Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Сөзстан" еліне саяхат

26 наурыз 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Сөзстан» еліне саяхат
Мақсаты:Оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.Ойлана отырып жауабын нақты жеткізіп айта білуге жаттықтыру.
Көрнекілігі: карта, карточкалар т.б. сабаққа қажетті құралдар
Сабақтың жүру тәртібі:Оқушыларды үш топқа бөлу, топ басшысын тағайындау.Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беру.Шешімін дұрыс тапқандарға жауаптарына қарай ұпай есептеледі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:«Сөзстан» атымен өтілгелі отырған сыныптан тыс жұмысымыз қазақ тілінен алған біліміміміздің деңгейі қандай дәрежеде екенін,оны жетік меңгере алғанымызды көрсету үшін өткелі отыр.Сонымен,бәріміз граматиканың қызықтарын тамашалайық.
Әділқазылар белгілеуӘділқазылар өз орындарына отырады.Үш топқа арналған үш кубикте ұпай көрсеткіштері бар
Қызыл түсті жолақ «5» ұпай
Көк түсті жолақ «4»ұпай
Сары түсті «3»ұпай

№ I тапсырма: «Сөзжұмбақ»ойыны (фонетикаға байланысты)
1-топ Бірі айтылады да естіледі,екіншісі жазылады да көрінеді.
Ол не? (Дыбыс пен Әріп)
2-топ. «Ж»-дан басталса,жыл мезгілі, «Қ»-дан бастасаң ол құс атауы болады. Ол не? (Жаз-Қаз)
3-топ. «К»-ден басталсам,маған қарап сабақ айтады,
«П»-дан басталсам,маған балалар жүгін артады. (Карта-Парта)
№II тапсырма: «Адасқан әріптер»
1-топ.Көз түсті.Тырмалар жылы жаққа ұшты. Ешкі егіз бақ тапты
2-топ.Қаздар сынып бөлмесін жуды.Ұл малалар дәлізді жуды.Марат қыныпқа кенді.
3-топ.Күләй кеспе тікті. Құралай құлақ құрады. Жамал сурет қалды.
№III тапсырма Карточкамен жұмыс
1-топ.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, ұқсас буынды сөз құрау,берілген екі әріпті өз орнымен қолдану керек.

... ұ ... ы ...            ... ұ ... ы ...... ұ ... ы ...            ... ұ ... ы ...  


2-топ.Көп нүктенің орнына лайықты әріптер қойып,берілген бір әріпті қатыстыра ұқсас буынды сөз құра.

...   ...     ... м ...  ...         ...   ...     ... м ...  ......   ...     ... м ...  ...         ...   ...     ... м ...  ...


3-топ. «Ғақ» буынына аяқталған 2 буынды сөз ойлап жаз.

... ғақ                ... ғақ... ғақ                ... ғақ


№ IV тапсырма:
Топ басшыларының жарысы
Карточка бойынша тапсырма орындау Бірдей тапсырма беріледі,уақыты,орындалу сапасы,шапшаңдықтары салыстырылады.
1.Берілген сөйлемдердің ішінен жалқы есімдерді ,қатені табу.
Мысық, марат.көкшетау,дәптер,перизат, сырдария,жарас,сұлу-төбе.
2.Мақалдың сыңарын тап.

Отан ...................
Отан ...................
Отан ...................

3. «Алтын асықтай», «Көрсе қызар» берілген сө тіркесінің мағнасын түсіндір.
* Сергіту сәті
V тапсырма:
Орфографиялық жұмбақ.Топтар кезекпен алады.
Тақтада ілінген жапырақшалардағы тапсырмаларды орындау.
Тапсырмалар:
1.Үнемі дауысты дыбыстан соң жазылатын қай әріп?
2.Әріп санымен дыбыс саны сай келмейтін сөз ойлап жазу.
3.Берілген сөздерді ауыстырып сөз ойлап жазу.
Мысық -
Ескек –
Таза –
4.Қарлығаш сөзіндегі әріптерді қолданып ,сөз тауып жаз.
5.Алдынан да артынан да оқығанда шығатын бірдей сөзді тап.
6.Сыпайы сөзіне жуық сөздер тап.

VI тапсырма:
Сюжетті сурет бойынша ат қойып, қысқа әңгіме жазу.
1- топ. Жайлау көрінісі
2- топ. Құстарға ұя жасу
3- топ.Үлкенге көмектесу көрінісі бейнеленген.
VII тапсырма:
Сөйлемде берілген сөз орнына тиісті сурет салып, сөйлемді жазу.
Сурет салу,нақты таба білулерін бақылау, үш топ бірдей орындайды.
Мен бақтан алма тердім. Аулада балалар доп ойнады.Сымбат қарындаш сатып алды.Балалар шана тепті.Сынып бөлмесіне көп гүл әкелді.
VIII тапсырма.
Тіл туралы қанатты сөздердің мазмұнын ашып,мәнін түсіндір.
1- топ.
*Өнер алды - қызыл тіл.
*Қызыл тіл – жанның мияты.
2-топ.
*Тіл қылыштан өткір
*Піл көтермегенді, тіл көтереді.
3-топ.
*Өткірдің жүзі,кестенің бізі.
Өрнегін сендей сала алмас.
IX тапсырма:
Топ жетекшілері өз топтарының сабаққа қатысуы туралы сараптама жасайды.
Х тапсырма:
Қазылардың қорытындысы тыңдалады.
6 452
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Міндеттері: 1.Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру; 2.Сөздік қорын байыту, дүниетанымын дамыту;
Қызықты электр әлеміне саяхат
Қызықты электр әлеміне саяхат
Өндірістік оқыту шебері: Г. Танкаманова
Қызықты информатика
Қызықты информатика
Атырау облысы, Индер ауданы. информатика пәні мұғалімі Оразаева Асем
Тарих әлеміне саяхат
Тарих әлеміне саяхат
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі Шаймерденов Сейтжан Даулетханұлы
Табиғат және біз
Табиғат және біз
Сапина Замарад Койшигалиевна биология пәні мұғалімі Тихонов негізгі жалпы білім беретін мектебі Бөрлі ауданы, БҚО
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен
Физика және экономика пәнінің мұғалімі Муратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×