Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Аққу, Шортан Һәм Шаян" Ахмет Байтұрсынов

27 шілде 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 4 класс
Сабақтың тақырыбы: Аққу, Шортан Һәм Шаян (И. А. Крыловтан) Ахмет Байтұрсынов
Мақсаты:
1. Оқушыларға қазақтың дарын ақыны, көрнекті қайраткері, Ахмет Байтұрсынов өмірінен мәлімет беру. И. А. Крыловтан аударған аудармасы «Аққу, Шртан Һәм Шаян» мысалының мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыр
2. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, өз ойларын, пікірін еркін айтуға, өз көзқарасын дәлелдей білуге машықтандыру.
3. Балаларды ынтымақшыл, бірлікті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Көрнекілік: А. Байтұрсынов портреті, «Аққу, Шортан Һәм Шаянның « бейнелі суреті, интерактивті тақта.
Әдіс - тәсіл: дамыта оқыту технологиясы, СТО технология стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, ән.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру: бүгінгі күн – жұма. Жұма – қасиетті де, қадірлі күн. Күн сәттілік тілейді.
Қызығушылығын ояту. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Білген сайын келеді біле бергім.
Біле беру емес пе, тілегі елдің,
Белден ассаң, алдында бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің
Сондықтан да келеді біле бергім, - дей отырып сабағымызды бастаймыз.
- Балалар, «Қайталау – білім анасы» айдарымен өткенді еске түсірейік.

1 сұрақ. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
• Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады.
2 сұрақ. Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жататынын білесің бе?

Ертегі

Жұмбақ
Аңыз
Айтыс
Батырлар жыры
Жаңылтпаш
Мақал - мәтел

3 сұрақ. Ертегі дегеніміз не?
• Ертегілер халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып есептеледі. «Ертегі» деген аты ертедегі, ерте кездегі деген сөздерден туған.
4 сұрақ. Ертегінің қандай түрлері болатынын білесің бе?
• Шыншыл, қиял - ғажайып, жан - жануарлар жайындағы ертегілер.
5 сұрақ. Аңыз дегеніміз не?
• Аңыз көбінесе тарихта болған адамның басына құралатын шығарма.
6 сұрақ. Батырлар жыры дегеніміз не?
• Батырлар жыры – еліміз бен жерімізді сыртқы жаудан қорғап қалған ержүрек батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі.
7 сұрақ. Мақал - мәтел деген не?
• Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін болады. Дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырады. Мәтелде ой тікелей білдірілмей, тұспалдап, жанамалап айтылады.
8 сұрақ. Жаңылтпаш деген не?
• Жаңылтпаштың өзі сөзбен жаңылту немесе сөзден жаңылу дегеннен шыққан. Жаңылтпаш – ел ішінде ескіден сақталып келе жатқан халық шығармасы.
9 сұрақ. Айтыс дегеніміз не?
• Айтыс – халық ауыз әдебиетінің бір түрі.
Айтыс дегеніміз екі ақынның арасындағы сөз жарысы.
Жұмбақ деген не?
• Жұмбақ – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері.
• Жаңа жұмбақтың құпиясы.
Жұмбақ шешу.
1. Қол бетінде қалқиды,
Мақта сынды үйілген.
Үні әсем сан қилы.
Мойны да әйбат иілген,
Мамығын ол тарайды,
Маңғаздана қарайды.
- Ол не? Аққу. (Аққудың суретін көрсету).

2. Қомағайлық жасайды,
Шабақтарды асайды.
- Ол не? Шортан.
(Шортан суретін көрсету).
3. Мойны ұзын,
Жұқалтаң қабақты
Тірсегі ұзын,
Қоян тобықты.
Іс тікпейді, бірақ.
Тастамайды бізін,
Білесің бе мақұлықты?
- Ол не? Шаян. (Шаян суретін көрсету).
Аққу, Шортан, Шаян туралы не білесіңдер?
Топтастыру.
1 топ --- Аққу
2 топ --- Шортан
3 топ --- Шаян

Мағынаны тану. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау.
Аққу, Шортан Һәм Шаян. (И. А. Крыловтан) Ахмет Байтұрсынов.
Дәптерге күннің жадын жазып, тақырыбын жазу.
Білгенге – маржан.
1 топ. Ахмет Байтұрсынов туралы не білесің?
2 топ. Шығармалар мұрасы.
3 топ. Өлеңдерін жатқа айт.
Мысал деген не?
• Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады.
Орыс ақыны И. А. Крыловтың мысалдарын Ахмет Байтұрсынұлы аударып «Қырық мысал» деген атпен кітап етіп шығарған (1909 ж. Петербург қаласында).
Мәнерлеп оқу.
Сөздік жұмысы
Һәм және
Ғибрат үлгі.
Талдау – табыс кілті.
1. Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды?
2. Олар жүкті неге орнынан қозғалта алмады?
3. Мысалда адамдардың қандай әрекеті сыналады?
4. Мысалдағы негізгі ой не?
Дәптермен жұмыс.
Мысалдағы негізгі ой ашылатын жолды тауып дәптеріңе жазып ал.
Ой толғаныс.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.
Бұл үшеуінің аққу, шортан, шаянның бірліксіз тірлік жасағаны ұнамады.
Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады.
Бәрі бірге бірлесіп тірлік жасау керек еді. Бірлік түбі – береке.

1. Қорыту. Өтілген бұл мысалдың мазмұнына қандай мақалдар сәйкес келеді.
Үйге: Аққу, Шортан Һәм Шаян. Оқу.
Бағалау. Топты бағалау. Жеке оқушыларды бағалау.
Ән: Дос болайық бәріміз!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 806
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
А. Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян
А. Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян
Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыру. Мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру.
Ахмет Байтұрсынов, Аққу, шортан һәм шаян
Ахмет Байтұрсынов, Аққу, шортан һәм шаян
Өлеңдегі негізі ойды оқушының өзіне таптырып, ойларын өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Оқушыларды бірлік, ынтымақтастық секілді жақсы әдеттерді үйреніп, осы мысал мазмұны арқылы жаманнан жирендіруге тәрбиелеу.
Ахмет Байтұрсынов "Аққу, шортан һәм шаян"
Ахмет Байтұрсынов "Аққу, шортан һәм шаян"
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құланды ауылы, Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Диханова Райхан Ахытқызы
Ахмет Байтұрсынұлы «Аққу, Шортан һәм Шаян»
Ахмет Байтұрсынұлы «Аққу, Шортан һәм Шаян»
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәуітова Гүлзада
Аққу, Шортан һәм Шаян
Аққу, Шортан һәм Шаян
Бастауыш сынып мұғалімі: Оңалбаева Меруерт Қожантайқызы
Мысалдар. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы
Мысалдар. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 лицей - мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×