Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім алдым өзіңнен, аяулы менің мектебім!

23 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Білім алдым өзіңнен, аяулы менің мектебім!
Сабақтың мақсаты: Мектептің тарихымен таныстыра отырып, білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті, яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата – анасының, Отанының адал ұл – қызы болуына жетелеу, тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтан көрсетілетін суреттер. Тақтаға жазылған тақырып.
Сабақтың жүрісі
- Сәлеметсіздер ме, балалар?! Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар!
- Ақтарған сәтте сарғайған тарих беттерін,
Сезіндім мен де өткен күндердің көктемін.
Жатырқамастан жаныма жылу сепкенің,
Жүрегі дархан, мерейлі менің мектебім!
Республикаға үздік танылған мектебі ең,
Ұрпаққа тарих болады сенің өткенің.
Жетпіс жылда жеті өткелді өткердің,

- Құтты болсын 70 жылдық мерекең! - деп бүгінгі біздің «Білім алдым өзіңнен, аяулы менің мектебім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
- Балалар, біз 1 - қыркүйекте қайда келдік?
- Мектепке
- Дұрыс – ақ, Мектеп біз қандай мақсатпен келдік?
- Білім алу үшін.
- Біздің мектебімізге кімнің аты берілген?
- Маршал Әбдіхалықов мектебі
- Ендеше балалар, биыл біздің білім ордамызға 70 жыл толып отыр. 1943 жылдан бері өз жұмысын жалғастырып келеді. Мектеп алғашында 4 жылдық бастауыш мектеп болып қаланып, әр сыныпта 4 - 5 баладан болды. 1957 жылы сегізжылдық мектеп болып өзгертіліп, 1959 жылы Шәбден Ералиев атағы берілді. 1965 жылы Шәбден Ералиев атындағы орта мектеп болып өзгертілді. ҚР Министрлер Кабинетінің 12 мамыр 1993 жылы №383 Қаулысымен Маңғыстау облысы Форт - Шевченко қаласындағы Ақшұқыр селосындағы орта мектепке белгілі жазушы, драматург, аудармашы - Маршал Әбдіхалықов есімі берілді. Содан бері мектеп М. Әбдіхалықов есімімен аталып келеді.

- Ендеше балалар, бүгінгі біздің осы тақырыбымыз бойынша білімдерімізді ортаға салып, сайысқа түсеміз. М. Әбдіхалықов атындағы орта мектеп электронды оқыту жүйесі жобасына енгізіліп, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілу үстінде екен.

Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру
2. Білімді бірді жығады, білекті бірді жығады. Сұрақ - жауап
3. Ұйқасын тап. Берілген өлең жолына ұйқас құрау
4. Қабырға газетін қорғау.
5. Мақал - сөздің мәйегі. Мектеп, ұстаз туралы айту.
6. Мәнерлеп өлең оқу. Мектеп туралы
7. Егер мен болсам..... фустер қорғау
Әр екі кезеңнен кейін, әр топ өзіне артық ұпай жинау үшін, әуен тыңдап, қай өлең екенін табу.
- Ендеше сайысымызды бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен танысып алайық (Әділқазылар алқасымен таныстыру)
- Ендеше балалар, сайысымыздың бірінші кезеңіне тоқталайық. Әр топ мүшелерімен, топтың атымен таныстырып шықсын.
- Келесі кезеңіміз Білімді бірді, білекті мыңды жығады деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылып сол сұраққа жауап аламыз

Сұрақтар:
1. Мектебіміз қай жылы ашылды?
2. Мектебімізге ең бірінші кімнің есімі берілді?
3. Мектептің табалдырығын ең бірінші болып аттаған шәкірт кім?
4. Мектебіміз қандай атақтарға ие?
5. Мектепке басшылық еткен кімдерді білесіңдер?
6. Мектептің алғашқы ұстазы кім?
7. М. Әбдіхалықов кім?
8. М. Әбдіхалықов есімі мектебімізге қай жылы берілді?
9. Қазір мектепке кім басшылық етіп отыр?
10. М. Әбдіхалықоа атындағы мектеп қайда орналасқан?
11. Мектебімізден шыққан қандай танымалы адамдарды білеміз?

3 - кезең: Ұйқасын тап. Берілген өлең жолына ұйқас құрау
1 - топ:
Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп сая болған.
2 - топ:
Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
3 - топ:
Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз,
- Енді әр топ өте мұқият тыңдап отырыңдар, әуен жіберіледі, сол әуенді тапқан топ, өздеріне 2 ұпай иеленуге мүмкіндік бар?
1. Қабырға газетін қорғау.
2. Мақал - сөздің мәйегі. Мектеп, ұстаз туралы айту.
- Енді әр топ өте мұқият тыңдап отырыңдар, әуен жіберіледі, сол әуенді тапқан топ, өздеріне 2 ұпай иеленуге мүмкіндік бар

1. Мәнерлеп өлең оқу. Мектеп туралы
2. Егер мен болсам..... фустер қорғау

- Әділқазыларға сөз кезегін береміз.
- Сонымен балалар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай?
- Сонда бізге мектеп не үшін керек? Оқушылар мектепке тілектерін айту.
- Менде мектебіміздің әлі талай жетістіктерге жететіне сенімім мол. Сол жетістіктерге көтеретін сендер. Жетістікке жету үшін білім керек. Сабақты жақсы бағаға оқып, мектептің болашағын өркендететін азаматтар мен азаматшалар болуларыңа тілектеспін!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 402
0
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Бастауышым - балбұлағым
Бастауышым - балбұлағым
Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, білімді болуға шақыру.
Қош бол, бастауыш
Қош бол, бастауыш
Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныстыра отырып, сәт – сапар тілеу.
Қош бол, Бастауыш!
Қош бол, Бастауыш!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған
Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды елді мекені, №60 Ж. Түменбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Изкенова Маншук Боранбайқызы
Бастауыш сыныппен қоштасу
Бастауыш сыныппен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Бастауышым – бақытты шағым!
Бастауышым – бақытты шағым!
Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×