Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


А дыбысы және әрпі

07 қазан 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ұйымадастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Сауат ашу
Тақырыбы: А дыбысы және әрпі
Мақсаты: баларға өткен сабақты еске түсіре отыра, «А» дыбысымен таныстыру. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту. Балаларға «А» дыбысы бар сөз сөйлем, ойлап табуына назар аудара отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: А дыбысының баспа түрі, ребустар, текшелер.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Күн нұрындай көңілім
Даламдай кең пейілім
Жүрегім толы мейірім
Бәріңе ортақ шуағым
Қайырымды мен баламын.

Ұйымдастырушы - лық - ізденушілік

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қай айы?
- Аптаның қай күні?
- Балалар, сауат ашу сабағында өткен дыбыс туралы не білетіндерімізді еске түсіріп көрейіеші.
- Дыыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз?
- Ал әріп дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз дыбыстырды таңбалау.
- Әріпті көреміз, жазамыз, оқи аламыз.
- Ал, балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын.
- Жаңада бар, ескіде жоқ.
Таңда бар, ешкіде жоқ. Жауабы: «А»
- Мынау ненің суреті?
- Алма деген сөз қай дыбыстан басталып тұр?
-«А» дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?
- Неліктен дауысты дыбыс?
- Ал осы алма сөзін қандай текшелермен жазуға болады?
«А» дыбысының баспа және жазба түрін көрсетіп таныстыру. «А» дыбысын ауада жазып көрсету.
Қане, балалар, бәріміз бірігіп «А» дыбысын ауада жазып көрейікші.
«Кім жылда?» ойынын ойнату.
-«А» дыбысынан келетін сөздерді маған кім жылдам, көбірек тауып айтады. Өте жақсы, балалар. Осы тапқан сөздеріңді буынға бөліп айтып көрейікші.
Шапалақ арқылы буынға бөлгіземін.
- Балалар «А» дыбысына байланысты кім тақпақ біледі? Мысалы: Астанамыз Алматы,
Алатау асқақ аясы.
Алқабында атақты,
Ал қызыл апорт алмасы.

Сергіту сәті
Ептеп - ептеп жерден бидай терейік
Тергеніңді торғайларға берейік.
Тойған торғай томпаң - томпаң секірсін,
Ол да біздей үлкен боп жетілсін.
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал
Енді менің әңгімеме құлақ сал.
- Ал, балалар, қазір дәптерлеріңді алып, үлгіге қарап сызықтарды қосып «А» әрпінің баспа түрін жазамыз.
Балалар барлығы жазып болған соң, «А» дыбысын есте сақтау үшін, осы дыбыстан басталатын нәрселердің суреттерін көрсетіп, қай дыбыстан басталатынын өздеріне айтқызу.
А дыбысы және әрпі. жүктеу
3 815
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Л дыбысы мен әрпі
Л дыбысы мен әрпі
Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
А дыбысы мен әрпі
А дыбысы мен әрпі
А дыбысымен таныстыру. А дыбысының сөздегі орнын айыра білуге (басында, ортасында, аяғында), әріп, дыбыс туралы білімдерін толықтыру
О дыбысы және әрпі
О дыбысы және әрпі
О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табуға, сөйлем құрап айтуға үйрету.
Д дыбысы және әрпі
Д дыбысы және әрпі
Д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, д дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару. Балалардың тілдік, сөздік қорына мән беріп, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ айту). Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру.
Қ дыбысымен таныстыру
Қ дыбысымен таныстыру
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×