Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем сәні халық ауыз ертегісі

31 қаңтар 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
“Көктем сәні” халық ауыз ертегісі

Сабақтын тақырыбы:“Көктем сәні” халық ауыз ертегісі.
Қ. Мұқышев. Көктем.
М. Дулатов. Қош келдің, Наурыз.
Ер еңбекте сыналады.

Сабақтың мақсаты:
Ертегінің мазмұнын түсініп, мағынасын ашуға, еркін сөйлей білуге үйрету.
Сөздік қорын, логикалық ойын, актерлық қабілетін дамыту.
Табиғатты қорғауға, әсемдікті қадірлеуге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
– үй тапсырмасына жауап беру;
– ертегінің мазмұнын түсіп оқу;
– ертегідегі жануарларды ажырату;
– ертегінің мағынасын ашу;
– табиғаттың аң – құстарына қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Аңдардың суреттері, сызба.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды ахуал қалыптастыру үшін жаттығу орындау арқылы оқушының зейінін, назарын сабаққа аудару.
Мұғалімнің сөзі:
Ардақ сен енді зейінді сабаққа қарат!
«Бір - бірімізге жақсы тілек айтайық! – деп Бір - бірімізге тілек айтамыз»

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: А. Құнанбаев. Жазғытұрым.
І. Жансүгіров. Жазғытұрым.
Құстар айтысы. Ертегі.
Ж. Кәрменов. Әке тәлімі.
Абай Құнанбаевтың өмір баянынан мәлімет «Жазғытұрым өлеңін» жатқа айту, мағынасын сұрау. «Көктем» тақырыбына жазған шығармасын оқыту.
Өлеңде көктемнің қандай белгілері жайлы айтылған? Құстар ертегісінен қыскаша айтып берші?

ІІІ Білімдерін тексеру:
1. Саған көктем мезгілі ұнай ма?
2. Несімен ұнайды?
ІҮ Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Жаңа сабаққа даярлық:
Сен қандай ертегіні білесің?
Жылдың неше мезгіл бар?
Оқушының жауабын тыңдаймыз. Оқушыма көктем айының ерекшелігін айта отырып біргелесіп, суретпен безендіреміз.

Cергіту сәті.
Ү Жаңа сабақ.
Мұғалім сөзі:
- Ардақ, жаңа сабақта сен жақсы көретін, жан - жануарлар туралы ертегіні оқимыз.

- Бұл ертегінің авторы жоқ, халық ауыз ертегісі.
- Халық ауыз ертегісі деген сөзді сіздер қалай түсінесің?
Оқушының жауабын тыңдау:
Мұғалімнің сөзі:
- Дұрыс айтасың Ардақ, бұл ауыздан - ауызға таралған, біздің күнімізге дейін жеткен ертегілер.
Ертегіні өз бастақ дауыстап оқып беремін.
Сол кезде осы ертегінің ішіндегі аңдардың суреті кезек – кезек көрсетіледі.
Ертегіні түсініп рөльге бөліп оқу.

Мұғалімнің сөзі:
- Ардақ, сен қазір осы ертегіні рөльге бөліп, оқып бергің келе ме?
Оқушының келісімін алғаннан кейін, мұғалім оқушы екеуі алдын ала аңдардың сөздерін бөліп алады.
Мұғалімнің сөзі:
- Қазір, қай аңның сөзін алсаң, сол аңның оқулықтан сөзін оқып, жатқа айтуға даярланып отырамыз.
Оқушы даяр болған кезде мұғалім «Көктемнің сәні» тақырыбындағы ертегіні мұғалімдерге рөлге бөліп, оқып береді.
Сұрақтарға жауап беру:
1. Ертегіде қандай аңдар жайлы айтылған?
2. Бұлғын не деді?
3. Басқа аңдар бұлғынмен келісті ме?
Қорытынды
Оқушының білімін тексеру мақсатында сызбаны толтыру.
Мұғалім алдын - ала даярланған күлтелерді гүлдің айналасына орналастыруды сұрайды.
Бұл күлтелердегі сөздер аңдардың көктем сәні деген сұрақтарының жауабы тағы нені ойтуымызға болады?
Мұғалімнің сөзі:
1. Бүгін қандай тақырып өттік?
2. Ертегі саған ұнады ма?
Венн диаграммасы:
Ардақ сен көктем мезгілін жақсы көресің, өзің ақынжандысың, өзіңнің «Көктем туралы» өлеңінің бір шумағын оқып берші.
Үйге тапсырма
1. Ертегіні оқу, әңгімелеу.
2. Көктем мезгіліне сурет салу.
3. Бағалау, мадақтау.

Көктем сәні халық ауыз ертегісі. жүктеу
3 499
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып бақ ертегісі
Ғажайып бақ ертегісі
Халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, ертегінің сюжетін ұғындыру, сөз өнерінің әдемі кестелері арқылы оқушының сөздік қорын байытып, мәнді, мағыналы сөйлеуге жаттықтыру.
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Көктем сәні (ертегі)
Көктем сәні (ертегі)
Балаларға ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Ертегілер. Сатқын жапалақ
Ертегілер. Сатқын жапалақ
Халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, батылдыққа, нысапшылыққа тәрбиелеу; ертегідегі оқиға желісінің байланысын, ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін,
Көктем сәні
Көктем сәні
Жалпы мақсаты • Оқушыларға ертегі мазмұнын айту арқылы, көктем сәні, көктем белгілерін анықтату. • Ертегіні оқи отырып, ой - өрісін, тілін, сөздік қорларын дамыту. • Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көктем сәні (Ертегі)
Көктем сәні (Ертегі)
Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні (Ертегі) Сабақтың мақсаты: Білімділік. Ертегіні оқи отырып, табиғаттағы аң - құстардың тыныс - тіршілігімен, түрлерімен таныстыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×