Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дүниетану пәні

02 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану пәні

Тақырыбы. Отбасы.
Сабақтың мақсаты. 1. Отбасының адам өміріндегі алатын орны.
2. Олардың туыстық жақындығын жете түсіндіру арқылы туыстарға деген қарым - қатынасты дамы - туға, оқушылардың ой - өрісінің дамуына жағдай жасау.
3. Оқушыларға үлкендерді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: топпен жұмыс, топтастыру, жұмбақ шешу.
Сабақтың түрі. Саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, мақал - мәтелдер, қима қағаздар, ұшақ.

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІІ. 1. Жұмбақ шешу.
Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында қаны жоқ.
Май менен су қорегі,
Құстай ұша береді. ( Ұшақ )
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда ұшақ арқылы бірнеше ауылдарға саяхатқа шығамыз. Сондықтан берілетін тапсырмаларды мұқият, зейін қоя отырып орындауларың керек.

2. «Ата» ауылы. Үй тапсырмасын пысықтау.
а) Бал арасы туралы не білеміз?
ә) Қандай қорықтарды білеміз?
б) «Қызыл кітап» туралы не білесіңдер? Қазақстан Республикасында
«Қызыл кітап» қай жылы шықты?
в) Биікке самғап ұшатын құстарды атау.
Ұлар – 4500м
Тырна – 1100м
Шағала – 200м.
Бүркіт – 2100м,
Дуадақ – 1800 - 2000м
г) Қандай қасиетті жануарларды білесіңдер?
д) Жануарлардың адам өміріндегі маңызы туралы мысалдар келтіру.

Үй тапсырмасын жануарлардың топтарын топтастыру арқылы қорыту.
жануарлар
балықтар
бунақденелілер
сүтқоректілер
жорғалаушылар
құстар
қосмекенділер

ІҮ. 1. «Әке» ауылы. Сөзжұмбақ шешу.
а) оқушының еңбегі (оқу)
ә) әдемі, көрікті үй құсы (тауық)
б) ну қамыста жүретін аң (жолбарыс)
в) далада, тау - тауда жүретін жануар (арқар)
г) Секектеп бір тұрмайды,
Өреден құрт ұрлайды. (сауысқан)
д) дауысы мысықтың дауысына ұқсайтын құс (тауыс)

Сөзжұмбақтың шешуі «Отбасы» деген жаңа сабақтың тақырыбы.
2. «Бала» ауылы. «Отан – от басынан басталады» мақалының мағынасын ашу. Отбасының қос тірегі әлпештеген - әке, аялаған – ана туралы оқу - шылардың ойларын тыңдау.

Ү. Сергіту сәті.
ҮІ. «Немере» ауылы.
1. Оқулықпен жұмыс.
2. Сөздік жұмыс: неке, сүйіспеншілік, тіл алғыш
3. «Шөбере» ауылы. Топпен жұмыс.
1 - топ. Отбасын тату - тәтті бірлікте ұстауда кімнің рөлі басым, неге олай ойлайсыңдар?
2 - топ. Отбасына арналған мақал - мәтелдер айту.
3 - топ. «Менің отбасым» шағын эссе жазу.
4. «Немене» ауылы. Дәптермен жұмыс. Қ. Р - ның Конституциясының 27 - ші бабын кітаптан көшіріп жазу.

ҮІІ. «Шөпшек» ауылы. Сабақты қорыту. Венн диаграммасы
Ата - ана мен баланы салыстыр.
Бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
1. Мәтінді оқып, мазмұндау.
2. Ант-ана туралы мақалдар жазып келу.
5 592
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету, сөз мағынасын айыра білуге жаттықтыру;
Ұ дыбысы мен әріпін қайталау
Ұ дыбысы мен әріпін қайталау
Оқушыларды Ұ ұ әрпінің таңбасымен таныстыру, баспаша жазбаша түрін таныту. Дыбыстық фонемалық қызметін модельдеу арқылы өтілген дыбыстарды қатыстырып буын, сөз, сөйлем құрату.
Отбасы
Отбасы
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы, М.Маметова атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Орынтаева Гульзайран Амангельдиновна
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Шығыс Қазақстан облысы, "№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешен"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Кутешова Жадыра Серикалиевна
Отбасының берекесі
Отбасының берекесі
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Келешова Гульсун Махаммедовна
Туған - туысқандар
Туған - туысқандар
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтаева Жанна Тұрланқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×