Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шаршы салу және оның периметрін табу

19 қараша 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Шаршы салу және оның периметрін табу.
Сабақтың мақсаты: Балалардың фигуралар жөнінде алған білімдерін пысықтау. Бағдарлама материалдарының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсу. Білімді, ақылды, ізденімпаз етіп тәрбиелеу. Сабаққа қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, геометриялық фигуралар, семантикалық карта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Терең білім сананың,
Тегі деп ой саламын.
Маңыз беріп оқимын
Есептану сабағын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Психологиялық дайындық.
«Орныңды тап» ойыны.
Интерактивті тақтамен жұмыс.

Фигураларды әр қайсысының өзінің атауының тұсына орналастырады.

Оқулықпен жұмыс.
1. Нүктелер белгілеу арқылы дәптерге шаршы сызу. Оның шаршы екенін дәлелдеу. Қабырғаларын өлшеп, дәптерге жазу.
Ұзындығы – 2 см.
Ені – 2 см.
2. Қабырғасы 3 см шаршы сызу. Оның периметрін табу және дәптерге жазу.
Р=3 см+3 см+3 см+3 см=12 см.

Сергіту сәті.

Малдың пайдасы туралы сұрау.

3 - есеп.
Шешуі: 33+(33+47)=113 тг.
Жауабы: барлығы 113 теңге тұрады.
Есепті бір амалмен шығарылатын есепке айналдыру.
1 л сүт – 33 тг.
Кілегей -? 47 тг. қымбат.
Шешуі: 33+47=80 тг.
Жауабы: кілегей 80 теңге тұрады.
8 - наурыз аналар мерекесі туралы айту.
Ойын «Анамызға гүл сыйлаймыз»
Әр гүлдің астында мысалдар жазылған.
Мысалдарды шығарып болғанда тақтадан «Құттықтаймыз» деген сөз шығады.

4. Өз бетінше жұмыс.
Өрнек құру және оның мәнін табу.
5. Тақтамен жұмыс.
Шаршы салу және оның периметрін табу жүктеу
6 653
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық фигуралар. Периметр
Геометриялық фигуралар. Периметр
Өткен материалды қайталап; геометриялық фигураларды тану, олардың элементтерін атау, маңызды белгілерін анықтау, тіктөртбұрыштың периметрін табу, тіктөртбұрыш сызу білімін толықтырады.
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу
Геометриялық фигураларды танып, олардың элементтерін атап, маңызды белгілерін ажыратады. Тіктөртбұрыштың периметрін табу, тіктөртбұрыш сызу біліміндегі кемшіліктер түзетіледі.
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Оқушылардың тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларын өлшейді және оның ұзындықтарының қосындысын табады, периметрін табу жолымен таныстыру, екі амалмен шығарылатын есептерді құру, шешу, бекіту.
Тік төртбұрыштың, шаршының периметрі
Тік төртбұрыштың, шаршының периметрі
Сабақтың мақсат - міндеттері: А) білімділік: Оқушыларға тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін есептеу тәсілдерін түсіндіріп, тапсырмаларды орындау.
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Шаршы салу және периметрін табу
Шаршы салу және периметрін табу
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аманғалиева Бибінұр Ерсайынқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×