Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері

03 маусым 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: 1. Үш таңбалы санға жазбаша бөлудің тәсілін үйрету, өрнектер
құрастыру, мәнін табу, есептер шығарту, геометриялық фигуралардың ауданын
табуға есептер шығарту арқылы білімдерін тиянақтау, бекіту.
2. Ауызша, жазбаша есептеу қабілетін, логикалық ойлауын дамыту.
3. Пәнге қызығушылығын арттыру, ата - баба мұраларын құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру
- Саламатсыздар ма, құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болады. Себебі, төртінші сыныптар арасында «Бабалар өсиеті - бізге мұра» тақырыбында апталық өтіп жатыр. Біздің сыныпқа берілген тақырып, бабалардан қалған мұраның бірі - ұлттық тағамдар. Бүгінгі сабақта сол ұлттық тағамдардан дәм тату үшін біздер бүгін тойға барамыз және сабақтың бір ерекшелігі бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр. Сондықтан өздеріміздің білімдерімізді ортаға салайық. Қазақ деген - өте қонақжай халық. Тойға бару үшін жолда бірнеше ауылдарға соғып амандасып кетуіміз керек. Сол ауылдардан өтіп қана отырып, алға қарай жүре аламыз. Барлығымызға сәт - сапар тілей отырып, жолға шығайық!

- Ең бірінші «Амал таңбалары» деген ауылға келдік. Үйге берілген тапсырманы тексеру.№6. 48 - бет
Амал таңбаларын атау. Қандай амал таңбаларын білеміз? Осы амал таңбаларына байланысты бірнеше есептерді ауызша орындап көрейік. №1 есепті орындау
(4600+2400): 7× 5+3560=8560
(3689+1311): 5 × 4+5321=9321
(1150+1250): 6 × 8+6347=9547
Жаңа сабақтың тақырыбын айту және түсіндіру.

Тақтамен жұмыс. Екінші ауыл «Есептер» ауылы деп аталады. Есептер ауылы болғандықтан біздер есептер шығарамыз. Оқулықтағы есепті тақтада шығару, талдау.
4167: 463=9
5256: 584=9
11584: 362=32
65076: 986=66
5274: 586=9
6183: 687=9
36512: 652=56
93765: 987=95
1539: 171=9
1358: 194=7
12152: 124=98
13533: 347=39
- Үшінші ауыл «Өрнектер» ауылы. Өрнек дегеніміз не? №3 өрнекті құрастырып, оның мәнін табу. Жауаптарын тақтадан тексеру.
а) 208 500 - 44 455: 523=200 000
ә) 124 638+80 294+ (9 507 - 9 179)= 205 260
б) 56 058+452×325=202 958
- Төртінші ауыл «Өлшем бірліктері» деп аталады. Өлшем бірліктерінің түрлерін ата. №4 есепті орындау. Бір сөзбен қалай айтуға болады?(масса өлшем бірлігі)
6кг=6 000г
147кг=147 000г
5кг 2г=5 002г
39кг=39 000г
5кг 458г= 5 458г
7кг 4г=7 004г
9кг678г=9678г
5кг 20г=5020г
- Бесінші ауыл «Логикалық есептер» деп аталады. Бұл ауылда біздер сергіп алайық. Ол үшін бірнеше логикалық есептерді шығарып көрейік.
- Бір аяғымен тұрған әтештің салмағы үш кг. Егер екі аяғымен тұрса, оның салмағы неше килограмм болады?
- Бір адамға күніне жиырма грамм тұз қажет. Бір килограмм тұз неше күнге жетеді?
- Екі апа, екі қыз, бір әже нан илеп отыр. Олар үш табақ нан иледі. Неше адам нан иледі?
- Оқулықтағы №5 тапсырманы орындау. Әр қатарға бір - бір тапсырмадан беріледі. Есептің берілгені оқылады, жалпы есеп не туралы айтылған? Осы есепте қандай тағам түрлері берілген? Не белгілі? Не белгісіз? Есептің шартын тақтадан көрсетіп, шешуін және жауабын шығару.
а) Жұмсалды - 6 күнде - 4кг500г
Қалды - 32 кг
Әкелінді -?
Шешуі: 4 500 × 6+32=27 032
Жауабы: 27 032 кг күріш әкелді.

ә) Орамжапырақ қосылған - 85 бәліш, 2есе кем
Күріш қосылған -?, ----------------------? артық
Шешуі: 85× 2 - 85 = 85
Жауабы: 85 бәліш артық

б) Ұн қапшық - 17 дана - 34 кг -------↓
Күріш қапшық – 25 дана – 75 кг? ауыр
Шешуі: 34: 17=2 75: 25=3 3 - 2 = 1
Жауабы: 1 кг ауыр

Алтыншы ауыл «Геометриялық фигуралар» деп аталады.
- Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? Геометриялық фигураларды ата.
- Тік тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
- Параллелепипедтің көлемін қалай табамыз?
№ 6 тапсырманың берілгенін оқыту, теңдеу құру.
А) а=14 дм
S= 126 дм2
14×в = 126
в= 9дм
Ә) Р = (9 +14) ×2 =46 (дм)

- Жетінші ауыл «Теңдеу» деп аталады. Теңдеу дегеніміз неше? Теңдеуді алғаш қолданған Әл - Хорезми деген ортаазиялық ғалым - математик. Ол теңдеуді шешудің 2 жолын ұсынған: әл - мукабала және әл - джебір сөзінен келе «алгебра» сөзі пайда болған. Демек, теңдеу - алгебраның бастамасы екен. Енді, оқулықтағы №7 тапсырмадағы теңдеуге қарайық. Бұл қандай теңдеу? (күрделі теңдеу)

Қорытындылау.
- Балалар, біздер той болып жатқан ауылға жақындап қалдық. Тойға бармастан бұрын, өткен жолымызды қорытындылап кетейік. Не үйрендік? Не білдік? Осы тапсырмаларды орындауға кімдер көмектесті? Мадақтау, бағалау. Үйге тапсырма.
Сабақтың соңында оқушыларға және келген қонақтарға дәмді тағамдар таратылып беріледі.
11 930
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
43∙2, 143∙2 түріндегі жазбаша көбейту тәсілі
43∙2, 143∙2 түріндегі жазбаша көбейту тәсілі
Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша баған түрінде көбейту тәсілін үйрету;
Үштаңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Үштаңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Үш таңбалы санға жазбаша бөлудің тәсілін үйрету, өрнектер құрастыру, мәнін табу, есептер шығарту, геометриялық фигуралардың ауданын табуға есептер шығарту арқылы білімдерін тиянақтау, бекіту.
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Не білу керек: бөлінді, көбейткіш пен бөлінгіште нөл болған жағдайда екі таңбалы санға бөлуді және көбейтуді білу; Не істей білу керек: есептеуде жазбаша тәсілдерді қолдана білу;
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілін тиянақтау; 2) есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту;
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×