Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғали Орманов "Ана"

18 ақпан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: 1. Жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, ана еңбегін қадірлей білу, баланың ана алдындағы парызын өтеуге, түсіндіруге, қадірлеуге тәрбиелеу.
2. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3. Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім Балалар (хормен)
- Әрбір адам?-Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ?-Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің?-Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.

- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
- Біз бүгінгі сабағымызда 4 топқа бөлінеміз. Ол үшін қазір мына ойыншық жұмыртқалардан бір-бірден алып, ішінен шыққан тәттілердің түсі бойынша топқа бөлінеміз. (Оқушыларды топқа бөлу)
I топ «Алғырлар»
II топ « Ойшылдар»
III топ «Тапқырлар»
IV топ « Білімділер»

- Ендеше, топтың ережелерін еске түсірейік.
1. Сабақта тыныш отыру.
2. Бір-бірімізді дұрыс тыңдау.
3. Топпен жұмыс жүргізу.
4. Сабақты мұқият тыңдау.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
В. Сухомлинский «Ақ шаш» мәтіні бойынша топтарға бір-біріне сұрақ қойғызу.
а) «Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада» деген мақалдың әңгімеге қандай қатысы бар?
ә) Мәтіндегі кейіпкерлер кімдер?
б) Сіздер осы мәтіннен қандай ой түйдіңіздер?
в) Ана туралы қандай мақал-мәтел білесіздер?

- Міне балалар біз мәтінді талдап, сұрақтар арқылы қорыттық.
- Олай болса. қазір біз әр топ «Ана кім?» деген сұрақ бойынша постер жасаймыз. Болған соң әр топ өз жұмысын қорғайды. Интерактивті тақтадан сурет көрсету.

III. Жаңа сабақ.
- Ендеше, біздің бүгінгі сабағымызда ана туралы, яғни Ғали Ормановтың «Ана» өлеңімен танысамыз.
Дәптерімізді ашамыз,
Салақтықтан қашамыз
Көркем етіп жазамыз.
(күннің жадын, тақырыпты жаздыру)
1. Автор туралы айту.
Ғани Орманов 1907 жылы өмірге келіп, 1978 жылы өмірден өтті.

2. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
3. Оқушыларға оқыту.
4. Өлеңдегі қызыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқыту.
5. Осы сөздерді пайдаланып өз анамызға бір сөзбен тілек жазамыз.
(жазғандарын оқыту).

IV. Сергіту сәті.
Фариза Оңғарсынованың «Ақ мамам» әнін тыңдату.

V. Топпен жұмыс.
- Қазір әр топ 1 шумақтан аналарымызға арнап өлең шығарамыз немесе мына өлең жолын аяқтаймыз.
-------------------- барамыз,
-------------------- саламыз.
-------------------- сыйлаймыз,
-------------------- тыңдаймыз.
(оқушылардың жұмысын талдау)
Стикер арқылы бір-біріне бағалату.

VI. Сабақты қорыту.
- Міне, балалар, жаңа өздерің де аналарыңа өлең арнадыңдар. Сол сияқты көптеген аға-апаларымыз, аталарымыз өздерінің аналарына арнап өлеңдер жазған.

Ана-әрбір адамның ең жақын жанашыры, қамқоршысы, қадірлісі, жанын да аямаған ардақтысы.
Ана-жүрек, жүректі құдіретте!
Ана-тірек, тіректі құрметте!
Ана-шыңың, шыңыңа сағынып жет!
Ана-күнің, күніңе табынып өт!
Расында да, адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтінен, ана жүрегінің жылуынан дарыған. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Осындай қасиеттердің бірі-дарындылық Шәмші ағамызға анасынан дарыған екен.
Шәмшінің әкесі он саусағынан өнер тамған ұста, зергер болғанымен әншілікке әуестігі жоқ еді.
Шәмші «табиғи дарынымның ана сүтімен келгеніне қуанбасам, ренжімеймін» дейтін.
Шәмші композитор атағы шыққан кезде, анасы айықпайтын ауруға ұшырайды. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдан Шәмшіні шақыртып:
- Балам, мен өмірден жас кеттім демеймін, немере сүйіп, келін көруді құдай бұйыртпапты. Тағдыр солай, қайтейін! Бар тілеуім, сен аман бол! Дүниеге келген әнің айтылмай жатып үзілмесін, ұзаққа кетсін! Бақытты бол, балам! – деп ақ батасын береді.

Анасының ақ лебізін естіген Шәмші өзін сәбидей сезінеді. Ойлап қараса, анасы оған әлемнің жарығын сыйлапты, даланың ең әсем гүлін жинапты, мол дүниенің жаннатын ұсыныпты!
О, ана! Ана! Бұл өмірдегі өзінің ең жақын, асыл адам бар ма екен?!

- Ана, қарыздармын саған... қарыздармын, ана! Сенің басыңа кесене, ғимарат орнатам деп айта алмаймын, бірақ мен маған әннің ең асылын, ең нәзігінен ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын. Ол ешқашанда ұмытылмайды, дейді. Бұл 1957 жылы болатын, Шәмші өзінің сөзін 1961 жылы орындайды. Осы жылы оның «Ана туралы жыр» деген әні дүниеге келді. Бұл ән сол кездегі қазақ совет музыкасындағы ана туралы жазылған тұңғыш ән еді. Бұл ән – ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді. Бұл ән – есейген ер жүрек ұланның бұл өмірдің теңізін адал кешуге берген анты еді. Бұл аналар туралы гимн еді.

- Ендеше, балалар, осы әнді бәріміз қосылып айтайық.
«Ана туралы жыр» сөзі Ғафу Қайырбековтікі, әні Шәмші Қалдаяқовтікі

VII. Бағалау
Балаларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айттыру.
Топтарға бір-бірін бағалату.
11 281
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көшеде
Көшеде
Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Сүйемін, өскен Отаным
Сүйемін, өскен Отаным
Өлең мазмұны арқылы көркем әдебиет жанрының бірі лирикалық шығармалардың айтар ойын ұғындыру. М. Мақатаев өмірінен, шығармашылығынан мәліметтер беру. Еліміздің тарихына қысқаша шолу жасау.
Сәкен Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?
Сәкен Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзина Гульдана Молдазаевна
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Сатпаев қаласындағы №4 мектеп - лицейінде бастауыш сынып мұғалімі Байжан Халқа Қалжігітқызы
Отбасының берекесі
Отбасының берекесі
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Келешова Гульсун Махаммедовна
«Ана» Ғали Орманов
«Ана» Ғали Орманов
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Мустафаева Биғайша Абубакировна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×