Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гүл жасау

02 қазан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Гүл жасау
Сабақтың мақсаты: А) білімділік. Еңбек сабағында гүл жасап үйренуге, және де гүл жасау жолдарын қатесіз, дәлме - дәл, автоматты түрде орындай білуге үйрету.
Б) тәрбиелік. Дүниетанымдарын қалыптастыру, рухани байлыққа, эстетикалық талғамға, еңбексүйгішке тәрбиелеу және де әдемілікке баулу,
В) Сөз байлықтарын дамыту, көркемдік образдарын кеңейту, салыстыру мен айыра білу, ойлау қабілеттерін дамыту,
Сабақтың түрі: Жаңа білімдерді меңгеру сабағы,
Пәнаралық байланыстар: бейнелеу, ән - күй, әдеп сабағы,
Көрнекілік құралдары: Гүлдер, музыка, плакаттар, альбом.
Сөз жұмбақ

Сабақтың жоспары: 1 Ұйымдастыру кезеңі.
2 Мақсат қою кезеңі.
3 Материялды түсіндіру кезеңі.
4 Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі.
5 Бекіту кезеңі.
6 Үйге тапсырма беру.

1) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар мен амандасып, журнал бойынша оқушыларды түгендеп, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөліп, оқушыларды сабаққа дайындығын тексеріп, оқушылардың назарын аударам.
2) Мақсат қою кезеңі:
Оқушыларды танымдылық қызметін белгілі бір мақсатқа бағыттау және ұйымдастырып алу,
Бүгінгі сабақтың мақсат:, Гүл жасап үйрену, яғни кез - келген затты қолдану арқылы гүл шоғып жасап оны сәндеу, әдемілеп табиғи затқа ұқсастыру.
3) Материалды түсіндіру кезеңі:
Гүлдерде қаншама әдемілік пен поэзия жатыр. Гүлге қуанбайтын жан жоқ. Әрбір гүл өзінше әдемі. Қандай оқиға болмасын адаммен бірге гүл жүреді.
Мысалы: кездесуде немесе шығарып салғанда, қуанышта, туған күн де, мейрамдарда т. б
Гүлдер жайында күрделі аңыз бар. Көпшілік халықта гүлдің символикалық мәні бар.
1) Біреулері сүйіспеншілікті, мейірімділікті бақыттылықты белгілесе.
2) біреулері қайғы, қасіретті белгілейді.
Кейбір дәстүр, әдеп - ғұрыптар гүлмен байланысты.
Қызыл түсті қалампыр гүлі - қан тамшысы сияқты ардагерлердің соғысқа қатысқан ата - бабамыздың кеудесіне құлпырып тұруға лайық.
Ақ гүлдер, Үйлену тойында - тазалықпен адалдықтың бейнесін білдіреді.
Әрбір адамның өзі ғана асыл тұратын, сүйетін гүлі болады.
Гүлді әрбір отбасылық мерекеде және басқадай күндерде, жаңа жылда, Халықаралық әйелдер күйікке. Бірінші майға тағы да басқа уақытта гүл сыйлайды.
Нұртас Исабаев ағамыздың жырлаған өлеңі бар.
Гүлдер, гүлдер сыйлаған шапағатын,
Сұлулықтың символы аталатын.
Жұпар шашып, жайқалған жүрегімен
Оятыңдар сезімін махаббаттың.
Сыйлыққа ұсынатын гүл шоғын талғаммен іріктеп алуға тырысу керек. Ең әдемі гүл шоғы деп гүлдердің тек бір түрінен ғана
Мысалы: тек розадан, тек сиреньмен, тек астырадан құрастырған гүл шоғын айтады.
Міне біз сол табиғи затты өз қолымызбен жасап көрейік, яғни гүл жасап үйренейік.
Гүл жасауға керекті құрал жабдықтарымызды реттеп алайық.
Сабаққа керекті заттарымыз.
1. жіп (тоқыма)
2. қайшы
3. кемпір ауыз
4. ұзын темір
5. жапырақ
6 қатты қағазы.
Мен бүгінгі сабағымда 2 - сыныпты 2 – топқа бөлемін 10а - сыныптың қыздары Раушан гүл тобы. 10б - сыныптың қыздары Тульпан тобы:
Бірінші біз гүлді жасамас бұрын техника қауіпсіздігін сақтап алуымыз, керек қайшыны дұрыс ұстау, бір бірімізге кедергі жасамау үшін ара – қашықтықты сақтау.
1) Қолымызға кесіп дайындап келген қағазды алып, тоқыма жіпті қағаздан айналдырып орап шығамыз. Жіпті ораған кезде өте қатты тартпай, және өте бос қылып ораймыз яғни бір қалыпты етіп ораймыз. Жіп тегіс болып оралу керек. Қолымыздағы жіп біткенше толық қабаттап орап шығамыз. Енді ораған жіптің ұшын ұзынырақ етіп артық шығарып байлап аламыз.
2) Енді біз жіп ораған қағазды қайшымен айналдыра кесіп шығамыз, кескенде тегіс біркелкі етіп кесуміз керек гүліміз әдемі болу үшін.
Кесіп болған соң кесілген жіптің мықты етіп байлап аламыз. Осылайша біздің гүліміз дайын болды.
3) Келесі кезеңде біз әкелген ұзын темірімізді жасаған гүлге ортасынан шығарып төбесін темірдің кемпір ауызбен ішіне қарай қисайтып қоямыз яғни гүл түсіп қалмау үшін бекітеміз.
4) Сабағымызды орналастырып болдық енді сабақты жасыл жіппен орап яғни дайын жапырақты сабаққа орналастыру, бекіту.
5) ең соңында біз жіпті орап болып жіпті бекітіп байлау, немесе жапсыру.

4) Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі.
Екі топтың істеген жұмыстарын тексеру және бағалау. Раушан тобы мен Тульпан тобының жұмыстарын салыстыру.
Сергіту сәті: Яғни сергіту уақытында сөз жұмбақ шешу екі топқа сөз жұмбақ жасыру және оны топ мүшелері шешеді.
1. Бас аяғы теп - тегіс болып біткен
Селкілдесе денесі дір - дір еткен
Өзіне қандай жуан кез келсе де,
Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.
2. Тіріден өлі туады. 3. Тамға таяқ сүйедім.
Өліден тірі туады. 5. Кестені көңіл сызады,
4. Шыр көбелек айналар Қол тігеді көз қайтеді?
Беліне жіп байланар. 6. Заманды не жасайды?
2. 1. Дәмді – дәмді тағамдар жинайды
Қонақтар көңілдене сыйлайды.
2. Адам өнерімен әсем
Аң несімен әсем.
3. Күмбір - күмбір қарағым
Қартайғанша жарадың
4. Хош иіс көңіліңді ашар
Жақсы киімнен не қашар.
5. Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.
6. Талаппен баста, бірдеңемен аяқта.
Енді сабағымызға қайта оралайық.
Екі топ жаңа сабақ бойынша яғни гүл жасауды сарамандық жұмыс ретінде өз беттерімен гүл жасайды.
Сабақты пысықтау үшін гүл жасау, арасында екі топқа Вен диаграммасы бойынша сауалнама берем, екі топ гүлді жасау және сауалнамаға жауап береді.
Оқушылар гүлді жасау барысында музыканы баяулатып күй ойнату.
Екі топ Венн диаграммаға жазған жазуларын қорғау оқып беру, және де жасаған гүлдерін жасалу жолын айту.

5. Бекіту кезеңі: Жаңа сабақты бекіту барысында оқушылардан гүлді не үшін керек екенін, және де гүлді ерекшеліктерін айту. Екі топ гүл туралы білетін өлең, тақпақтарын айту және де мақал - мәтел айту.
Осылайша жаңа материалды бекіту және де екі топтың алған балдарын есептеу, сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

6. Үйге тапсырма беру:
Жинақ папкамызға Гүл - өмірдің сәні атты реферат жазып келу және гүлдің түрлерін атауларын жазу.
9 471
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнбағыс панносы
Күнбағыс панносы
Оқушыларға «Күнбағыс» панносын жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Эстетикалық тәрбие беру.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Оқушыларды «Жаңбыр» өлеңі мен «Бұлбұлдың әні» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Тура теңдіктер қасиеттері негізінде қарапайым теңдеулерді шешу
Тура теңдіктер қасиеттері негізінде қарапайым теңдеулерді шешу
Оқушыларға қарапайым теңдеулер мен оларды шешу жолдарын үйрету. Теңдеулерді шешу тәсілдерін көрсету. Ауызша көбейту және бөлу тәсілі жайлы білімдерін пысықтау.
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру
Презентацияны жасау
Презентацияны жасау
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
Хром
Хром
Химия пәні мұғалімі Гулсара Аканова Сабақтың тақырыбы: §7. 3. Хром
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×