Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ахмет Байтұрсынов "Аққу, шортан һәм шаян"

19 мам 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Құланды ауылы, Құланды орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Диханова Райхан Ахытқызы

Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынов Аққу, шортан һәм шаян
Мақсаты: Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыра отырып, Мысал жанры туралы түсінік беру; оқушының ауызша сөйлеуін, мәнерлеп, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту;
Күтілетін нәтиже: Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын айқындай алады, ынтымақтастықта, бірлікте жұмыс жасай алады.
Сабақтың жабдығы: Плакат, стикер, маркер, карандаш, кетіргіш, т. б..
Сабақтың түрі: Жаңа білім игеру.

Психологиялық ахуал
Өнер де, ой да, білім де,
Өркендер ана тілінде.
Ананың тілін сүйгендер,
Саналы білім үйренер.
Оқушылар хормен:
Алу үшін білім,
Ардақтаймыз ана тілін!

Балалар топқа бөлінеді. Топқа бөлу шарты: Қағазға салынған Аққудың, Шортанның, Шаянның суреттері таратылады. Сол сурет бойынша аққулар бір топқа, шортандар бір топқа, шаяндар бір топқа бірігеді.

Үй тапсырмасын сұрау
Ой толғаныс
« Қауын мен Қарбыз»
• мазмұнын айту,
Венн жүйесі бойынша қорытындылау.
Бейне ролик көрсету.
Қандай ой түйдіңдер? Оқушылар өз ойларын айтады.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда біз аққу, шортан, шаян жайлы мағлұмат алатын боламыз. А. Байтұрсынұлының өмірбаянымен және «Аққу, шортан, һәм шаян» атты мысалмен танысамыз.
Оқушыларға алдын ала әр түрлі үй тапсырмалары берілген, олар әрқайсысы өз сұрақтары жөнінде ізденіп, оны тірек - сызбалары арқылы салып, соған жазып түсіндіруі керек.
1 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі.
2 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары.
3 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері.
Топ оқушылары бір - бірден шығып тапсырмаларын қорғап, Ахмет Байтұрсынұлы жайында мағлұмат береді.(кластер арқылы)

Мағынаны тану
Ахмет Байтұрсынов - (1873 - 1938)- көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақтың ұлы ағартушысы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы және зерттеуші, оқулықтар мен оқу құралдарының, авторы.
Иван Андреевич Крылов (1769 - 1844)- орыс жазушысы драматург, көрнекті мысалшы ақын. Мысал жанрында орыс әдебиетін жаңа сатыға көтеріп, әлемге есімі танылды

А. Байтұрсынұлы орыс халқының атақты мысалшысы И. А. Крыловтың мысалдарын аударған. Сол аударған мысалдарын «Қырық мысал» деген атпен кітап етіп шығарады. Соның бірі - бүгінгі «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалы.
Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Мұндай шығармада өсімдіктер, жануарлар және құстар кейіпкер етіп алынады.

V. «Ой қозғау»
Әр топ өз тапсырмасын тақтаға шығып қорғайды.(постер)
1 - топ: Аққу қандай құс?
- Аққу – сұлу, нәзік, өте сезімтал, сақ құс. Ол көлде сырғып жүзеді. Аққу қамыстың ішіне ұя салады. Оның өзгеше сұңқылдаған дауысы бар. Аққулар табиғаттың аса ғажап, сирек кездесетін туындысы. Біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған.
2 - топ: Шортан қандай балық?
- Шортан - ірі жыртқыш балық. Қазақстанның барлық табиғи су айдындарында кездеседі. Дене пішіні жебе тәрізді, басы жалпақ, түсі тіршілік ететін ортасына байланысты құбылып отырады. Қорегін шөп арасында жасырынып тұрып, атылып барып ұстайды. Дәмі, еті үшін көп ауланады.
3 - топ: Шаян жайлы не білесіңдер?
- Шаян - қысқа құйрықты, басы кішкентай, мұрттары қысқа. 4000 - нан астам түрлері бар. Олар теңіз, тұщы су қоймаларында және құрғақта өмір сүреді. Олар өлексе және омыртқасыздармен қоректенеді.
Оқулықпен жұмыс.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Оқушыларға оқыту
3. «Аққу, шортан, шаян суреттері салынған сюжет бойынша әңгімелеу.
Сұрақтар:
1 - топқа: Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды?
2 - топқа: Олар жүкті неге орнынан қозғалта алмады?
3 - топқа: Мысал бізді неге шақырады?
Сөздік жұмысы.
Ғибрат - үлгі, тәрбие, өнеге.
Һәм – және

Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық,
Қане қанат жазайық.
Аққу болып ұшайық,
Көлде жүзген балықтай,
Жүзіп, жүзіп алайық.
Шығармашылық жұмыс.
І топ. «Аққулар»
- А. Байтұрсынұлының түйінді ойы қай жерде жазылған?
- Бұл мысал бізді неге шақырады?
ІІ топ. «Шаяндар»
«Бірлік, ынтымақ» туралы білетін мақалдар жазу.
ІІІ топ. «Шортандар»
Осы мысалды сахналық қойылым ретінде дайындайды
Бұл тапсырмада балалар алдын ала мысалды диалогке айналдырады.
Мысалы, автор «Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген арба тауып алып, қатты қуанышқа кенеледі.
Аққу айтады: - Достар, келіңдер мына арбаны әуеге тартып шығарайық,
Шортан айтады:
- Мұны көлге апарайық,- дейді.
Шаян айтады:
- Жоқ онан да мұны құмға апарайық.
Автор:
- Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды
Осылайша балалардың әрқайсысы өз ойларын айтып, мысалды әр түрлі импровизация жасайды.

ІХ. Қорытынды:
- Әр топ өзінің атауына байланысты 5 жолды өлең құрайды. «Аққу», «Шортан», «Шаян».
Мысалды мәнерлеп оқып, түсініп келу.
Кейіпкерлердің суреттерін салып, әрқайсысына мінездеме жазу

Не үйрендік? Не білдік?
Үйге тапсырма
Бағалау
Кері байланыс

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 697
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
А. Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян
А. Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян
Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыру. Мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру.
Ахмет Байтұрсынов, Аққу, шортан һәм шаян
Ахмет Байтұрсынов, Аққу, шортан һәм шаян
Өлеңдегі негізі ойды оқушының өзіне таптырып, ойларын өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Оқушыларды бірлік, ынтымақтастық секілді жақсы әдеттерді үйреніп, осы мысал мазмұны арқылы жаманнан жирендіруге тәрбиелеу.
Ахмет Байтұрсынұлы «Аққу, Шортан һәм Шаян»
Ахмет Байтұрсынұлы «Аққу, Шортан һәм Шаян»
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәуітова Гүлзада
Аққу, Шортан һәм Шаян
Аққу, Шортан һәм Шаян
Бастауыш сынып мұғалімі: Оңалбаева Меруерт Қожантайқызы
Мысалдар. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы
Мысалдар. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 лицей - мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы
Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы
Атырау қаласы, Геолог селосы, Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Булекбаева Гүлшара Молдабайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×