Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаз мезгілінің картотекасы

31 шілде 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жаз мезгілінің картотекасы
1. Ауа - райын бақылау

Бақылау
Ауа - райына жүйелі түрде қадағалау жасау; маусымның сипатты белгісіне көңіл аударып және біріктіру; барлық жан жануарлардың белсенді өміріне, өсімдіктердің өсуіне және жарығына, жылудың төгілуіне байланысты орнату.
Маусым - жаз басы, алмалар гүлдеп болады, күннің төгілуі, ылғалдар - өсімдіктің толқынды өсуімен, құрт - құмырсқалардың, құстардың келуімен байланысты; 22 - маусым ең ұзақ күн, ең қысқа түн екенін атап өткен жөн.
Шілде - ең ыстық уақыт; күндізгі күннің ыстығы түн суығына ие болады да, жиі күн күркіреу, жаңбыр болады.
Тамыз - күні ыстық, түні суық, температура азаяды. Суыту алғашқы қатуға әкеледі.
Балаларға жаз табиғатының өзгерісі жөніндегі білімін нығайту.
Қимылды ойын
«Тату, барлығы бірге»
Алаңның қарама қарсы жағына тепе теңдікті сақтай отырып, бір жолға қозғалуға балаларды үйрету; бір жылдамдықпен бірін бірі қуып жетпей, жүгіруді үйретіп дамыту.

Еңбек іс - әрекеті
Құмның үстіне құм себу және суару
Еңбекке қатысу, еңбекке баулу; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету.

2. Күнді бақылау
Бақылау
Күннің көзі жылу мен жарықтың негізгі көзі болатынын ұғындыру; күннің қозғалысымен шығуын қадағалауды жалғастыру, күннің ұзаруымен жылынуын белгілеу күн ұзын, күннің көзі ұзақ тұрады, жоғары көтерілсе ыстық болып, онан сайын ысиды. Күнің төгілуі, ылғалдар - өсімдіктің толқынды өсуімен, құрт - құмырсқалардың, құстардың пайда болуымен
байланысты орната білу.
Қимылды ойын
«Ақ сүйек»
Өз бетінше ойынды ұйымдастыра білуге дамытуды жалғастыру, ереженің нормасын және тәртібін орындау.

Еңбек іс - әрекеті
Гүлді күту
Учаскеде өсетін өсімдіктерді өз бетінше қорғауға үйрету.
Гүлге ұқыпты қарауға және сүюге тәрбиелеу.

3. Желді бақылау
Бақылау
Ауа қозғалысы жөнінде бастапқы түсініктемені нығайту; желдің қалай құрылуы жөніндегі мәліметтерді толықтыру: жер қызады, жерден ауа қызады, одан әрі жоғарлайды, ал суық ауа оның орнын басады, содан соң жел тұрады. Желдің нашар, күшті жақтарын ажырата білуге үйрету; қандай белгілері бойынша желдің күштілігін анықтау қажет екенін түсіндіре білу; ағаш қозғалса күшті жел, шөп тербелсе әлсіз жел. Жазғы желді қысқы желмен салыстыра білуге үйрету. Табиғатқа қызығушылықты, қадағалауды дамыту.

Қимылды ойын:
«Қол ұстасып жүру»
Белгі бойынша ортаға қозғалуға, екі шеңбер құра білуге үйрету(орталар қарама қарсы жаққа айналады, қолдарын ұстамай бір жағына). Ұжымдық сезімге тәрбиелеу.

Еңбек «іс - әрекеті»
Үй өсімдігін отырғызу
Үй өсімдігін отырғызуға қатысу. Жұмыс аяқталған соң жұмыс орнын өз бетінше жинауға үйрету.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер
«Ойлан, асықпа»
Тәрбиеші тапсырмасы бойынша сөз табу. «Күннің көзі» сөзіне - айқын, ыстық, жарық...;
«аспан» сөзіне - бұлт, көгілдір, жаңбыр сәйке келетін сөз табу.
Тапсырма. Су бойынша желдің күштілігін анықтау.

Өзіндік іс - әрекеті.
Ойында балалардың өз бетінше бір бірімен араласа білуін, өзінің іс әрекетімен қылығын білдіруге, өз пікірінде тұруға, құрдасының ұсынысымен келісе алмайтынын көрсетуге үйрету.

4. Аспанды бақылау
Бақылау
Балаларға аспанның әсемдігін көруге үйрету; қадағалау барысында бұлтты ажырата білу, аспан бұлтты, бұлтсыз екенін айту керек. Табиғатта судың ауыспалы айналымы жөнінде түсініктемені толықтыру және бекіту; ең бастысы желдің бұлтты қалай қалыптастыратыны жөнінде түсініктеме беру. Бұлттың қозғалысы және өзгерісі жөнінде бақылағанда қадағалауды дамыту. Ашық аспанда бұлтты байқау жеңілірек, оның баяу қозғалатынын, бірте - бірте көбейіп, өзінің түрін өзгертетінін, мақтаға ұқсайтын массаға айналатынын, немесе, керісінше, азайып және еритінін атап өтуге болады. Табиғаттың әсемдігін тамашалауға тәрбиелеу.
Қимылды ойын
«Дөңгелек лапта»
Екі топқа бөліне білуге үйрету, ойыншыларға допты лақтыру, ойын тәртбін сақтай отырып(сызықты баспай). Қозғалыс координациясын дамыту.

Еңбек әс - әрекеті
Атыз арасындағы шөптерді отау және жинау
Атыз маңайындағы жолдарды өз бетінше тәртіпке келтіру, тазалықты сақтау.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер
«Не жөнінде айтылады»
Сипатты белгісі бойынша табиғат құбылысын шеше білу(жарқырайды, аспан, бұлыңғыр найзағай ойнайды).

Өзіндік іс - әрекеті
Балаларды өз бетінше ойын тақырыбын таңдауға, қоршаған ортаның жағымды жақтарын қадағалау кезінде алынған тәжірибе кезіндегі сюжетін дамытуға үйрету. Ойынның бірыңғай сюжетінде бейнеленген, әр түрлі қайнар көздерінен алынған білімдерін ұштастыруға үйрету.

5. Жауын, бұршақты бақылау
Бақылау
Жауынның алғашқы белгілерін байқау: бұлттар бұл қараңғы, қалың бұлттар. Жауынның қалай құрылатыны жөнінде түсініктемені бекіту(су тамшысынан құрылатын бұлт аспанда ұзақ тұрмайды, жерге жауын болып құлайды; егер тамшылар кішірек болса - жауын сіркірейді, ірі тамшылар - жауын жиі құяды; әр бағыта болса - тікелей, қисық). Жазда жауын әр түрлі болатынын түсіндіруді қалыптастыру. Жылдың жылы уақытында жауынның орнына бұршақ жаууы мүмкін – бұл мұз жауынның қатқан тамшылары. Егер бұршақ өте ауыр болса, олар жерге түседі. Қорытындылай келе, бұл ауа температурасына байланысты болатынын атаған жөн. Жерден жоғары ауа өте суық, ол жер буынын суытады. Жазда жансыз табиғат құбылысына қызығушылығын дамыту.
Қимылды ойын
«От - су»
Жүргізушінің есептеуді таңдау талабын нығайту; белгі бойыша әрекет етуге үйрету«От» бәрі отыра бастайды, «Су» айналым бойынша бір жаққа ағады.
Ойында жолдастарының және өзінің ойын нәтижесін дұрыс бағалауға үйрету.
Еңбек іс - әрекеті
Қажеттілік бойынша(аквариумда судың ауысуы)
Аквариумдағы суды ауыстыруда ересектерге көмектесу. қолайсыз жұмыстан қашпай, белсенді орындау.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер
«Қайсысы ұқсайды»
Белгісі мен айырмашылығы бойынша пәндерді топтастыру; өз жауабын түсіндіре білу.
Эксперимент. Құм мен балшықтың су өткізуін көрсету.
Қорытынды. Құм арқылы су тез өтті және балшық арқылы өтпеді,

Өзіндік іс - әрекеті
3 - 4 адамнан құралатын ойын тобының бастапқы кеңістікті жағдайды ұйымдастыруға, рөлді бөлуге, ойын тақырыбын алдын ала келісуге балаларды дайындау.
Жаз мезгілінің картотекасы. жүктеу
3 308
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаз мезгілі - демалысқа қолайлы кез.
Жаз мезгілі - демалысқа қолайлы кез.
Жаз мезгілі – демалысқа қолайлы кез. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жаз айында балалар суға шомылады, балық аулайды. Кейбіреулері ауылға барады.
Күз мезгілінің картотекасы
Күз мезгілінің картотекасы
Жаңбырды бақылай отырып, оның бұлттан жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру
Жаз келді алақай!
Жаз келді алақай!
Ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдап, дұрыс жауап беруге баулу. Сөйлеу мәдениетін дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жаз мезгілінің картотекасы
Жаз мезгілінің картотекасы
Ойға батып мысық Отыр көзін қысып Әндетіп бір баяу Дейді мияу, мияу, мияу. Мысық сүтке тойды Көзін қысып қойды Әндетіп бір баяу Дейді мияу, мияу, мияу.
Жаз. Адамдардың жазғы еңбегі.
Жаз. Адамдардың жазғы еңбегі.
Жаз мезгілі, жазғы ойындар, жазғы табиғат, жазғы еңбек жайлы түсінік беру Жаз мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту.
Тепе-теңдікті сақтай отырып гимнастикалық орындықтан төрттағандап еңбектеу, гимнастикалық тақтайшада кедергілер арқылы жүріп өту.
Тепе-теңдікті сақтай отырып гимнастикалық орындықтан төрттағандап еңбектеу, гимнастикалық тақтайшада кедергілер арқылы жүріп өту.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы. Шалқар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі № 12 балабақша тәрбиешісі Еламанова Мырзагүл Әбутәліпқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×