Білімділер поралы
загрузка...

Ақдауыл хан

Сабақ жоспары
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ақдауыл хан
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнын меңгерту.
Сабақтың міндеттері:
1. Мәтінді түсініп оқуға, мазмұнын меңгертіп, талдау жасай алуға үйрету.
2. Түсініп оқу дағдыларын дамыту, қызығушылықтарын ояту, сөздік қорларын жетілдіру.
3. Туған жердің қасиетін түсінуге, туған жерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Оқыту әдіс - тәсілдері: Сөздік әдіс, әңгіме, сұрақ - жауап, әңгімелесу әдісі, көрнекілік әдісі.
Көрнекілігі: Хандардың суреттері.

Сабақтың құрылымдық жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу
2. Түгендеу
3. Сабаққа әзірлігін тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Ұяшық таңда»
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқулықпен, дәптермен жұмыс
ІV. Бекіту.
Шығармашылық тапсырма
V. Қорытындылау.
1. Сабақты қорытындылау
2. Оқушылардың білімін бағалау
3. Үйге тапсырма беру
4. Сабақты аяқтау

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңберіне шақыру:
Мейірімді жүрекпен (жүректерін ұстайды)
Ақ пейілді тілекпен (қолдарын көкке көтеру)
Амандасып алайық (бір - бірінің қолдарын ұстайды)
Бір жадырап қалайық (бір - біріне қарап күлімдейді)
Еңбек етіп ерінбей
Бестік баға алайық (бас бармақтарын көтеру)

ІІ. Үй тапсырмасы.
- Дәптерлерін тексеремін.
-«Ұяшықты таңда» ойыны арқылы «Алпамыс батыр мен Байшұбар ат» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Топпен жұмыс
- Хан дегеніміз кімдер? Ассоцияция құрыңдар.(қағаздар беру, жазғандарын қорғау)
- Сонымен біз бүгін сендермен «Ақдауыл хан»деген мәтінмен танысамыз.
- Бұл мәтінді жазған Бердалы Рысбеков 1940 жылы мамыр айының 17 - сі күні Келес ауданы, Мақтабек Рахымов атындағы совхоз, Құрылыс елді мекенінде дүниеге келген. 1957 жылы «Ленин жолы»(қазіргі О. Есимов) мектебін бітірген соң, екі - үш жыл совхозда жұмысшы болып істеп, одан Ташкенттің ауа - райын зерттеу техникумына түседі. Шығармашылықпен 1960 жылдан бастап айналысады. Бүгінгі таңда «Жалын», «Парасат» баспаларынан төрт жеке кітабы «Аппақ қар туралы ертегі», «Құмырсқаның баласы, құмыршақтың басынан кешкендері», «Тасқа айналған қыз», «Сиқырлы жүзік»атты кітаптары жарық көрді. Сондай - ақ Бердалы Рысбеков өлең, ән жазумен де шұғылданып келеді.
Мәтінмен жұмыс.
- Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.
Сөздік жұмысы:
Хан көтеру – хан сайлау.
Ат ізін үзу – бармай, көрмей кету.
- Тізбектей оқытамын
- Түсінгендері бойынша сұрақтар қоямын.
- 2 - сыныпта оқыған қай ертегі есіңе түсті?
-«Кубизм» стратегиясы
- Мәтіндегі Ұлы теңіз бен Үнді жерінің сипатын әңгімеле.
- Қап тауының ерекшелігі неде?
- Мәтін мазмұнына қарап, ханның ауруының атын ата.
- Мәтіндегі басты ойды аңғарып, тақырыбын қалай өзгертер едің? (Оқушылардың ойын тыңдау)
- Туған жеріне келгендегі ханның өзгерісін оқып бер.
- Мәтіннің түрін ажырат: ертегі; мысал; аңыз. Дәлелде.

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс.
- Ханның нөкерлеріне айтқан соңғы сөзінің мағынасын ашатын мақал - мәтел жаз. (Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. )
1 - тапсырма: Бес жол өлең жазу
2 - тапсырма: Мақал - мәтел жалғастыру(туған жер туралы)
- Балалар биыл қазақ хандығының құрылуына неше жыл болды?
- 550 жыл
- Қазақ хандығы туралы түсіндіре кету. Қазақ мемлекетінің іргесі Жәнібек хан мен Керей хан тұсында қаланған. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын.

ІV. Бекіту.
- Енді балалар сендерге мынадай тапсырма.
Егер мен хан болсам.............
- Егер сендер хан болсаң не істер едіңдер? Өз ойларыңды жазыңдар.

V. Қорытындылау.
1. Сабақты қорытындылау. Рефлексия
Маған сабақта....... ұнады.
Маған..... қызықты болды.
Мынадай сұрағым бар.....
2. Оқушылардың білімін бағалау.
- Үй тапсырмасын орындаған және сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды бағалау.
3. Үйге тапсырма: 74 - 76 бет мазмұндау.
4. Сабақты аяқтау.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
загрузка...
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 298
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 298
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика