Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аюдың әулеті

12 қыркүйек 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Аюдың әулеті
38 - 39 сабақ
Әдебиеттік оқу
Сабақтың мақсаты: а\ Өлеңді түсініп оқып, мазмұнын әңгімелей алуға үйрету, табиғаттың құпия сырлары туралы түсінік беру.
ә\Оқушыларды салауатты өмірге, денсаулығы мықты болуға, табиғатты қорғауға, бағалай білуге тәрбиелеу.
б\«Табиғат құпиясы» туралы түсінік бере отырып, сөздік қорын молайтып, білімдерін кеңейту.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Әдісі: сұрақ - жауап, сөздік.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: аю туралы әңгімелер, жұмбақтар, суреттер.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
Сұрақ қою арқылы мазмұнын сұрау.
1. Ақын қысты қалай суреттеген? 2. Қар бетіндегі адам іздерін неге ұқсатады? 3. Қысқы далада қандай дыбыстар естіледі? 4. Өлеңді жатқа айт. 5. Өлең мазмұнына қарай салған суреттерін қарап шығу.
Қолдың буынына массаж
- Оң алақанымызды ашамыз, ал сол жақ алақанымызды жұдырықтап түйеміз, енді жұдырықпен буынның басынан саусақтың ұшына дейін жеңіл батырып қимыл жасаймыз. Қолдарымызды ауыстырамыз. 2 - 3 рет.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Жұмбақ шешу.
Орғыған қорқақ көзі қыли,
Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді. (қоян)
Жазда қыдырады,
Қыста тынығады. (аю)
Тапсырмалар беру.
Аюдың қандай түрлерін білесіңдер? атаңдар. Аюдың тіршілігі туралы не білесің? Оны сипаттап жаз. Қайдан келдің бауырсақ ертегісін айтып бер.

3. Мағынаны ашу.
а) Мәтінмен таныстыру.
ә) Мәтінді түсініп оқу.
б) Сұрақтар мен тапсырмалар.
- Қоян тоғай ішінде жүріп кімді кездестірді?
- Аюдың әңгімесінен қандай әсер алдың?
- Бамбук ағашы қайда өседі?.
Сергіту сәттері.«Есте сақтауын дамыту»
Орнымыздан тұрайық
Ал алақанды соғайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық

IV. Сабақты бекіту.
1. Мәтіннен өзің білмейтін жануарлар мен өсімдіктер жайында қандай жаңалықтарды білдің?
2. Мақалдың мағынасын түсіндір.
Білгенім - бір тоғыз, Білмегенім - тоқсан тоғыз.
V. Үйге тапсырма.
1. ­Ө­леңді мәнерлеп оқу. 2.«Білгім келеді»тақырыбына эссе жазу.
Бағалау.
1 882
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Құмдағы құпия
Құмдағы құпия
Оқушыларды мәтін мазмұнын түсіне білуге, мазмұнын ашу арқылы олардың сөздік қорларын толықтыру. Еңбек етуге, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғатта болатын өзгерістер жайлы түсіндіре отырып балалардың ой - өрісін, қиялын,
Көктем
Көктем
Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу дағдысын жетілдіру. Оқушылардың туған елін, жерін сүюге, табиғаттың әсемдігін суреттей білуге тәрбиелеу.
Менің анам.
Менің анам.
Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіре отырып, Анаға деген сүйіспеншілігі туралы түсініктерін тереңдету.
Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?
Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?
Әңгімені оқытып, мазмұнын ашу, жақсы мен жаман қылықтар туралы түсінік беру.
Өзін-өзі жеңген бала
Өзін-өзі жеңген бала
Оқушыларға жақсы жаман қасиеттер туралы түсінік беру. Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×