші қатарды 1 - ші топ шығарып. Екінші қатарды 2 - ші топ шығарып бір - бірлеріңе алмастырып тексертесіңдер қай топ дұрыс орындаса сол топтың бәйгеге қосқан аттары жылжиды.
№ 5 Әр топқа 5 - ші тапсырма бойынша қалай орындайтындарын түсіндіру. Әр топқа қағаз таратып бердім сол топқа суретке қарап фигуралардың атын жазып бересіңдер.

ШҚО, Тарбағатай ауданы,
Шолақорда ауылы, Б. Майлин орта мектебі. КММ
Бастауыш мұғалімі: Рысбекова Шынар Маулытханқызы

Толық нұсқасын жүктеу
1 967
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 санының құрамы
9 санының құрамы
Оқушыларға 9 саны мен құрамы туралы түсінік беру, 9 санын жазуға басқа сандармен салыстыруға, құрамындағы сандарды білуге үйрету.
9 санының құрамы
9 санының құрамы
9 санының құрамы туралы түсінік қалыптастыру; теңдіктер құруға, сандарды салыстыруға үйрету. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
9 санының құрамы
9 санының құрамы
Математикалық ойларын дамыту, 9 санының құрамы туралы оқушылардың білімін қалыптастыру, сәйкес теңдіктерді жазуға және оқуға оқушыларды үйрету, 9 санының құрамы туралы білімді есептеулер жүргізуде қолдану білімін тиянақтау.
3 санының құрамы. 4 санының құрамы
3 санының құрамы. 4 санының құрамы
Салыстыру арқылы сандардың тең емес екендігін талдай алу
3 санын қосу және азайту
3 санын қосу және азайту
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбин орта мектебі - бақшасының бастауыш сынып мұғалімі Адебиет Гүлрауза
9 санының құрамы
9 санының құрамы
Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы. Сабақтың мақсаты: 1. 9 санының құрамын білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×