Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құштарлық

17 қараша 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
3 сынып. Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Құштарлық
Мақсаты: 1. Мәтін мазмұнымен таныстыру. Мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Ж. Аймауытов туралы мағлұмат беру. Табиғаттың адам өміріне, жан - жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру.
2. Оқиғаны елестетіп, жүрекпен жете сезіну қабілетін және өзіндік ойын айтып, жеткізу мүмкіндігін дамыту.
3. Қоршаған ортаны сақтауға, «кітап - білімнің қайнар көзі» дегенді түсіндіре отырып, оқулықты күтіп ұстауға тәрбиелеу, білімпаз болуға баулу. Оқушыларды ізденуге жетелеу. Жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, түртіп алау стратегиясы
Көрнекілік: Ж. Аймауытов суреті, әңгіме желісіне салынған суреттер, мақал - мәтел жазылған плакат.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды әдебиеттік оқу сабағына даярлау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өлеңді мәнерлеп оқу. Тіл туралы мақалдар айтқызу.
Шумақтап оқу, тұтас оқу.

III. Жаңа сабақ
Психологиялық дайындық.
Көп әңгіме, өлеңім,
Күнде ақыл беремін
Жақсы көрсе мені кім
Мен де жақсы көремін

а) қызығушылығын ояту
Тақтадан Ж. Аймауытовтың суретін көрсете отырып түсіндіру.
Оқушылардан өздеріне қандай ой келгенін сұрау. Автор туралы ойларын тыңдау.
Үлкен кісі, ақылды, ойланып отыр, ақын, жазушы.
- Ж. Аймауытов (1889 - 1931) – аса көрнекті қазақ жазушысы. Көптеген тартымды әңгімелері мен «Күнкейдің жазығы» атты тамаша повесть, қазақ әдебиетіндегі шын мәніндегі тұңғыш романдары болып табылатын «Ақбілек», «Қартқожа» сияқты көркем шығармалары бар.
ә) Ой толғау.
- оқулық (кітап) туралы не білесіңдер? (кестені толтыру)
Нені білемін?
Кітап:
Зат. Ақ қағаздан жасалады. Түрлері өте көп. Кітап біздің досымыз. Күтіп ұстау керек.
Не білгім келеді?
Ескірген, жыртылған оқулықтарды не істейді?
Не үйрендім?
Ескірген кітап, оқулықтарды қайтадан өңдеп, ақ қағаз жасап шығарады
- Дұрыс. Кітап туралы біраз мағлұмат біледі екенсіңдер. Ал енді не білгілерің келеді?
Кітап, оқулық туралы білімдері толықтырылады.
- Кітап - баспада дайындалып, баспаханадан басылып шығарылған мәдени рухани қазына. Ал осы кітапты жасау үшін орманнан қаншама ағаш кесіледі. Яғни қағаз ағаштан алынады. Жыл сайын кесілген ағаштардың орнына жаңадан ағаштар отырғызылады. Адамдар ескірген кітап, журнал, газет, дәптерлерді фабрикаларға қайтадан өткізеді. Фабрикада оларды өңдеп, қайтадан қағаз жасайды. Ол қағаздардан баспаханаларда қайтадан кітап басып шығарады.
Оқушылар түсінгендерін баяндайды. Олардың айтқандарын қысқаша түрде кестедегі үшінші бағанға жазу.
- Міне, балалар, біз кітап туралы көп білдік. Ондай болса кітапты боямай, жыртпай ұстауымыз керек. Себебі сол кітап арқылы біз сауатты болып, хат танимыз, білім аламыз.
Енді автордың «Құштарлық» әңгімесін оқып, таныстыру.

ә) Мәтінді жартылай оқып беру, түртіп ал стратегиясын қолдану.
Мәтінді жартылай оқудағы мақсат - Қартқожаның кітапты оқуда немен аяқталғанын оқушыларға жалғастыру. Мәтінді оқу барысында оқушылар қолдарына қарындаш алып, сөз тіркестерін, мағынасы түсініксіз сөздерді белгілейді.
Сергіту сәті
Анашымдай сыр шерткен
Ақыл білім үйреткен
Ана тілін оқимыз
Ерекше бір құрметпен!
Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмысын жүргізу, жазып алу.
Қаңтарып тұсау - аттың басын көтере байлау
Көзін қадау - қадала қарау, көздерге анықтап қарау.
Иегін созды - иегін алға қарай созу

IV. Жаңа тақырыпты бекіту.
1. Қартқожа туралы не білеміз?
Қартқожа

Ізденімпаз
Ынталы
Оқуды аңсайды
Сыпайы
Еңбекқор
Еңбексүйгіш
Өз ісіне тиянақты

- Қартқожаны не нәрсе қуантты?
- Қартқожа өзіне қандай уәде берді?
V. бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.
2. Мәтін мазмұнына сай мақалдар жинау.
7 102
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспарлары
Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспарлары
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ №1. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық №2. Тақырыбы: Малды пайдаға жарату № 3. Тақырыбы: Мектеп біздің анамыз. Ыстық қой, шіркін, туған жер
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Табиғаттың адам өміріне, жан - жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.
Ақ қыс
Ақ қыс
Мәтін мазмұнымен таныса отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ашу, жүйелі сөйлеуге үйрету. Оқушыны ізденуге жетелеу. Жауапкершілікті сезінетін өнерлі тұлғаны тәрбиелеу.
Ағайынбыз бәріміз. Тасымал
Ағайынбыз бәріміз. Тасымал
Сабақтың тақырыбы: Ағайынбыз бәріміз. Тасымал.
Мұхтар Әуезов "Жетім"
Мұхтар Әуезов "Жетім"
Атырау қаласы, Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Эльмира Қадірліқызы
Жүсіпбек Аймауытов «Құштарлық»
Жүсіпбек Аймауытов «Құштарлық»
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Рахманова Қасиет Байдашқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×