Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұрнақ пен жалғау

19 тамыз 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты: сөз туралы ұғымды пысықтау; оқушыларға қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатыныны туралы, қызметіне қарай жұрнақ және жалғау болып бөлінетіндігі туралы түсініктерін кеңейту. Сөйлемдегі сөздердің байланысын табу, сөйлем құрау, сөз мағынасын түсіну, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың міндеттері:
- «жаңа сөз», «байланысқан сөз» деген ұғымдарды түсіндіру;
- жұрнақ пен жалғаудың жалғану ретін түсіндіру;
- сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, үлестірмелі қима қағаздар, ребус,
Сабақтың әдіс тәсілдері: «Step by step» бағдарламасының әдіс тәсілдері, Бес жолды әдіс, Вен диаграммасы
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың типі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңберіне жиналып, балалар бір - бірлерімен амандасып, сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын қорытындылау.
- Берілген жаттығулардың дұрыс орындалуын тексеру.
- Жұмбақ сөздерді табу арқылы үй тапсырмасын бекіту.
- Екі әріптен құралып,
Жүруші едім мал болып.
Жалғанды да бір әріп,
Шыға келдім шал болып. (Ат - ата)
Алғашқыда балық аулар
Балықшының құралы едім.
Жалғанды да бір әріп,
Бәрін жұтар... болдым. (Ау - ауа)
Үш әріптен құралған
Ұшып жүрген құспын.
«Ақ» түсін сен жалғасаң,
Бір ұлт болып шықтым. (қаз - ақ)
Жаңа сабақ:
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде қалың орманның ортасындағы зәулім үйде Қосымша деген атайдың екі немересі өмір сүріпті. Біреуінің аты - Жұрнақ, екіншісінің аты - Жалғау екен. Олар бірге ағаш жарып, бірге су тасып тату өмір сүріпті.
Бір күні бұлардың үйіне Түбір деген атасының досы қонаққа келіпті. Атасы екі немересін орманнан жидек теріп келуге жұмсапты. Бірақ балалардың ешқайсысы да орманға барғысы келмейді. Екеуі де Түбір атайдың әңгімесін тыңдағылары келіпті. Сонда атасы оларға тапсырма беріп, кім осы тапсырманы дұрыс орындаса, сол Түбір атайдың қасында қалады,- дейді. Бұл шешімге екеуі де келіседі.
Біз енді осы балаларға тапсырмаларын тезірек орындауларына көмектесу үшін топтарға бөлініп жұмыс жасауымыз керек.
Жұрнақ пен жалғау туралы алған білімімізді еске түсіріп алайық.
Жұрнақ дегеніміз не? Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз. (тау - дай, таза - лық, ас - хана)
Жалғау дегеніміз не? Сөздің мағынасын өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз. Жалғау сөз бен сөзді байланыстырады.
Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан соң жалғанады: Мысалы: талап - ты - дан, дәрі - гер - мін, тату - лық - қа.
Топтарға геометриялық фигуралар арқылы (төртбұрыш, үш бұрыш, шеңбер) бөлінеміз. Балалар бұл геометриялық фигуралар нені білдіреді деп ойлайсыңдар? Жұрнақ пен жалғаудың белгілері болып табылады. Енді орталықтағы жасалатын жұмыстармен танысайық.
Оқу орталығы:
1. Оқулықтағы 2 жаттығуды орындау. Жұмбақтарды оқып, шешуін табу, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, белгілеу.
2. 3 жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқу. Қосымшалы сөздерді теріп жазып, түріне ажырату. Аққу туралы өлеңді, мақалдарды оқып, мазмұнын түсініп, жаттау.
Аққулар
Құс патшасы аққулар,
Сән берген жер мен аспанға,
Көктемде көлде саңқылдар,
Ұқсайды сырнай тартқанға.
Аққуларға жетпейді,
Жер, көкте бар тазалық.
Бір көрсең шаттық көптейді.
Көңілің қалар тазарып.
Өтсе де қанша замандар,
Тәртіпті берік сақтайды.
Ешқашан есті адамдар,
Аққуларды атпайды!
Мақал - мәтелдер
Аққуды атпа, досыңды сатпа!
Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.
Аққу құстың төресі, жалғыз жатып оттамас
3. Вен диаграммасы әдісі арқылы жұрнақ пен жалғауды салыстырып, ортақ қасиетін табу.
Жазу орталығы:
1. Оқулықтан 1 жаттығуды орындау. Өлеңді мәнерлеп оқып, жұрнақ, жалғау жалғанған сөздерді теріп жазу.
2. 4 жаттығу. Сөздерді құрамына қарай бөліп, сызбамен жазу.
3. 5 жаттығу. Тұсындағы қосымшаларды тиісті сөзге қосып жазу.
Өнер орталығы:
1. Шеңбер ішіндегі буындардан мақал құрастырып жаз. Жұрнақ арқылы жасалған сөздердің астын сыз.
2. Жұрнақ пен жалғау тақырыбында Бес жолды өлең әдісі арқылы өлең құрастыру.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз
Алақанды соғамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Тынығып дем аламыз.
Орталықтардың жұмыстарын қорытындылап, балалардың жұмысын тыңдау және топтағы балалардың бағалау парақшасы арқылы бір - бірлерін бағалауы.
Сабақты қорытындылау:
Тест тапсырмалары:
1. Жалғау жалғанған сөзді тап
А) зейнеткер
Ә) қобызшы
Б) гүлді
2. Жұрнақ жалғанған сөзді тап
А) көлдер
Ә) батырлық
Б) досым
3. Қосымшаның неше түрі бар?
А) 4
Ә) 2
Б) 3
4. Түбірге жұрнақ пен жалғаудың қайсысы бұрын жалғанады?
А) жұрнақ
Ә) жалғау
Б) қосымша
5. Жұрнақ деген не?
А) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
Ә) сөз мағынасын өзгертетін қосымша
Б) түбір сөзге жалғанатын қосымша
Үйге тапсырма:
1. Ережелерді жаттау
2. Жұрнақ пен жалғауға ребус құрастыру.

Бастауыш апталығында өткізілген ашық сабақ.
Оқытушы: Тәжібаева Гүлжахан Ботабайқызы
Жұрнақ пен жалғау. жүктеу
179
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қостанай облысы,Арқалық қаласы, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жаргулбаева Олимпия Алпысбаевна
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №61 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Пайзова Фарида Конырбаевна
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
БҚО, Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылы, Жамбыл ОЖББМ-Б бастауыш сынып мұғалімі Казбек Рыскалиұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.