Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы

05 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың бір - біріне қайырымдылығы (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларда жануарлар тіршілігі жайлы түсінік қалыптастыру, жануардың тіршілігін сақтау - табиғаттың өзі қалыптастырған бейімділік екенін түсіндіру.
Дамытушылығы: қосымша деректер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, сөздік қорларын байыту, шығармашылық ізденіске бағыт беру.
Тәрбиелігі: жануарлар арасындағы қамқорлықты негізге ала отырып, сыйластыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Түрі: дамытпалы сабақ
Әдісі: ой шақыру, ой қозғау, топтастыру, сұрақ - жауап, түсіндіру т. б.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, жануарлар суреті, сызбалар, тест тапсырмалары.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері, қазақ тілі, математика

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Кезекші жауабы.
2. Сабаққа даярлау: Әрбір адам - туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің - тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адалдық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1. Сабақ басталғанға дейін бәріне бірдей көріну үшін балалардың салған суреттерін іліп қою. Мұғалім бір суретті таңдап алып, сол суреттің авторы не салғанын, не туралы оқығанын айтады. Осылайша 3 - 4 сурет талданады.
2. Өткен сабақты бекіту: - Егер жануарлар көбеймесе, табиғатта не өзгеріс болар еді?

ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Кіріспе.
«Ой шақыру». Қайырымдылық деген не? (оқушылар жауабы тыңдалады)
«Топтастыру».
Достық
Жанашырлық
Қамқорлық
Қайырымдылық
Бауырмалдық
Көмек беру
Мейірімділік

- Қайырымдылық адамдардан басқа тағы нелердің арасында болады? (оқушылар жауабы)
- Жануарлар бір - біріне көмек көрсететін ертегілерді есімізге түсірейікші («Мысық, әтеш және түлкі», «Үйшік»)
- Олай болса, балалар, жануарлардың бір - біріне қалай көмек көрсететіні жайлы білетін боламыз. Ол үшін «Жануарлардың бір - біріне қайырымдылығы» тақырыбын оқиық.
2. Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс жасалады. Ол үшін мәтінді үш бөлікке бөліп, үш топ оқушыларына іштей оқу тапсырылады.
1 - топ. Түлкі, іс - әрекеті.
2 - топ. Арқар, суыр, шақшақайдың достығы.

3 - топ. Риясыз көмек.
Слайдты пайдалана отырып әр топтан бір оқушы шығып, түсінігін айтады.
3. Сөздік жұмыс. (Дәптермен жұмыс) Тұзақ - құс, аң ұстау үшін қылдан есіп жасалатын құрал;
Шақшақай - ақшыл, сұр торғай;
Риясыз - адал
4. Суретпен жұмыс. А) Суыр, арқар және шақшақайдың бір - бірімен тығыз байланыста тіршілік етуі.
Ә) Адам мен жануарлар арасындағы қайырымдылық.
Б) Жануарларды қорғау - басты міндетіміз. Қазақстанның Қызыл кітабында қорғауға алынған жануарлар туралы айтып өту.

5. Деректер мен дәйектер. (слайдта)
Дельфин - сүтқоректі жануар, суда өмір сүреді. 30 - 40 - тан үйір болып жүреді. Суға батқан адамға жәрдем береді. Бір дельфин Жаңа Зеландиядағы теңіз бұғазынан кемелердің өтуіне 30 жылдай көмектескен. Дельфин - достыққа құштар, ойыншыл жануар.
Қарлығаш - еңбеккер құс. Қарлығаш есімді қыздар көп. «Адам үй салуды қарлығаштан, өрмек тоқуды өрмекшіден үйренген» деп, Демократ айтып кеткен. «Қарлығаштың ұясын бұзған адамға қырық түрлі пәле жолығады» деген жорамал бар.
Аққу - көлдің көркі. Аққу жүрген көл таза. Қыз балалар сәнденіп, таза жүруді аққудан үйренген. Аққу туралы қандай қанатты сөздер бар? (Аққуды атпайды, киесі ұрады. Аққумен дос болсаң, жүрген жерің пәк болар.)
Арыстандар. Арыстанның адамға пайдалы жағы бар, ең алдымен олар хайуанаттардың ауру, әлсіздерін жейді. Сондықтан жұқпалы аурулар кең таралып кете алмайды. Қазір арыстанды аулауға тыйым салынған.
6. Шығармашылық тапсырма. Үш топтан үш оқушы шығып, үш түрлі геометриялық фигура таңдап алады. Ол фигураның артында салынған жануарды басқа оқушыларға сипаттап жасырады.

7. Сен білесің бе? (Мақал - мәтелдер)
- Достық, қайырымдылық, мейірімділік туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Біз деген - көмек,
Сіз деген - әдеп.

Қайырымсыз сұңқардан,
Қайырымды тұрымтай артық.

Қайыр қылсаң бүтін қыл.
Ел алғысын алсаң, елеулісі боларсың. Т. б.

ІҮ. Ой қорыту: - Сонымен біз бүгінгі сабақта не білдік? (адамдар ғана емес, жануарлар арасында қайырымдылық барын білдік)
- Енді дұрыс жауапты табыңдар: (тест)
1.. Қанқыздың реңі қандай?
А) сақтандырғыш
ә) бүркеніш
б) қорғаныш

2. Үш дос жануарды ата:
А) түлкі, қоян, қасқыр
ә) аю, жолбарыс, борсық
б) суыр, арқар, шақшақай

3. «Қайырымдылық» сөзіне мағыналас сөзді тап:
А) жауыздық
ә) мейірімділік
б) қатыгездік
«Жануарлар тіршілігі» бөлімі бойынша шолу жасау: (сұрақтар)
1. Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды ата.
2. Көзі жоқ өмірі жарық көрмейтін жануар.
3. Шөлге төзімді жануарлар.
4. Жыртқыштар қорегін қалай аулайды?
5. Көбелектің реңі қандай?
6. Аңдар неге жуынады?
7. Бунақденелілер иісті қандай мүшесімен сезеді?
8. Көбелек тамақтың дәмін қалай сезеді?
9. Құстарға өз тұмсығының маңызы қандай?
10. Өз ұрпағына қамқорлық жасамайтын жануарларды ата.(бунақденелілер, балықтар, бақалар)

Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалу, «Менің үй жануарларымен достығым» тақырыбына эссе жазу.
Сабақты аяқтау. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 955
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сүйемін, өскен Отаным
Сүйемін, өскен Отаным
Өлең мазмұны арқылы көркем әдебиет жанрының бірі лирикалық шығармалардың айтар ойын ұғындыру. М. Мақатаев өмірінен, шығармашылығынан мәліметтер беру. Еліміздің тарихына қысқаша шолу жасау.
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Бастауыш сынып мұғалімі Ермагамбетова Гульжанат Уразбаевна
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Сатпаев қаласындағы №4 мектеп - лицейінде бастауыш сынып мұғалімі Байжан Халқа Қалжігітқызы
Жануарлардың бір - біріне қайырымдылығы
Жануарлардың бір - біріне қайырымдылығы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, № 7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрғалиева Салтанат Әбдірешқызы
Отбасының берекесі
Отбасының берекесі
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Келешова Гульсун Махаммедовна
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек"
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Әсемгүл Тәңірбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×